Саяхат жорығына не алған жөн: толық тізім мен саяхатшыларға арналған кеңестер - Лайқос

Саяхат жорығына не алу керек: чек-лист және кеңестер

Соңғы жылдары белсенді демалыс әуесқойлары арасында саяхат жорықтары айырықша танымалдылыққа ие болып отыр. Бұл табиғат көріністерінен ләззатқа бөлену, күнделікті қарбалас өмірден шаршағанда, бір мезгіл көңіл сергіту және өзіңді сынаудың мүмкіндігі. Мейлі бұл қысқа ғана бір күндік саяхат жорығы болсын, не болмаса көп күндік саяхатты жоспарлап отырсаңыз да, жақсы жоспар мен дұрыс құрал-жабдықтар – нағыз қажет дүние.

Саяхат жорығына не алу керек

Жалпы саяхат жорығына тиянақты дайындалу үшін мына сұрақтарға жауап беріңіз:

– Сіз саяхатқа қашан шығасыз? Қыста ма, әлде жазда ма? Керекті жабдықтар осыған байланысты болмақ.

– Қоршаған орта қандай? Таулы, шөлді аймақ немесе көл – жәндіктерден қорғайтын құрал мен киім-кешегіңізді алдын ала мұқият ойластырғаныңыз абзал.

– Саяхатыңыздың ұзақтығы қандай болады? Егер сіз бірнеше күндік саяхат жорығын жоспарласаңыз, онда қажетті жабдықтар саны екі есе артады, мұнда шатыр, азық-түлік қоры және жорық плитасы кіреді.

– Сіз кіммен барасыз? Саяхат жорығына балаларыңызбен баратын болсаңыз, олардың тамақтану ерекшеліктерін ескергеніңіз маңызды және олардың арқақоржынын алып жүруге дайын болғаныңыз жөн.

Саяхат жорығы үшін не қажет: маңызды ұсақ-түйектер

Жорыққа арналған киім мен аяқ киім

Саяхат жорығына арналған жабдықтар

Арқақоржынның сыйымдылығы шектеулі екендігін және оны өзіңізге көтеріп жүруге тура келетінін қаперіңізден шығармаңыз. Қарапайым бағдарда артық килограмдар сезілмеуі әбден мүмкін, алайда таулы аймақта ол әлдеқайда ауыр болып көрінеді.

Алматыдан бір сағаттық жердегі демалыс
Көптен күткен жаздың нағыз қызған кезі, әрі Алматының әрбір тұрғыны алдағы демалыс күндерін қалай өткізетіні…
https://laikos.kz/kz/demalys/almatyda-demaly/

Жорыққа қандай тамақ алып шыққан дұрыс?

Саяхат жорығына арналған тамақ калорияларға бай болуы тиіс, өйткені сіз қозғалғанда, жүкті көтерген кезде және кедергілерді еңсергенде көп күш-қуат жұмсайсыз. Зат алмасу ерекшеліктеріне сай әйелдерге арналған орташа тәуліктік норма – 1500-2500 ккал, ал ер адамдар үшін – 2000-3000 ккал болып саналады.

Толыққанды тамақтану үшін саяхат жорығына әртүрлі азық-түлікті алып шыққаныңыз дұрыс: жармалардың түр-түрі, кептірілген жемістер, жаңғақтар, пісте, ірімшік, шұжық, консервіленген ет, құрғақ ет, балық, тұз, қант, шай, кофе және т.б.

Саяхат жорығында су да тамақ секілді жоғары маңыздылыққа ие. Ол ішу үшін ғана емес, сонымен бірге тамақ дайындауға, ыдыс-аяқты жууға, ал кейде, тіпті, медициналық қажеттіліктер үшін де керек болып жатады. Физикалық белсенділік жағдайында судың жетіспеушілігі адам ағзасын әлсіретіп қана қоймай, сондай-ақ ыстық өту, бүйрек тастарының пайда болуы мен басқа да күрделі асқынулардың туындау қаупін арттыра түсуі ықтимал.

Орта есеппен алғанда күніне адамға шамамен екі литр су қажет, дегенмен физикалық жүктеме кезінде бұл көлем 4-5 литрге дейін өсуі бек мүмкін. Егер сіз бұлақ немесе өзеннің суын пайдалансаңыз, оны микробтар мен қоспалардан міндетті түрде тазартуды ұмытпаңыз – ол үшін суды қайнатыңыз немесе сүзгіден өткізгеніңіз жөн.

Қорытынды

Бағдарыңыз бен оралуыңыздың болжалды уақыты жайында міндетті түрде біреуге айтып кетуді есіңізден шығармаңыз. Бұл сіздің күтпеген жағдайдағы қауіпсіздігіңізді арттыра түсетіні хақ.

Жақсы жоспарланған саяхат жорығы – бұл тек кепілдендірілген жайлылық пен қауіпсіздік қана емес, сонымен бірге күйбең тірліктерден үзіліс жасап, табиғаттан рахат алудың керемет мүмкіндігі. Шағын бағдарлардан бастаңыз, жаңа соқпақтарды игеріңіз және әрбір қызықты оқиғадан ләззатқа бөленіңіз.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]