Хоббиді қалай таңдауға болады?
Ермек іс бойыңызды еркін ұстауға, жаңа таныстардың пайда болуына мүмкіндік береді, ал кейде, тіпті, жаңа мамандығыңызға да айналуы бек мүмкін. Лайқос хоббидің не үшін керек екені мен жаныңызға жайлы істі қалай таңдауға болатынын анықтайды.
Хоббидің пайдасы
Жаңа таныстар шеңбері: кез келген жаста пікірлес адамдарды тауып алу – баға жетпес дүние екені сөзсіз.
Мидың когнитивті функцияларының дамуы: әрбір жаңа дағды және жаңа нейрондық байланыстар – болашақтың жинақ сандықшасына қосылған үлес. Сөзжұмбақтарды шешу, Рубик текшесін құрастыру, тоқу немесе кесте тігу, яғни, ұсақ моториканы бекіту – мұның барлығы да деменцияның даму қаупін төмендетуге көмектеседі.
Жалпы хал-жағдай: спортпен шұғылдану күйзеліс деңгейін төмендетеді, көңіл-күйді жақсартады, денсаулықты нығайта түседі.
Ми үшін демалыс: кейбір адамдар ең жақсы демалыс – бұл айналысып отырған ісіңді алмастыру деп санайды. Хоббидің пайдалы болғаны соншалық, ол, тіпті, темекі тартуға шығуға деген, бір рөмке тартып алу немесе тәттіні шамадан тыс жеу секілді паттерндерден көңілді бөліп, жаман әдеттерден бас тартуға көмектесе алады.
Ермек істі таңдаған кезде нені ескеру керек
- Сіз бұл іске қанша уақытыңызды бөлуге дайынсыз?
- Бұған өз бюджетіңізден қанша қаражат бөле аласыз?
- Нені ұнатасыз, әртүрлі себептерге байналысты кезінде бас тартқан ермек істеріңіз болды ма?
- Мұғалім және арнайы үйірме немесе топ керек пе?
Хоббиді таңдаудың психологиялық қырлары
Интроверттерге дербес сабақтар қолайлы, соның ішінде – ән айту, қыштан мүсіндеу, сурет салу. Экстраверттер командалық спорт түрлерінен, биден, үстел үстіндегі ойындардан рахатқа бөленеді.
Отбасылық психолог Виктория Дмитриева хоббидің бір түрімен емес, бірден бірнешеуімен айналысуға кеңес береді: шығармашылық (сурет салу, фотосурет, тоқу), аналитикалық (шахмат ойнау, бағдарламалау, тілдерді меңгеру) және спорт. Егер сізді бір ермек іс жалықтырып жіберсе, көңіліңізді кез келген уақытта екіншісіне аудара салсаңыз болады. Мына бір жайтты естен шығармағаныңыз дұрыс, хобби – бұл қауырт жұмыс істеу, әлденеге қол жеткізу және қиналу дегенді білдірмейді, бұл дегеніміз ләззат алу, демалу және даму туралы дүние.
Ермек істі табуға арналған кеңестер
– Кеңес сұраудан қымсынбаңыз. Бәлкім, достарыңыз бен жақын адамдарыңыз өздерінің әуестіктерімен сізді шабыттандыра отырып, қызықты ермек ісіңізді табуға көмектесе алатын шығар.
– Желідегі тақырыптық материалдарды оқыңыз. Көңіліңізді баурап алатын жаңа әдістер күн сайын пайда болуда: хоббихорсинг, квадробика және, тіпті, билей футбол ойнау.
– Есіңізге түсіріңізші: бала кезіңізде немен айналысқанды жақсы көретін едіңіз немесе айналысқыңыз келген, алайда бірқатар себептерге байланысты оны жасай алмадыңыз.
– Хоббилердің тізімін жасаңыз – әрбір бағыт бойынша (спорт түрлері, аналитикалық, шығармашылық сабақтар) 3-5 нұсқадан жазып шығыңыз. Сынама сабақтарға жазылып көріңіз, әдетте олар тегін немесе төмендетілген баға бойынша өткізіледі. Мұндай тест-драйв біршама уақытыңыз бен қаражатыңызды үнемдеуге септігін тигізеді.
Хоббилер тізімі
Хоббимен айналысу үшін ең жақсы уақыт – бұл дәл қазіргі уақыт. Экперимент жүргізу мен ермек істерді таңдаудан, байқап көруден қорықпаңыз. Белсенділіктің кез келген түрі – бұл алға қарай қозғалу мен қандай да бір істе шыңдалуға көмектесетін жаңа тәжірибе. Ал хоббиді таңдау үшін, ең алдымен, барлығын да өз тәжірибеңіз арқылы сынап көрген абзал.