Бізде Одақ
Сүйікті кеңестік фильмдердегі топ-5 шылымқұмар
Біз бейнелері темекімен тығыз байланысқан кеңестік киноның көрнекті кейіпкерлерін еске алды. Ностальгияға берілу әрі маңызды кеңес беру үшін жақсы себеп.
Біздің заманымыздың кейіпкерлері өздерінің және айналадағы адамдардың денсаулықтары мен амандықтары жайында жиірек ойлана бастаған іспетті. Сондықтан болар қалаларымыздың көшелерінде келе жатып, темекі шегу секілді жаман әдеттерінен біржолата бас тарта алмаса да, дегенмен осы үдеріске деген көзқарасын өзгерту үшін күш-жігер тапқан адамдарды тұрақты түрде кездестіріп отырамыз.
Осы саналы жолдастардың қолдарындағы никотинді жеткізуге арналған электрондық жүйелер бірден бірнеше маңызды рөлді атқарады екен. Бұл мәртебелік аксессуар, әрі қазіргі таңдағы қарапайым темекінің ең салауатты баламасы болып саналады. Жану үдерісінің жоқтығынан мұндай гаджеттер темекі тартуға байланысты көптеген аурулардың себебіне айналып отырған зиянды түтінді түзбейді, сондай-ақ шылымқұмар үшін маңызды дәм мен рәсімді сақтап қалады: темекі буын ішке тарту, никотиннің үлесіне ие болу, әдемі дем шығару.
Айта кетсек, Голливудтың көптеген жұлдыздары да классикалық темекі шегушілер тобынан қашып кеткен, солардың арасында Леонардо Ди Каприо, Том Харди, Сэмюэл Л. Джексон бар.
Кеңестік кинокартиналардың кейіпкерлері, белгілі себептерге байланысты, осыған ұқсас технологиялармен кездеспегені хақ, сондықтан олар өз бейнелерін әдетте жұмбақты темекі түтініне орайтын. Экран арқылы көрсетілген түтіктер, сигаралар және шылымдар кейіпкердің қасиеттерін анықтайтын дербес көркемдік бейне сипатына ие болған.
ШТИРЛИЦ (ВЯЧЕСЛАВ ТИХОНОВ)
«Көктемнің он жеті сәті» фильміндегі ұлы Штирлиц темекіні шамадан тыс көп және тоқтаусыз дерлік тартып жүретін. Кинороманның барлық он екі сериясы барысында кеңестік барлаушы абсолютті фашистік зұлымдықпенен шебер күресіп, әрі Кеңестік әскер және Әскери-теңіз флоты күнінде алауошақтың ішінде отқа көмілген картопты пісіре отырып, туған жерін аңсайды. Ол фрицтер тарапынан жамандық, ал өз адамдарынан жаңалықтарды тосады. Мұңға толы жүзімен темекі тартып, ішкі диалогты жүргізеді. Шылым шегеді де, әрі үнемі күтіп отырады.
ГЛЕБ ЖЕГЛОВ (ВЛАДИМИР ВЫСОЦКИЙ)
Кеңестік кинематографтың ерекше әспеттелген әртісі және «Кездесу орнын өзгерту мүмкін емес» милициялық детективті хикаясындағы басты кейіпкерлердің бірі кадрдың ішінде ондаған толып кеткен күлсалғыштарды қалдырады. Глеб Егорұлы аса қатал мінезді болған еді. Ол тек папиростарды шегіп қана қоймай, сондай-ақ қылмыскерлерге де оқты дәл тигізетін еді. Темекіні ең көп тартатын милиция капитаны және Мәскеулік Қылмыстық Іздеу қызметінің ең атақты қызметкері бүкіл Одақ көрермендерінің көзінше беломор папиросына құшырлана үрлеп, «Қара мысық» атты тобының бандиттерін ұстау бойынша жоспарын әзірлеуге кірісетін.
ШЕРЛОК ХОЛМС (ВАСИЛИЙ ЛИВАНОВ)
Бойы ұзын зияткер және ең танымал тыңшы-шылым шегушілерінің бірі болып саналады. Түтігінен түтінді үсті-үстіне будақтатып отыратын Холмс кеңестік экран бетінде шегі жоқ құпияларды ашқан. Қылмысты анықтау үшін оған міндетті түрде қатты ойлану қажет болатын. Кинодағы ойлану түйткілі, ең алдымен, оның көрнекі еместігінде жатыр, яғни, бұл оның көзге көрінбейтінімен байланысты болып отыр. Әрі ұлы ізкесушінің әйгілі де жарасымды түтігі осы үдерісті заттандыруға арналған.
АННА СЕРГЕЕВНА (СВЕТЛАНА СВЕТЛИЧНАЯ)
Егер осы кейіпкердің экрандық есімін бәрі біле бермесе де, «Гауһар тасты қол» фильміндегі «қауіпті» сұлу қыз қонақ үй нөмірінің ішінде Юрий Никулин сомдаған үйленген кейіпкерді қымбат темекі түтініне кербез орап алып, «қолға үйреткен» көрінісі әркімнің есінде болар. Өзендей аққан алкоголь, стриптиз, шетелдік темекі мен әйгілі «Менің кінәм жоқ, ол өзі келді!» деген сөзі – сексуалды аққұба қыз кеңестік экранда батыс өмірінің барлық кемшін тұстарын бейнелей алды.
МОРО (ВИКТОР ЦОЙ)
1989 жылғы кеңестік кинопрокаттың көшбасшысы болған Рашид Нұғымановтың «Ине» атты культтік фильмі Моро есімді жігіт туралы баяндайды. Ол туған жері Алма-Атаға қайта оралып, бұл жерде өзінің ескі махаббаты Динаны нашақорлықтан құтқаруға, бұзақылармен үнемі күресуге және жалдамалы кісі өлтірушісімен «танысуға» тура келеді. Осының барлығын Цой сомдаған кейіпкер түтіндеген темекісін қолынан тастамай жасайды. Моро темекі тарту бойынша, тіпті, Жеглов пен Штирлиц екеуінен де асып түскен шығар. Әрі алматылық «Төлебайка» көшесіндегі ескерткіш те соны есімізге салып тұрғандай.
Аударған Рита Сәрсенова