Қазақстандық кино: есірткіге тәуелділік және оның салдары туралы фильмдер - Лайқос

Жаман жолға түсу: қазақстандық кино есірткіге тәуелділік тақырыбын қалай зерттеді

Дисклеймер. Төменде келтірілген материал тыйым салынған заттарды насихаттамайды, оларды қолдануға шақырмайды және бұл тақырыпты романтизацияламайды. Естеріңізге сала кетсек, есірткіге тәуелділік өлімге әкеліп соқтыратын ауыр дерт болып келеді.

Есірткілік және еліткіш заттар есте жоқ ежелгі заманнан бері адамзаттың серігі болып келеді және әрдайым мәдениетте көрініс табатын – жұмбақ бақсылар туралы ерте замандағы аңыздардан бастап The Beatles әндеріне дейін, Шекспир трагедияларынан бастап «Кровосток» тобының тректеріне дейін. Кинематографта есірткіні қолданудың салдары жайындағы тақырыпты жүздеген режиссерлер, соның ішінде қазақстандық режиссерлер де көтерген еді. Есірткінің қарапайым қазақстандықтардың тұрмысына қалайша еніп кеткенін және мұның қандай салдарға әкеп соқтырғаны турасында біз әртүрлі уақытта әртүрлі буындармен түсірілген алты отандық жоба негізінде айтып береміз.

Ине

Фильм Ине

Режиссері: Рашид Нұғыманов, 1988 жыл

Моро деген лақап атқа ие, қара киімді жұмбақ адам бұрынғы сүйіктісі Динамен кездесу үшін Алма-Атаға келеді, алайда қыздың оны опиаттарға отырғызған доктор Артурдың қол астында екендігі анықталады. Кейіпкер қызды Арал теңізіне алып кетіп, сол жерде есірткіге тәуелділігінен емдеуге тырысады және осы тұста оның қылмыстық топпен күресі басталады.

Басты рөлді өз буынының кумирі Виктор Цой сомдаған «Қазақтың жаңа толқынының» классикалық картинасы героинге тәуелді болған миллиондаған адамдардың өміріне балта шабатын болашақ 90-шы жылдардың алдындағы белгілі бір ескертуге айналуы тиіс еді (спойлер: айналған жоқ).

Осыдан 36 жыл бұрын жарыққа шыққанына қарамастан, авторлық, соның ішінде жалғызбасты қаһарман туралы классикалық негізге ие авангардтық кино бүгінгі күнге дейін өз өзектілігін жоғалтқан емес.

Анаша

Фильм Анаша

Режиссері: Ермек Шахмет, 2009 жыл

Кинематография тұрғысынан емес, әлеуметтану тұрғысынан айтарлықтай қызықты құбылыс. Әуесқой мокьюментари Қазақстанның оңтүстігінде Ермек Шахмет бастаған ынтагерлер тобымен қазақстандық киноның әлі прокатқа шықпаған кезеңінде («Рэкетир» және «Жұлдызға арналған коктейль» түріндегі сирек сәтті жобалар ережеден тыс жайт болған секілді) түсірілген.

Фильм Желіде таралуының арқасында танымалдылыққа ие болып, тіпті, белгілі бір дәрежеде культті мәртебесіне қол жеткізеді. Картинаның өзі марихуана мен сол тектес заттарға болатын тәуелділіктің егжей-тегжейін ашады.

999

Фильм 999

Режиссері: Марина Кунарова, 2010 жыл

«Ине» фильміндегі тропты белгілі бір дәрежеде қайталап отырған өте натуралистік драма. Бұл жерде де жас жігіт қызды нашақорлықтан құтқаруға тырысады, әрі басты рөлді тағы да музыкант (танымал Metis`s тобының сол кездегі солисі Валерий Задарновский – кішісі) сомдайды.

Марина Кунарованың дебюттік картинасы «Қызғылт қоян туралы ертегі» фильмінің танымалдылығы толқынында жарық көргеніне, әрі негізгі рөлдердің бірін Фархат Шәріпов фильмінің жұлдызы Максим Акбаровтың орындағанына қарамастан, картина режиссердің барлық кейінгі жұмыстары сияқты көрерменнің көңілінен шыға қоймады. Дегенмен арада 15 жыл уақыт өтсе де, бұл фильм нашақорлық түйткілін паш етуге деген жасық талпыныс секілді көрінеді. Сонымен бірге актриса Камила Ермекованың жарқын кинодебютін атап өтпеуге мүлдем болмас.

Шу-Чу

Фильм Шу-Чу

Режиссері: Жантемір Баймұхамедов, 2011 жыл

Егер Ермек Шахмет «шөпте» тек жамандықты көрсе, қазақстандық мәдениеттің трикстері, музыкант, шоумен, актер және режиссер Жантемір Баймұхамедов бұл жерде орасан зор комедиялық әлеуетті көре білді.

