
Мастықтың салдарына жол бермеу: шынымен көмектесетін қарапайым нұсқаулық
Мерекеден кейінгі таң – бұл бастың ауырсынуы, шөлдеу, әлсіздк пен мазасыздық… Осының барлығы да ағзаның алкогольді шығаруға және оның ыдырауының салдарын жоюға тырысып, көп күш жұмсауының нәтижесі.
Жақсы жаңалық жоқ емес: масаңдық табына жол бермеуге болады. Лайқос шынымен де көмектесетін бірнеше қарапайым ережені жинады.
1. Ішімдіктен бұрын тамақ жеңіз
Аш қарын = алкогольдің жылдам сіңірілуі = тез мастану және күшті масаңдық табы.

Олар алкогольдің сіңірілуін бәсеңдетеді және асқазанды қорғайды.
2. Су ішіңіз, әрі мұны сызба бойынша жасаңыз
Сусыздану – таңертеңгі нашар жай-күйдің негізгі себебі болып отыр.

Электролиттерді (дәріханалық немесе суға қосылған бір салым тұз) қосуға болады – бұл бастың ауырсынуы мен әлсіздікті азайтады.
3. Ішімдіктерді араластырмаңыз
Ішімдіктің бір түрін таңдағаныңыз және тек соны ғана ішкеніңіз абзал.

4. Темекі мастықтың салдарын күшейтеді
Темекі түтіні ағза тіндеріне оттегінің жеткізілуін нашарлатады, ал алкогольді ішімдіктер сусыздану мен интоксикацияны күшейте түседі. Осының барлығы біріктірілген кезде қатты бас ауруын, ауыздағы құрғақтықты, жүрек айнуы мен әлсіздікті береді. Сонымен бірге темекі тарту алкогольдің сіңірілуін тездетеді және бауырға түсетін салмақты арттырады – бұл ағзаның мереке салдарына төтеп беруін әлдеқайда қиындатады.
Оның орнына не істеуге болады:
- Отырыс кезінде шегілетін темекі санын қысқарту;
- Аш қарынға темекі тартпау және алкогольдің әрбір порциясын темекімен үйлестірмеу;
- Ең тиімді нұсқа – мүлдем темекі тартпау. Алайда сіз мереке алдында жаман әдеттен бас тартуды жоспарламасаңыз – темекіні қыздыруға арналған жүйелерге назар аударып көріңіз. Мұнда жану үдерісіне жол берілмейді, демек, қарапайым темекімен салыстырғанда уытты заттектер мен канцерогендер айтарлықтай азырақ түзіледі. Бұл алкогольді ішімдіктерді тұтыну кезінде ағзаға деген қосымша жүктемені төмендетеді және мастықтың салдарын сезінуді бәсеңдетеді.
5. Тәтті алкогольден аулақ болыңыз
Қант алкогольдің сіңірілуін күшейтеді және бауырға түсетін салмақты арттырады. Нәтижесінде ағзаға бірден екі соққыға – этанол мен глюкозаға төтеп беруге тура келеді. Егер сіз бір ішімдікті таңдасаңыз – бұл шарап, құрғақ сидр немесе бірқалыпты мөлшердегі таза күшті алкоголь болсын.
6. Баяу ішкеніңіз абзал
Бауыр орта есеппен алғанда сағатына 10-12 г алкогольді өңдей алады – бұл дегеніміз шамамен бір бокал шарап. Егер сіз ағзаның алкогольді сусынды залалсыздандыруға үлгермейтіндей етіп тезірек ішсеңіз, ыдыраудың уытты өнімдері қанда жиналады – дәл осы өнімдер ертесіне бас ауруын, жүрек айнуы мен әлсіздікті тудырады.
7. Алкоголь артынан газдалған сусындарды ішпеңіз
Газдалған сусындар алкогольдің сіңуін жылдамдатады, сондықтан мастану әлдеқайда тезірек және қаттырақ басталады. Осыдан барып күшті мастану табы да орын алады.

Ең жақсы таңдау – су, шырын немесе морс. Бұл әрі қауіпсіз, әрі су теңгерімін сақтауға көмектеседі.
8. Сорбент қабылдаңыз
Сорбенттер сорғыш секілді жұмыс істейді: олар алкогольді өңдеу кезінде пайда болатын уытты өнімдердің бір бөлігін сіңіреді және оларды ішек арқылы жылдамырақ шығаруға көмектеседі. Бұл асқазанның тітіркенуін және ас қорыту жүйесіне деген жүктемені кемітеді. Сорбенттер мастықтың салдарын толығымен жоймайды, дегенмен оның көріністерін жұмсарта алады.

9. Ұйықтар алдындағы жеңіл суруен
10-15 минут бойы ақырын серуендеу қан айналымын, тыныс алуды жақсартады және ағзаға зат алмасу үдерістерін белсендірек қосуға септігін тигізеді. Нәтижесінде алкоголь әлдеқайда жылдамырақ өңделеді, ал ұйқы анағұрлым терең және сапалы бола түседі.
10. Алкоголь мен дәрі үйлесімсіз!

Мұндай комбинациялар бауырдың уытты зақымдалуына, тыныс алудың бұзылуы мен басқа да қауіпті салдарға әкеліп соқтыруы бек мүмкін. Бұл тұста эксперименттер тіптен орынсыз.
11. Ең тиімді кеңес – норманы білу
Мұндағы норма дербес жайт болып келеді, дегенмен ағза әдетте алдын ала белгі бере бастайды. Егер мыналарды байқасаңыз:
- бас айналса,
- сөйлеуді бақылау жоғалса,
- кенет шөлдеу күшейсе,
бұл тоқтайтын кез келді дегенді білдіреді.
Қорытынды
Егер сіз осы қарапайым ережелерді ұстансаңыз, онда сіз бауырға, жүйке жүйесі мен асқазан-ішек жолына деген жүктемені азайтасыз, әрі ағзаға алкогольдің салдарын тезірек жеңуге көмектесесіз.