Мастықтың салдарысыз: ішімдікті дұрыс ішудің 7 кеңесі

Жауапты ішу мәдениеті: мастықтың ауыр салдары мен жарақатқа жол бермей, сауық кешті ұйымдастырудың жолы

Мастықтың салдары, жарақаттар, дау-жанжалдар – осының барлығы да «қарапайым» демалыстың бір бөлігіне жиі айналып отырады. Алайда бұл жайттарға жол бермеуге бола ма? Лайқос жауапты ішу мәдениетінің денсаулық пен хал-күйге зиян келтірмей рахатқа бөленуді сақтауға қалайша көмектесетінін анықтады.

Жауапты ішу мәдениеті дегеніміз не

Жауапты ішу мәдениеті – бұл әдеттер мен нұсқамалардың жүйесі, әрі осы тұста адам алкогольді тұтыну мен одан болатын салдарға саналы түрде қарайды. Бұл ретте ішімдіктен толықтай бас тарту немесе қатаң тыйымдар жайлы емес, тек алкогольдің ағзаға деген әсері мен жағдайды бақылауда сақтай білу турасында ғана сөз қозғалып жатыр.

Мұндағы идея өте қарапайым: алкоголь – денсаулық үшін де, мінез-құлық үшін де, әрі қауіпсіздік үшін де – зиянның себебіне айналмауы тиіс.

Неліктен мастықтың салдары оңай пайда болады

Алкогольдің әрекеті нағыз зұлым: әуел баста ол денені босаңсытып жібереді, алаңдаушылық деңгейін төмендетеді және өзгелермен араласуды жеңілдете түседі. Дегенмен ол бір мезгілде ішкі стоп-белгісін де өшіріп тастайды. Дәл осы себептен адам «жеткілікті» деген дәреженің қай мезетте келгенін сирек сезінеді.

Спирттік ішімдіктер бір уақытта адам ағзасының бірнеше жүйесіне ықпал етеді: сусыздандырады, электролиттердің теңгерімін бұзады, бауырға салмақ түсіреді және ұйқының сапасына әсерін тигізеді. Нақ осыған байланысты ішімдіктің, тіпті, бірқалыпты мөлшері де келесі күні күшті әсер беруі әбден мүмкін – әсіресе, бұл ұйқының қанбауы, би билеу, күйзеліс немесе тамақ ішпеумен қатар жүретін болса.

Сауық кешке қалай дайындалу керек

Аш келмеу

Асқазанның ішінде тамақ болмаса, алкоголь әлдеқайда жылдамырақ сіңіп кетеді де, масайрау сіз күткеннен де лезде басталады. Осының салдарынан «жеткілікті» деген дәреженің қай мезетте келгенін сезіну қиынырақ.

Сорбенттерді қабылдау

Егер оларды сауық кешінің алдында 1-2 сағат бұрын ішсеңіз, олар спирт пен токсиндердің бір бөлігін асқазанда байланыстыра алады, әрі осылайша олардың қанға сіңірілуін баяулатады.

Таң жайлы алдын ала ойлаңыз

Су мен электролиттерді дайындап қойғаныңыз абзал. Сауық кешінен кейін азғаға ең бірінші кезекте су-тұз теңгерімін қалпына келтіріп алған аса маңызды.

Ортаны таңдау

Сауық кешінде өзін-өзі ұстау тек адамның өзіне ғана емес, сонымен бірге оның айналасындағы компаниясына да байланысты болып келеді. Орта бізге аса қатты әсер ететіні рас: көндіру, сөз сөйлеу, әзіл-қалжыңдар мен «жұрт сияқты болу» ұмтылысы бақылауды бірте-бірте төмендетеді. Белгілі бір сәтте адам, тіпті, өзі жоспарлағаннан әлдеқайда көбірек ішіп қойғанын байқамай да қалуы ықтимал.

Кейбір компанияларда алкогольден бас тарту немесе тоқтау ниетіңіз қиын қабылданады. Олай болса, мына бір жайт туралы ойланып көріңіз: қасында өз шекараларыңызды сақтау мен хал-күйіңізге қамқорлық жасау қиынға соғатын адамдармен жақын қатынасуды жалғастырудың қажеті бар ма?

Масаңдық табы қаупін төмендетудің жолы

  • алкогольді сумен кезектестіру
  • анағұрлым баяу қарқынды таңдау
  • сауық кеш барысында тамақ ішу
  • әртүрлі сусындарды араластырудан аулақ болу
  • ағзаңыздың ерекшеліктеріне, салмақ пен осыған дейінгі тәжірибеңізді ескере отырып, өз шамаңызға бағдарлану
  • алкогольсіз коктейльдерді таңдау
  • алкоголь мен темекіні араластырмау

Қорытынды

Сауық кештер күйзелістің, ұяттың немесе денсаулыққа қатысты түйткілдердің себебіне айналмай, өмірдің бір бөлігі болып қала беруі мүмкін. Ол үшін тыйымдар емес, өзіңізді тыңдай білу дағдысы маңызды: уақытында тоқтау, өзгелердің көндіруіне ермеу және денеңіздің белгілеріне сүйене отырып, жеке жайлылықты таңдаған жөн.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.