
Мансапқа арналған «ойын алаңы»: үстел ойыны өмірлік істі табуға қалай көмектесе алады
Мамандықты таңдау көбінесе лотореяға ұқсайды: жолыңыз бола ма, болмай ма? Кәсіптік бағдар бойынша тесттер қызықсыз, ал ата-ананың кеңесі – ескірген болып көрінеді. Ал егер мансап мәселесіне ойын ретінде қарасақ ше? Дәлме-дәл мағынада. Лайқос сізге қандай мамандықтар сәйкес келетінін, шешімдерді қалай қабылдайтыныңыз бен сіз үшін өмірде не нәрсе маңызды екендігін бірнеше сағаттың ішінде түсінуге көмектесетін үстел ойынын тапты.
Бұл қандай ойын
Solutions – Satbayev University мен Minority Report компаниясының бірлесіп жасаған кооперативтік үстел ойыны.
Ойыншылар бір кейіпкерді басқарады және оның өмірін кешеді: 11 жасынан бастап ересек жастағы мансапқа дейін. Білімді, жұмысты, қарым-қатынастарды, саяхаттарды, бос уақытты қалай өткізу керектігін бірлесе отырып таңдау керек – әрі бір шешімнің қалайша бәрін өзгерте алатынын бақылап отыру.
Басты мақсат – жұмысы, қызығушылықтары мен ресурстары арасында тепе-теңдікті сақтай білетін бақытты және табысты ересек адамды өсіру.
Solutions нені үйретеді
- Стратегиялық жоспарлау
Сіз алғаш қарағанда ұсақ бір шешім қабылдап жатқан сияқтысыз – мәселен, кейіпкерді бағдарламалау курстарының орнына мектептегі концертке жіберу. Ал екі қадамнан кейін дәл осы курстар болғанда бұл алғашқы тағылымдамадан сәтті өтуге көмектесетіні анықталады.
- Work-life balance
Кейіпкер ұдайы қалжырататын жұмысты таңдай берсе, не болатыны жылдам көрінеді – ол ересек өмірге сарқылған ресурстарымен келеді. Не болмаса, керісінше: тым көп ойын-сауық болса, кейіпкер мансап жолындағы маңызды мүмкіндіктерден айырылып отырады.
- Жаңа мамандықтарға бағдарлану
Карточкалар болашақ мамандықтарды ұсынады: биометрия бойынша маман, ЖИ этикалық кеңесшісі және бүгіннің өзінде Қазақстанда пайда болып отырған басқа да бағыттар. Бұл нарыққа әлдеқайда кеңірек қарауға және өз дағдыларыңызды қай бағытта жетілдіруге болатынын ойластыруға көмектеседі.
- Дағдарыстарға дайындық
18+ жаста түрлі оқиғалар басталады: жұмыстағы қысқарту, сәтсіз тағылымдама, қаржылық қиыншылықтар. Әрі бұл жайттардан қашып құтылуға болмайды – осы тұста жасөспірім шақта жиналған ресурстар қоры мен икемді дағдылардың қаншалықты маңызды екендігі байқалады.
Кім үшін жарамды
- Жасөспірімдер мен студенттерге – жоғары оқу орнын немесе алғашқы мамандықты анағұрлым саналы түрде таңдау үшін.
- Ойын жаңа бағытты іздеп жүрген ересектерге өзінің мықты қырларын көру мен қандай салалар қызықты екендігін түсінуге көмектеседі.
- Командаларға – тимбилдингтің жұмсақ форматы ретінде: шешімдер бірге талқыланады, әрі кімнің қалай ойлайтыны мен басымдықтарды жайғастыратыны анық көрінеді.
Бұл қалай жұмыс істейді
Ойын 90-120 минут созылады, 2-6 адам ойнай алады.
Старт: кейіпкер 11 жаста. Ойыншылар оның есімін, жынысын, отбасын бірге ойлап табады.
Балалық және жастық жақ: әрбір жүріс – бұл мүмкіндіктер карточкаларынан таңдау. Оны хайуанаттар бағына, шетелге тағылымдамадан өтуге жіберу немесе ол мектептегі концертті ұйыдастырумен айналысса болады.
Ересек өмір: 18 жастан кейін әртүрлі оқиғалар пайда болады – жағымды және онша еместері. Олардан бас тартуға болмайды: тура өмірдегідей, қиыншылықтарды шешуге тура келеді.
Мамандығы: soft skills жетілдіруден басқа, кейіпкерге мамандық та қажет болады. Ойында оның үш түрі бар: қарапайым (курьер, кассир, промоутер), келешегі зор (заңгер, маркетолог, HR) және Қазақстан Республикасындағы жаңа мамандықтар мен құзыреттердің атласынан алынған болашақ мамандықтары (биометриялық бақылау бойынша технолог, ЖИ этикалық кеңесшісі).
Ережесі егжей-тегжейлі берілген, дегенмен оларды тез ұғынуға болады – механикасы түсінікті.
Қорытынды
Solutions «өзіңді бір кештің ішінде табатыныңа» уәде бермейді, алайда ойын түрінде шынайы басымдықтарды көрсете алатынымен таңдандырады. Екі сағаттың ішінде-ақ сіз үшін не нәрсе маңызды екендігі айқын көрінеді – тұрақтылық па, даму ма, шығармашылық па, әлде тепе-теңдік пе? Сонымен бірге бұл – мейлі тимбилдингте болсын, мейлі достарыңызбен үйде, не болмаса өмірлік жолын таңдап жатқан жасөспіріммен мансаптық армандар мен жоспарларды талқылаудың тамаша себебі.