«Шу-Чу» атты эксперименталды ностальгиялық картина Шу алқабына «планға» (өткен ғасырдың 80-ші жылдарында режиссердің көптеген құрдастарының әуестігіне айналған қарасораны заңсыз жинауды осылай деп атайтын) шыққан бір топ жас жігіттер туралы әңгімелейді. Мұның бәріне шындап қарау, тіпті, мүмкін емес, сондықтан Баймұхамедовтың картинасына автордың өзі бірден екі рөлді сомдаған ұзаққа созылып кеткен скетч ретінде ғана қарау керек.

18 килогерц

Фильм 8 килогерц

Режиссері: Фархат Шәріпов, 2020 жыл

Жантемір Баймұхамедовқа қарағанда осыған дейін көпшіліктің назарынан тыс қалған «Өзге ғаламшарлықтардың қатысы жоқ» және нағыз культке айналған «Қызғылт қоян туралы ертігі» фильмдерінде есірткі тақырыбын көтерген Фархат Шәріпов өзінің жастық шағын тіптен аңсамайды.

Драма 90-шы жылдардың ортасында болған. Екі жоғары сынып оқушысының қолына кездейсоқ героин дозалары салынған бірнеше түйіншектер түседі. Әуелі жасөспірімдер тауарды таныс диджейдің көмегімен сатуға шешім қабылдайды, алайда кейінірек есірткіні өздері тұтынып бастайды да, осылайша өз өмірлеріне «балта шабады».

Картина Варшава кинофестивалінің бас жүлдесін жеңіп алған, сонымен бірге бұл фильм қазақстандық киноның ең жаңа тарихындағы есірткіге қарсы басты манифесттерінің біріне айналған, бір өкініштісі, осы кино қалың көпшіліктің назарынан тыс қалып қойды.

Әлібек Адыкен, Мұсахан және Камила Фун-Со дебютанттарынан құралған актерлік құрамды ерекше атап кеткен жөн, ал Камила бүгінде де белсенді түрде киноға түсіп, дәл қазір жуырдағы өткен шақты сана сүзгісінен өткізуге көмектесетін жоба – «Тырна» атты музыкалық сериалда ойнайды, бұл жоба осы ғасырдың алғашқы онжылдығында Қазақстандағы музыкалық бизнестің қалыптасуына арналған.

Схема

Фильм Схема

Режиссері: Фархат Шәріпов, 2022 жыл

«18 килогерц» фильмінің идеологиялық жалғасы қазіргі уақытта өрбиді және мефедронға деген тәуелділік эпидемиясы өмірлеріне енген бір топ жасөспірім туралы баяндайды.

Сюжеттің желісі бойынша жоғары сынып оқушысы Маша сүйкімді сыныптасы Рэммен танысады да, оған бірден ғашық болып қалады. Рэм оны өз ортасымен, үйдегі көңілді кештерімен және жасөспірімдермен уақыт өткізу үшін ақша төлейтін біртүрлі ересек адаммен таныстырады.

Ішінара американдық бизнесмен Джеффри Эпштейннің кәмелетке толғандарға қарсы жыныстық зорлық-зомбылық көрсету және балаларды сату оқиғасынан шабыттандырылған фильм Generation бағдарламасы бойынша Берлиналенің бас жүлдесіне ие болған.

Sheker

Фильм Sheker

Режиссерлері: Айтөре Жолдасқали, Дархан Төлегенов, 2020–2024 жылдары

Бұл шолуды 2020 жылы Salem Social Media тарапынан түсірілген веб-сериал аяқтайды.

Режиссер Айтөре Жолдасқалидің дебюттік жұмысы сандалбай жігіт Алдияр туралы баяндайды, ол емтиханды ақша арқылы «жабуға» бел буады да, есірткі тасымалдаушысы ретінде жұмыс істейді. Оның жақын досы Кана амалсыздан серіктесіне айналады. Екеуі бірге ұсақ алып-сатарлардан бастап жеке зертханасының иелеріне дейінгі жолдан өтеді.

Сериалдың жастар арасындағы ерекше танымалдығы үлкен дауларды тудырды. Бірнеше жасөспірім осы сериалды қарағаннан кейін тыйым салынған заттарды тұтынып көргендерін мойындаған еді, алайда авторларды нашақорлықты романтизациялады деп айыптау, кем дегенде, біртүрлі болып көрінеді, өйткені ескере кететін бір жайт, әрбір эпизодта дерлік Алдияр мен оның қауіпті бизнесіне қатысты барлық персонаждар не өлімге ұшырайды, не темір торға қамалады, не әрі кетсе рехабқа түседі.

Осы жылдың қараша айында режиссер Дархан Төлегенов түсірген толықметражды фильм экранға шығады, әрі ол Алдик пен Кананың хикаясындағы соңғы нүктені қоюы тиіс.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]