Жазда теріні қорғау: күнге күюдің алдын алу және емдеу жолдары

Жазғы күтім: күнге күюден аулақ болу мен күнқақтылықты көтерудің жолы қандай?

Көп күттірген жаз – бұл демалыс пен релакс, әсіресе, теңізге баруға бел бусаңыз, жағымды эмоциялар мен көңілді уақыт өткізудің кезеңі. Сонымен бірге күннен болатын күйіп қалу жағдайлары туралы да ұмытпаған абзал. Дәрігер – косметолог-трихолог Лаура Әбдібаева жаз мезгілінде теріңізді қалай қорғауға болатыны мен күнге күйіп үлгерсеңіз, не істеу керектігі туралы осы мақалада әңгімелеп береді.

Кезекті демалыс барынша қызықты, әрі бойыңызды еркін ұстауға септесетін, сондай-ақ тек жағымды эмоцияларды сыйлайтын уақытқа айналсын десеңіз, кейбір ұсыныстарды орындағаныңыз жөн, соның ішінде:

  • Күнге күйгенге дейін және содан кейін күннен қорғайтын және ылғалдандыратын иісмайлдарды міндетті түрде пайдаланғаныңыз дұрыс;
  • суды ішу;
  • көзілдірікті тағу;
  • тіпті, көлеңкелі жерлерде де күннен қорғайтын киімді киіп жүру;
  • күн сәулелерінің астында өткізетін сағаттарды сақтау (теңіздегі UV-сәулелер барлық жерлерде де болады).

Ал күнге күю мүмкіндігінше қауіпсіз және тегіс болуы үшін күн сайын теріңізді ылғалдандырып отырыңыз, сонымен бірге сапарға шықпас бұрын бүкіл денеңізге пилинг жасап алғаныңыз жөн, сонда теріңіз өзіңіз армандаған тегіс және қола түсті қоңырға ие болуға кедергі ететін өлі жасушалардан тазарып қалады.

Күн сәулелерінің астында жеткілікті қорғаныссыз ұзақ уақыт болу күнге күйіп қалу, ағзаның қызып кетуі және терінің зақымдалуына әкеліп соқтыруы әбден мүмкін екендігін ұмытпағаныңыз жөн. Сол себептен күнге күю кезінде, сондай-ақ суда шомылғаныңызда үзілістер жасауға кеңес беремін, өйткені, тіпті, судың ішінде болған кезіңізде де сіз күнге күюді жалғастыра бересіз.

Жасыратын ештеңесі жоқ, баршамыз да, әсіресе, күн сәулелерінің аса қатты белсенділігі кезінде жағалауда жатуды ұнатамыз, осы тұста көбінесе күн ванналарын қабылдау барысындағы қауіпсіздік ережелері туралы ұмытып кетеміз де, ал содан кейін демалысымыздың рахатына бөленіп үлгермей, көңіл-күйіміз бен жалпы хал-жағдайымызды нашарлататын күнге күйіп қалудан зардап шегіп жүреміз. Күннің астында сауатты және қауіпсіз болу әдемі және салыстырмалы түрде салауатты күнқақтылыққа ие болуға септігін тигізеді. Дегенмен «салауатты қауіпсіз күнқақтылық» деген түсінік мүлдем жоқтың қасы.

Егер күнге күйіп қалсаңыз, не істеу керек?

