
Визаны оңай алудың жолы – көз жассыз, үрейге салынбай, әрі еш сиқырсыз
Көптеген адамдар үшін визаны рәсімдеу – бұл мистика мен күйзеліс арасындағы әлдебір нәрсе. Алайда іс жүзінде барлығы алғаш көрінгендей қорқынышты емес. Бастысы, үдеріске ақылмен, сабырлықпен әрі дұрыс нұсқаулықпен қараған жөн. Лайқоспен бірге визаны алуға барайық.
1. Сізге қандай виза керектігін анықтап алыңыз
Туристік пе, іскерлік пе, оқуға ма, әлде транзиттік пе? Қысқа мерзімді ме, әлде бір жылға ма? Алғашқы қадам – бұл не мақсатпен және қай елге баратыныңызды ұғыну. Әртүрлі визаларда – ережелері де әртүрлі. Мәселен, оқу визасына – белгілі бір құжаттар қажет болса, қалыңдық визасына мүлдем басқа құжаттар. Сіз мақсатыңызды неғұрлым нақтырақ түсінсеңіз, қағаздардың дұрыс пакетін жинау да соғұрлым жеңілірек болмақ.
2. Дайындалуды алдын ала бастаңыз
Алтын ереже – визаны рәсімдеуді соңғы аптаға қалдырмаған абзал. Консулдықтар қауырттықты жақтырмайды, ал визалық орталықтарға жазылу бір ай бұрын жасалуы тиіс. Ең оңтайлысы, дайындықты сапардан 2-3 ай бұрын бастау керек: сізде құжаттарды ұсынуға жазылу, құжаттарды жинау, сақтандыру мен брондауға уақытыңыз болады, ал егер қандай да бір нәрсе ойдағыдай болмай бара жатса, мысалы, фотосурет жарамай қалды делік, бәрін асықпай қайта жасауға мүмкіндігіңіз болады.
3. Құжаттарды дайындаймыз
Әдетте стандартты жиынтық қажет:
- шетелдік төлқұжат
- сауалнама
- фотосурет
- сақтандыру
- қаржылық құжаттар (картадан үзінді көшірме, жұмыс орнынан анықтама, салық бойынша қарыздардың жоқтығы туралы анықтама)
- қонақ үй мен билеттерді брондау
Маңызды: тек талап етілген құжаттарды ғана ұсыныңыз, артық ешнәрсе қоспаңыз. Консулдар 10 параққа жазылған өмірбаяндарды оқымайды. Уайымдамау үшін қосымша құжаттарды алсаңыз болады, дегенмен шектен шықпағаныңыз дұрыс.
4. Біржола қалуға ойыңыздың жоқ екенін көрсетіңіз
Кез келген визалық офицердің басты қорқынышы – сіздің қайтып келмеуіңіз. Сондықтан:
- Отаныңызбен деген байлынасты көрсетіңіз: жұмыс, жылжымайтын мүлік, отбасы.
- Сапарыңыз бен қайтар билетіңізге қаражаттың бар екендігін көрсетіңіз.
- Айла табуға тырыспаңыз. Визалық қызметтер ақпаратты керемет тексере алады.
5. Визалық орталықтан қорықпаңыз – ол сіз үшін қызмет етеді
Көптеген елдер визалық орталықтармен бірге қызмет істеп келеді – мәселен, VFS немесе TLScontact. Бұл үрей тудыратын органдар емес, бұл сізге барлығын да дұрыс рәсімдеуге көмектесетін делдалдар. Олардың нақты нұсқаулықтары, құжаттар тізімі және, тіпті, ұсынар алдында сауалнаманы тексеру қызметі де бар.
6. Виза агентінің көмегіне жүгінсеңіз болады
Егер сізде уақыт тапшы болса, не болмаса шатасып қалудан қорықсаңыз, көмекке жүгінгеніңіз абзал. Визалық агенттіктер (тек қана тексерігендері!) сіздің орныңызға, сауалнамадан бастап брондауға дейін, бәрін де өздері рәсімдейді. Кейде бұл жүйке жүйеңізді тоздырғаннан гөрі әлдеқайда жақсырақ.
7. Құжаттарды тағы да тексеріңіз
Визалық орталыққа тапсырудан бір-екі күн бұрын тұтас тізіміңіз бойынша құжаттарды тағы бір қарап шығыңыз. Кейін сол жерде уайымдаудан гөрі бір құжатты артық ала келгеніңіз анағұрлым жақсы. Адамдар стресс кезінде, тіпті, шетелдік төлқұжаттың өзін де ұмытып кетуі әбден мүмкін.
8. Ең ақырында, тыныштық күйде болыңыз
Иә, виза – бұл шарттылық. Дегенмен дұрыс дайындық болса, бұл бар болғаны жеңіл шарттылық. Құжаттарды ұсынуды драмаға айналдырмаңыз: күлімдеңіз, сыпайылық танытыңыз, адал жауап беріңіз – сонда визаға, соның ішінде, ең бастысы, арманыңыздағы саяхатқа қол жеткізесіз.
Қорытынды
Бастысы, қолыңыздан бәрі келетініне сену. Құжаттарды, шамаданды сабырлы түрде жинаңыз да, алға, әсер алуға асығыңыз.