Әйелдер шеңбері мен Лила ойыны – түрленім практикалары өсуге қалай көмектеседі - Лайқос

Әйелдер шеңбері, Лила мен ішкі дамуға арналған ойындар – бұл не және қалай жұмыс істейді

Қызойнақ кеші, психология мен рухани практикалар арасында әйелдер шеңбері, түрленім ойындары мен Лила пайда болған. Кейбіреулер үшін бұл өзіне деген жол болса, басқалары үшін түкке тұрмайтын іс пен сектанттық. Мұның шын мәнісінде не екендігін және неліктен күллі әлем бойынша әйелдер барған сайын осыдан нағыз қолдау мен ішкі күшті тауып отырғанын анықтаймыз.

Әйелдер шеңбері деген не?

Бұл қауіпсіз, әрі қабылдаушы атмосферадағы қолдау көрсету мен саналы қарым-қатынастың түрі. Әйелдер шеңбері – бұл қатысушы арулардың сөзі бөлініп кету, кінә тағу немесе түсінбестікке тап болу қорқыныштарынсыз ашықтан-ашық әрі шын сөйлесе алатын кездесу. Мұнда ешқандай кеңестер берілмейді, ешкім бағаланбайды және шешімдер күштеп таңылмайды, оның орнына ықыласпен қарау мен, тіпті, сезімдеріңізді сөзбен жеткізу қиын болған сәттердің өзінде де қолдау ұсынылады.

Кездесулер форматтары әртүрлі болуы мүмкін: сенім білдіретін әңгімелерден бастап медитациялардың, тыныс алу мен денелік практикалардың элементтері бар, әрі архетиптер және эмоциялық күйлермен жұмысты қамтитын сессияларға дейін. Әйелдер шеңбері өзіңнің жалғыз емес екеніңді түсінуге, сонымен бірге ішкі алаңдаушылықтар, қорқыныштар, күмәндар мен ізденістер көпшілікке жақын болатынын ұғынуға көмектеседі.

Ал Лила ойыны дегеніміз не?

Лила – бұл ежелгі үнді үстел ойыны. Сыртынан қарағанда – торшалары бар классикалық жүру симуляторы секілді. Алайда мағынасы әлдеқайда тереңде жатыр. Ойын алаңы ішкі әлемнің картасын білдіреді: мақсаттар, күйлер, уайымдар. Тасты лақтырған кезде сен тақтайдың үстімен емес, өзіңнің түпсана бойынша қозғалып жатқандай боласың.

Лила дайын шешімдерді ұсынбайды. Оның орнына ол өзіңізге маңызды сұрақтарды қою, ішкі бұғаттарды анықтау, мазасыздықтың, шаршағандық немесе өмірде «тұрып қалғандай» сезімнің себептерін түйсінуге септігін тигізеді.

Ал әлеуетті дамыту ойындары бұл эзотерика емес пе?

Міндетті емес. Көптеген ойындар психологтар мен коучтер тарапынан ойлап шығарылған – бұл ойын-сауық емес, бұл өзіңізді жұмсақ түрде әрі терең түсінудің тәсілі. Ойын арқылы ілгері қарай жылжуыңызға не нәрсе кедергі жасап тұрғанын көру, кері байланысты алу мен күтпеген шешімдерді табу мүмкіндігі бар. Қарым-қатынастар, сенімділік, ақша, жеке шекара турасындағы форматтар баршылық – әрі дәл осы ойын көбінесе кәдімгі өмірде жете алмаған нәрселерді береді.

Ал бұл сектанттық емес пе?

Нағыз әйелдер шеңберлері мен түрленім практикалары қысым көрсетуге, манипуляцияларды жасау мен «ақиқатты» күштеп таңуға жол бермейді. Бұл жылдам шешімдер де, «қалып бойынша түйсіну» да емес, бұл өз-өзіңіз және күйлеріңізбен саналы түрде, құрметпен қарай отырып, жұмыс істеу үдерісі.

Бұл кімге жарамды?

  • талдаудан шаршаған, дегенмен ойлауды ғана емес, сезінуді қалайтын адамдарға;
  • қолдауды іздейтіндерге, алайда «құрбылар кеңес берді» деген форматта емес;
  • өзін диагноздар арқылы емес, тәжірибе, ойын, дене және эмоциялармен байланыс арқасында зерттеуге дайын жандарға.

Нәтиже бірден көріне ме?

Ол әпсетте келе бермейді. Дегенмен уақыт өте келе адам кенет келесіні түсінеді: «Мен қорқыныш сезімінсіз жоқ деуді айта бастадым», «Мен өз тілектерімнен ұялуды қойдым», «Мен алғаш рет өзіме басқа нәрсені қалауға мүмкіндік беріп, соған қол жеткізу үшін бардым».

Қорытынды

Түрленім практикалары – бұл қайталанатын кертартпа тәртіптен шығу мен өзіңізге басқаша қарау мүмкіндігі. Біз «күшті», «тиімді» болу мен «барлығын сүйреуге» әдеттенген бұл әлемде мұндай форматтар мынаны есімізге түсіреді: әйелдің күші бақылауда емес, ол өмірді сезіну мен оған сенуде жатыр.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.