Тек дүрбелеңге жол бермеңіз. Терінің дызылдай бастағаны мен қызаруының алғашқы белгілерін сезінген кезде-ақ күн сәулелерінен алшақ, көлеңкелі жерге барыңыз, не болмаса, тіпті, үй-жайға кіріп кеткеніңіз абзал. Бұл сезімдер жағымсыз болады, дегенмен күнге күйген және қызарған жерлеріңізді қатты суық емес, жай ғана салқын сумен жауып-шайғаныңыз дұрыс, сонымен бірге ешбір жағдайда ол жерлерге мұзды қоюдың қажеті жоқ, өйткені температураның кенет өзгеруі онсыз да жараланған теріні одан бетер зақымдай түседі. Оданша бөлме температурасындағы жылы душқа жиі түскеніңіз, әрі салқын компрестерді жасағаныңыз дұрысырақ, денені салқындатып алған және терідегі ауырсыну және қабыну үдерістерін төмендеткен маңызды. Күннен болатын жеңіл күйіп қалу жағдайларында табиғи майлы кремдер көмектесе алады. Егер кремдер табыла қоймаса, баршамызға бұрыннан жақсы таныс қаймақ пен айран секілді құралдар да жарайды. Сонымен қатар жоғалған сұйықтықтың орнын толтыру үшін суды көбірек ішкеніңіз абзал.

Тыныштандыратын иісмайлар, әрі құрамында пантенол, алоэ, глицерині бар майларды жиірек жағып отырғаныңыз жөн, сондай-ақ «қалпына келтіретін, тыныштандыратын» деген атауы жазылған алуан түрлі иісмайлар да жарамды. Ең маңыздысы, бүлдіретін салдарды төмендету, өйткені күнге күю – бұл әрдайым жасушалардың зақымдалуын білдіреді, сонда тері күннің ультракүлгін сәулелерімен байланысқа деген реакция беріп, өзін қорғау мақсатында арнайы пигмент – меланинді бөледі. Ал егер теріде сұйықтығы бар ұсақ күлбіреулер пайда болса, инфекцияның қосылу қаупін төмендету үшін құрамында спирті жоқ залалсыздандыру құралдары қосылған компресс жасау қажет. Бұл тұста сайсағыз, жебіршөп, қырмызыгүл және лавандадан жасалатын шөп компрестері де көмектеседі.

Егер де көпіршік өзінен-өзі жарылып кетсе, онда бұл жерді су және жұмсақ сабынмен тазарту керек, әрі ылғалды таңғышпен жабу қажет. Күлбіреулерді өз бетімен әдейі тілуге тыйым салынады.

Ауырсыну синдромын азайту мақсатында парацетамол, аспирин немесе ибупрофенді қабылдауға болады, ал күннен болған күйіп қалу терінің ауқымды түрде зақымдалуына әкелген жағдайда адсорбенттерді, яғни, белсендірілген көмір, сорболютті қабылдау керек – бұл ағзаңыздан уытты заттектерді сыртқа шығаруға көмектеседі. Аталмыш көпіршіктер көптеп шықса, әрі бастың ауырсынуы, қалтырау, жүректің айнуы мен лоқсу жағдайлары болса, дереу дәрігердің көмегіне жүгінген абзал.

Ультракүлгін сәулелерінің аяусыз «қолына» түсіп қалмас үшін күн ванналарын қабылдау кезіндегі қауіпсіздік техникасын сақтаған аса маңызды, өйткені күнқақтылық – бұл әрқашан қосымша стресс, терінің зақымдалуы, оның құрғақтығы, әжімдер, дақтар, терінің қартаюы және күн астында болу ережелерін ұстанбағанда қатерлі ісік дегенді білдіруі де бек мүмкін. Бұл әсіресе 2 жасқа дейінгі балаларға қатысты болып келеді, өйткені осы жастағы балақайларда терінің иммундық жауабы соңына дейін қалыптасып үлгермеген. Сондықтан сапарға шықпас бұрын, әсіресе, кішкентай саяхатшыларыңызбен бірге ұшуды жоспарлап отырсаңыз, теріні қорғайтын қажетті құралдармен міндетті түрде қамданып алғаныңыз жөн.

Егер сіз теріні қажетті қорғаныспен қамтамасыз етпесеңіз, жаз мезгіліндегі UV-сәулелері терінің ең терең қабаттарына зақым келтіретін болады. Нақ осы сәулелер коллаген талшықтарын бұзады, күйіп қалу жағдайларын туғызады, әрі уақытынан бұрын қартаю мен пигментті дақтардың пайда болуына әкеліп соқтырады.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]