Жаңа жылды қалай қарсы алуға болады: компанияға арналған 10 идея мен сценарий

Достар ортасындағы жаңа жылдық түннің мінсіз жоспары: 10 дайын сценарий

Достарыңызбен Жаңа жылды қалай өткізуді білмей отырсыз ба? Бұл түн естен кетпестей, әсерлі болуы әрі шынымен де көңілді өтуі үшін Лайқос кез келген компанияға арналған 10 сценарийді жинады.

  1. 31 желтоқсанғы кинобөлме

Жаңа жылдық фильмдерді алдын ала таңдап алыңыз және жаңа жылдық түнде киномарафонды ұйымдастырыңыз. Фильм барысында какао, глинтвейн және тіскебасарлардан дәм татып рахаттануға болады, ал түн жарымында – мерекелік тост көтеріп, жайлы атмосферада марафонды жалғастыра бересіз.

  1. Үстел ойындарының түні

Сүйікті ойындарды таңдайсыз – Alias, «Активити», «Имаджинариум», «Қолтырауын», Mafia – әрі жаңа жылдық түнді жақын адамдарыңызбен көңілді партияларды ойнаумен өткізесіз. Жалығып кетпеу үшін әрбір 40 минут сайын ойынды алмастырып отырасыз немесе символикалық жүлделері бар шағын турнирлерді өткізсеңіз болады.

  1. Алаңдағы концерт

Ірі қалаларда соңында отшашу ұйымдастырылатын жаңа жылдық концерттер өткізіледі – бұл көңілді және ұйымдастыру бойынша машақаты жоқ. Жалғыз ғана кемшілігі бар – салқын болуы мүмкін, дегенмен бұл мәселе ыстық шай немесе глинтвейн көмегімен оңай шешіледі.

  1. Мейрамханадағы бағдарлама

Көптеген мейрамханалар Жаңа жылға арналатын жарқын шоу-бағдарламаны дайындайды, сондықтан тағамдар мен сусындар жайында ойланбай-ақ, жай ғана мерекеден ләззатқа бөленсеңіз болады. Ұйымдастыру жағынан барлық әрекеттерді мекеме өз мойнына алады. Кемшіліктері – үстелді алдын ала брондау қажет, әрі мерекелеудің мұндай нұсқасы мүлдем бюджеттік емес.

  1. Есімнің дәмі

Егер сіз Жаңа жылды достарыңыздың ортасында, яғни, әртүрлі отбасылар бас қосатын үлкен компания болып тойласаңыз, мейрамды бұдан да көңілді әрі тіптен оңай ұйымдастыруға болады: қонақтың әрқайсысын есімінің алғашқы әріпінен басталатын тағамды әкелуін сұраңыз. Мәселен, Сымбат – самса немесе самогонды, ал Ольга оливье немесе ораманы әкеле алады.

  1. Концерт

Әрбір қатысушы алдын ала лотерея арқылы тапсырмасы жазылған карточканы тартады. Лотереяны онлайн түрде өткізуге болады. Өзінің тапсырмасын білгеннен кейін қатысушы өнер көрсетуге дайындалады: біреу шығыс биін билейтін болса, екінші біреу ABBA тобының «Happy New Year» атты әнін шырқайды немесе басқа қонақтар туралы шағын стендапты ойластырады. Мерекенің соңында барлық нөмірлер дауыс беру арқылы бағаланады да, ең үздіктері таңдалады.

  1. Байқаулар

Әрбір қонақтан алдын ала бір байқауды ойластырып келуін және оған арналатын реквизитті дайындауын сұраңыз. Мерекелік түнде бәрі кезек-кезегімен өзінің ойынын өткізеді, ал байқаулар арасында тост көтеру, оливье мен күлкі үшін үзілістер жасалады.

  1. Таза ауада

Қозғалыс пен қысқы шытырман оқиғалар әуесқойлары үшін: Жаңа жылды шаңғы трассасында немесе төбешіктерден ватрушкамен сырғанап өткізуге болады. Аязды ауа, достардың күлкісі мен қызу құлдилау мейрамның ұмытылмас атмосферасын сыйлайды.

  1. Фотобинго

Әртүрлі тапсырмалары бар «фотобинго» карточкасын жасаңыз, мерекелік дастарханның әрбір қатысушысы аталмыш тапсырманы түн жарымға дейін орындап шығуы тиіс. Олар алуан түрлі болуы мүмкін: мандариндермен суретке түсу, шараптың екі бокалынан кейінгі фото, көршімен немесе курьермен бірге түскен сурет. Карточкадағы барлық тапсырмаларды ең жылдам және ең жасампаз тәсілмен орындайтын адам жеңімпаз атанады.

  1. Шағын серуен

Камин алдындағы кеш, кәуаптар, қар үстімен серуендеу, отшашу – тіптен ерекше атмосфера. Басқа сценарийлермен – квест, ойындар немесе концертпен біріктіруге де әбден болады.

Қорытынды

Қандай сценарий түрін таңдасаңыз да, мерекелік сезім көтеріңкі көңіл-күйді барша компанияға сыйлары сөзсіз. Кішкене шығармашылық пен аздаған сиқырлықты қосыңыз – сонда жаңа жылдық түн өзідігінен-ақ мінсіз болып шығады.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.