2025 жылда Алматы облысындағы балық аулауға арналған үздік орындар

Алматыда балық аулауға қолайлы жерлер: маусымды ашамыз

Алматы маңындағы балық аулау маусымы ресми түрде ашылды – қармақтар әлдеқашан талап әкетілген, жем сатып алынған, маршрут салынған. Енді тек баратын жерді таңдау ғана қалып отыр. Лайқос әшейін көлге қармақ салып қана қоймай, сондай-ақ шын мәнісінде уақытты жақсы өткізуге болатын сегіз орынды ұсынады: балық түсімі, ыңғайлылық әрі әдемі көріністер баршылық.

Қапшағай су қоймасы

Алматыдан ~70 шақырым жерде

Бұл жерде жайын, көксерке, сазан, тұқы, дөңмаңдай және тіпті шортанды да аулауға болады. Жағалаулар әртүрлі – самалжайлары мен мангалдары бар ақылы балық аулау базаларынан бастап шатыр орнатып, жабайы балық аулауға дейін ұсынылады.

Кеңес: жаз мезгілінде су тез жылиды да, балық тереңдікке кетіп қалады – өзіңізбен бірге қайық немесе эхолотты алғаныңыз абзал.

Ұзынқара (Талғар ауылының жанындағы көл)

Алматыдан ~35 км шақырым жерде

Жып-жинақы аумағы мен жақсы инфрақұрылымы бар ақылы шағын көл: бастырма, мангал аймақтары, балық аулауға арналған құрал-саймандарды жалға алу. Жаңадан бастап келе жатқан балықшылар, балалы отбасылар мен балықты міндетті түрде қармаққа түсіруді қалайтындарға өте қолайлы жер.

Қандай балық қабады: тұқы, амур, бақтақ, бекіре (кейде шығарылады).

Балқаш

⛳ Алматыдан ~350 шақырым жерде

Иә, жол алыс болғанымен, сапардан алатын әсерлеріңіз – өмір бойына жететіні сөзсіз. Бұл жерде көксерке, сазан, ақбалық, тұқы, алабұғаны аулай аласыз. Адамдардың көбі балық аулау мен табиғат аясындағы демалысты біріктіре отырып, мұнда 2-3 күнге келеді.

Лайфхак: балық ең көп ұсталатын жерлер – көлдің батыс жағына жақынырақ орналасқан (Приозерск ауданы).

Іле өзені

Алматыдан ~100 шақырым жерде

Спининг және түпті қармақпен балық аулауға арналған тамаша орын. Мұнда жайын, көксерке, сазан, алабұға балығы кездеседі. Жағалау бойындағы жерлер – айтарлықтай қолжетімді, балықшылардың көбі тікелей жағадан немесе резеңке қайықтарда отырып, балық аулайды.

Ақши қонысы

⛳ Құлжа тас жолының 79-шы шақырымы (Алматыдан ~50 шақырым жерде)
Айналасында жып-жинақы аумағы бар өте жайлы ақылы көл. Пирстер, самалжайлар, мангалдар, әрі құрал-саймандарды жалға алу қызметі бар – барлығы да босаңсу мен балық аулаудан ләззатқа бөлену үшін ұйымдастырылған. Бұл жерде ірі балық мекендейді: нағыз трофейлік тұқы немесе бекірені ұстай аласыз.

Қандай балық ауланады: тұқы, сазан, ақ амур, құбылмалы бақтақ, сібір бекіресі.

«Рыбацкая усадьба»

Междуреченск ауылы, Іле ауданы (Алматыдан ~40 шақырым жерде)
Балықты тура жағаның өзінен немесе жабдықталған пирстерден аулау мүмкіндігі бар жайлы демалыс аймағы. Мұнда достарыңызбен де, сол секілді отбасыңызбен де келуге болады – балаларға арналған ойын алаңы, кафе, барбекю аймақтары бар.
Қандай балық қабады: тұқы, сазан, мөңке, амур, шортан (бұл маусымға байланысты).

Талғар бақтағы

Талғар қ., Абай көш., жоғары қарай 3 шақырым (Алматыдан ~25 шақырым жерде)
Тау етегінің әдемі жерінде орналасқан бақтақ шаруашылығы. «Ұстап алдың – ақшасын төледің» қағидаты бойынша балық аулау. Бірақ айнала әсем, тағамдары дәмді және барлығы да дамыған.
Ауланған балықты мангалда дайындау немесе үйге алып кетуге болады.

Kamishy Eco Resort

Елтай ауылының сыртында, Шабалов көш., 487 (Алматыдан ~70 шақырым жерде)
Әдемі тоғандары, күтілген аумағы мен тұтас пирстерді жалға алу мүмкіндігі бар эко-аймақ. Бұл жерде ірі балық кездеседі, ал мұндағы шарттар су тоғанының жанында күні бойына болу немесе, тіпті, демалыс күндерін өткізу мүмкіндігін ұсынады.
Қандай балықты ұстайды: сазан, амур, мөңке, қаракөз.

Қорытынды

Нұсқаның қайсысын таңдасаңыз да, мейлі Балқаш жазығындағы жабайы балық аулау болсын, мейлі самалжай мен жалға алынған қармағы бар жайлылық болсын, ең бастысы, осы үдерістен алатын рахатыңыз балық түсімінен кем болмауы керек. Қанжығаңыз майланып қайтыңыздар, балықшылар!

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.