
Қазақстандағы экстремалды демалыс: ерекше әсерге бөлейтін жерлер
Экстрим – бұл «американдық төбешік» пен аттракционнан кейін бұзылып кеткен бет-әлпеттің фотосуреті деп саналады. Алайда сіз жоғары-төмен лақтырғанды, айналдырғанды, әрі тынысыңыздың тарылғанын ұнатсаңыз, бұл мектеп оқушыларының айқайын тыңдап, тәтті мақтаны сатып алу кезегінде тұратындай себеп емес. Тот басқан құрылымдардың орнына, қарлы шыңдар, тік жартастар мен тура өзіңізге деген сенімділігіңіз іспетті салқын көлдер сыйлайтын адреналинді байқап көріңіз. Лайқос нағыз адреналиннің шығарылуын қамтамасыз ететін шытырман оқиғаларды іздеп жүрген жандарға күллі Қазақстан бойынша қажетті орындар топтамасын жинады.
Экстремалды демалыстың танымал түрлері
- Парашютпен секіру – еркін құлаудың қысқа фазасы бар шамамен 4 км биіктіктен секіру.
- Роупджампинг – маятник тербелісі бар альпинист арқанымен көпір немесе жартастан секіру.
- Параплан / дельтапланмен ұшу – жұмсақ қанат немесе планерді қолдана отырып, тау беткейінен ұшу.
- Сноубординг пен фрирайд – трассалардан тыс тың және жабайы тау беткейлерінде сырғанау.
- Маунтинбайк – ойлы-қырлы жерлер, тастар мен соқпақтарда велосипедпен жылдам жүру.
- Дайвинг – су астында аквалангпен жүзу.
- Вейкбординг – катер немесе шығырдың артында тақтамен сырғанау.
- Тау өзендерінің бойымен SUP-жүзу – тақтаның үстінде ескекпен тұрып жүзу, су ағыны экстримді қосады.
Қазақстанның қай жерлерінде экстремалды демалуға болады
Алматы
- Gorilla Energy Paaark – SUNQAR трамплиндер кешенінің аумағындағы экстрим-парк: биіктігі 45 метрлік мұнарадан секіру мен зиплайнмен шапшаң түсу.
- Gagarin Wake Park – Первомайский тоғандарындағы вейкбординг пен SUP-тақталар, барлығы судағы арқан қондырғысына орналасқан.
- Baggydromkz – жолсыз жерлерде баггимен жүру, әуе шарымен ұшу және ұшақты сынамалық басқару.
- FlyDreamkz – Үшқоңыр тау бөктерінің әсемдігін тамашалап, нұсқаушымен бірге әуеде парапланмен қалықтау.
- Қазақстан Рафтинг Федерациясы – Шелек, Іле немесе Түрген өзендері бойымен жүзу, нұсқаушының ілесіп жүруі мен жабдықтау қамтылған.
Ақтау
- Парапланер клубы Каспийдің көрікті жағалауы үстінде нұсқаушымен бірге ұшуды ұсынады.
- Aktau Surfing – Қазақстандағы алғашқы серфинг мектебі. SUP пен серфингті меңгеруді үйретеді, Каспий бойынша турларды өткізеді.
- «Тайфун» дайвинг орталығы – судың астында жүзуді үйрететін әрі Каспий теңізі бойынша дайв-турларды өткізетін дайвинг орталығы.
Өскемен
- «Сибин» дайвинг орталығы Өскеменнен 70 шақырым жердегі Сибин көлдерінде орналасқан – ашық суда су астына батуға арналған тамаша орын.
Астана
- Парашют спорты федерациясы – 4000 метр биіктіктен нұсқаушымен бірге секіру, үйрету және тәжірибесі барлар үшін өз бетімен секіру.
Бұлттар арасында қалықтау мүмкіндігі астанада ғана бар деп кім айтты? Алматы, Қарағанды, Балқаш, Павлодар, Шымкент пен Орал – бұл қалаларда ниет білдіргендердің барлығына арнап парашютпен секіруді үйрету тұрақты түрде өткізіліп отырады. Нұсқаушылар, құрал-жабдықтар пен 4000 метр биіктік қоса беріледі. Байланыс нөмірлерін мына жерден таба аласыздар.
Қорытынды
Егер сіз Қазақстандағы экстрим – бұл ең көп дегенде Бурабайдағы «бананмен» сырғанау деп ойласаңыз, онда көкжиекті кеңейтетін кез жетті деген сөз. Бұл жерде соқпақтармен жылдам жүру, тереңдікке сүңгу, тау шатқалдары үстімен ұшу және сарқыраған өзен бойымен ескек есуге болады. Адреналин – бұл шетелде емес. Ол дәл осы жерде, қалаңыздан небәрі бір-екі сағаттық жерде орналасқан.