
Диванда сұлап жату пайдалы: нәтижелі демалуға арналған ештеңе істемеу өнері
Диванда жату ешнәрсе істемеу дегенмен тең емес! Алайда сізді сонда да кінәлік сезім қалдырмайды, кір ыдыс-аяқ шұңғылшадан жаратпай қарап тұрады, ал оқылмаған кітаптар сөреде сес көрсеткендей болады. Тоқтаңыз! Келесі жайтты мойындайтын уақыт келді: саналы түрде ештеңе істемеу – бұл жалқаулық емес, бұл ми мен тән үшін аса қажетті ретке келтіру барысы. Бұл тура таңертеңгі кофе немесе кешкі душ секілді рәсім. Лайқос пайданы барынша алу үшін дұрыс жатудың әдіс-тәсілдерін айтып береді.
«Ештеңе істемеген» кезде не болады
Біз саналы түрде тоқтағанда, ағзамызда маңызды үдерістер іске қосылады:
- Ми аялық тәртіпке ауысады. Бұл ретте ми жұмысының пассивті тәртіп деп аталатын желісі белсенді бола түседі. Ол күні бойына түскен ақпараттың өнідірілуі, жасампаздық пен жаңа идеялардың туындауы үшін жауап береді. Дәл осы тыныш сәттерде ең үздік шешімдер ойға жиі келеді екен!
- Жүйке жүйесі демалады. Күйзеліс гормоны, яғни, картизолдың деңгейі төмендейді, ал біздің «күрес жүйеміз» (симпатикалық жүйке жүйесі) «демалыс жүйесіне» (парасимпатикалық жүйке жүйесі) орын береді. Осылайша дене шын мәнісінде қалпына келеді.
- Өнімділік батареялары қуатталады. Сапалы әрекетсіздік – бұл алдағы тиімділігіңізге деген инвестиция. Мұндай демалыстан кейін сіздің зейін қоюыңыз жоғарылайды және энергияңыз артады.
ДҰРЫС жату тәсілі: қадамдық нұсқаулық
Жатуды пайдасыз уақыт өткізуден нағыз саналы жораға айналдыру үшін қарапайым ережелерді ұстанғаныңыз абзал.
Цифрлық детокс. Гаджеттерді алып қойыңыз
Диван + әлеуметтік желілер немесе жаңалықтардың шексіз таспасы – бұл демалыс емес, бұл шамадан тыс ақпараттық жүктеме. Телефонның экранын төменге қаратып қойыңыз. Тыныштықты немесе сөзі жоқ фондық музыканы (саундтректер, эмбиент, табиғат дыбыстары) қосыңыз.
Жайлы орынды ұйымдастырыңыз
Сіздің міндетіңіз – барынша жайлылыққа жету. Қол астыңызда жамылғы, әртүрлі өлшемдегі бірнеше жастық болғаны дұрыс. Ыңғайлы, әрі қимыл-қозғалысыңызды шектемейтін киімді кигеніңіз абзал.
Анатомиялық тұрғыдан дұрыс қалыпты таңдаңыз
- Толыққанды босаңсу үшін. Шалқасынан жатыңыз да, тізеңіздің астына жамылғыдан жасалған қалың ораманы қойыңыз. Бұл белдегі ауырсынуды басады.
- Кітап оқу немесе пайымдап қарау үшін. «Жартылай отыру» күйін қабылдаңыз. Омыртқаңыз табиғи қалыпта қалуы үшін бел мен мойынның астында міндетті түрде таяныш болуы керек.
- Қырынан жатып демалу үшін. Тізеңіздің арасына жастықшаны қойыңыз. Бұл жамбасты түзу қалпында ұстайды және жүктемені алып тастайды.
Тыныс алуыңызға зейін қойыңыз
Арнайы техникалардың керегі шамалы. Жай ғана тыныс алуыңызды 2-3 минуттай қадағалаңыз. Баяу және терең дем алыңыз. Бұл жүйке жүйесіне келесідей белгі береді: «Еш уайым жоқ, босаңсуға болады».
Уақыт лимитін белгілеңіз
Саналы түрде, тіпті, 20-30 минут жатудың өзі мықты әсер береді. Уақыт жайында ойламау және көп сағаттық бейсаналы прокрастинацияға берілмеу үшін таймерді қойып қойыңыз.
Не істеуге болады? Сапалы әрекетсіздікке арналған идеялар
- Терезенің сыртындағы жарықтың өзгеруін, не болмаса бұлттарды бақылаңыз.
- Әшейін армандаңыз – мақсатсыз әрі тақырыпсыз.
- Ешнәрсеге алаңдамай, сүйікті тобыңыздың күйтабағын толық тыңдап шығыңыз.
- Жылы шайды асықпай және ләззатқа бөленіп ішіңіз.
- Саналықты жаттықтыру: тәннің сезімдері мен ойларыңызға елікпей, оларды тура көшіп бара жатқан бұлттар секілді бақылаңыз.
Қорытынды
Сіздің диваныңыз менталды денсаулығыңыз үшін тамаша құралға айналуы мүмкін. Саналы сұлап жату – бұл жалқаулық емес, бұл ресурстарыңызға деген нағыз құрмет. Кінәлік сезімге жол бермей, өзіңізге әшейін жатуға рұқсат етіңіз. Өйткені кейде маңызды бір нәрсені жасаудың ең жақсы тәсілі – бұл алдымен сапалы түрде ешнәрсе істемеу.