Guilty Pleasure: қандай ләззаттардан ұялмауға болады - Лайқос

Guilty pleasure дегеніміз не және «ұятты ләззаттан» арсыну керек пе

Guilty pleasure – «гилти плеже» – ағылшын тілінен дәлме-дәл аударатын болсақ, «ұятты ләззат» деген мағынаны береді. Бүгін біз ешкімге де тіс жармайтын, әрі қандай да бір себептермен ұятты сездіретін кішігірім айыпты қуаныштарды талқылайтын боламыз. Осы бір сезім қайдан пайда болатынын анықтап, одан арсыну керек пе екенін ұғынайық.

Жалпы guilty pleasure ретінде адамның оларды мойындауға ұялатын кез келген әрекеттер немесе құмартушылықтар болуы мүмкін. Бұл музыка, кітаптар, фильмдер, шоу немесе өзімізді жатқызып отырған белгілі бір әлеуметтік топтың тарапынан мақұлданбайтын кез келген басқа да мазмұнға ие контент болып келеді. Бұл негізінен айналамыздағы адамдардың «сапасы төмендік», «талғамсыздық», не болмаса «ақылға сыймастық» секілді көзқарасы тұрғысынан осылай қабылданады.

«Ұятты ләззаттар» мәдени өмірге ғана қатысты емес, сонымен бірге гастрономиялық құмарлықтар саласы мен қандай да бір күнделікті әрекеттер аясына да қатысты бола алады.

Біз әртүрлі жастағы адамдар мен мамандықтар иелерін өздерінің guilty pleasure мысалдарымен бөлісуді сұрадық:

Сауалнамаға қатысқандар guilty pleasure оларға бойларын еркін ұстауға, «өздерін еркінірек» немесе «басқа біреу ретінде» сезінуге көмектесетінін алға тартады, ал кейде, тіпті, осылайша «қоғамға деген үнсіз наразылықтарын» білдірудің жолы іспетті.

Осы сұрақ бойынша комментарий алу үшін психолог Айсұлу Болатбековаға жүгіндік, оның пайымынша, guilty pleasure үлгілеріңізді қабылдау өзін-өзі салауатты бағалаудың маңызды тұсы болып келеді.

«Адамдардың көбі әлеуметтік қысым мен таптаурындар салдарынан өздерінің кішігірім ләззаттарынан ұялады. Қоғам көбінесе белгілі бір жас пен жыныс өкілдері үшін қолайлы немесе қалыпты мінез-құлық болып саналатын қатаң шеңберді орнатады. Бұл таптаурындар адамның қандай да бір әуесқойлықтары немесе әдеттері жалпы жұрт қабылдаған нормаларға сәйкес келмейтінін сезінгенде ұят сезімін тудыра алады», – дейді маман.

Алайда мына бір жайтты ұғынған маңызды, деп қосады маман: осы жағдайлардағы ұят сезімі негізсіз дүние болып келеді. Адамдардың жеке қызығушылықтары мен әдеттері біздерді бірегей етеді, және де, егер қандай да бір әдет басқаларға зиянын тигізбейтін болса, ол ұяттың көзі болмауы тиіс. Ұят сезімі әлеуметтік айыптаудың алдын алатын қорғаныш механизмі ретінде пайда болуы мүмкін, дегенмен зиянсыз нәрселер үшін шамадан тыс ұялу адамның психикалық денсаулығына өзінің теріс әсерін тигізуі әбден ықтимал.

«Басқа адамдарға залал келтіретін немесе әдеп нормаларын бұзатын әрекеттерден ғана арсыну керек. Алайда үй жануарыңызбен сөйлесу немесе сүйікті мультфильмдерді қарау секілді мүлдем зиянсыз нәрселер әбден қалыпты және олар қуаныш пен жайлылықты сыйлауы мүмкін. Өз қызығушылықтарыңызды қолдау және қабылдау – өзін-өзі салауатты бағалау мен психикалық амандықтың кілті», – деп атап көрсетті психолог.

Біз оқырмандарымызды өздерінің guilty pleasure – «кішігірім ұятты ләззаттарынан» ұялмауға, оның орнына даралығын сақтау мен бұдан рахатқа бөленуге шақырамыз. Осының зиян келтірмейтінін ескерген жағдайда.

Ал егер де сіздің өміріңізде онша пайдалы емес ләззаттар болатын болса, онда мақалаларымызды оқыңыздар, бұл жерде біз жаман әдеттердің залалын қалайша төмендетуге болатыны туралы айтып отырамыз. Әрі өзіңізбен үйлесімділікте қала беріңіз.

Как вы оцените статью?
[Total: 1 Average: 1]