
2050 жылға қарай адамзаттың жартысы сығырлыққа ұшырайды: көру қабілеті неге нашарлайды және не істеуге болады?
8 сұрақ
Көз бен монитордың экраны арасындағы арақашықтық қандай болуы тиіс?
Компьютер алдында жұмыс істегенде үзілістерді қаншалықты жиі жасау ұсынылады?
Төменде көрсетілгендердің арасында қайсысы ұзақ әсер еткен жағдайда көру қабілетін нашарлата алады?
Көзге арналған гимнастиканың арқасында көру қабілетін толықтай қалпына келтіруге бола ма?
Қандай симптом көздің шамадан тыс шаршауын көрсетуі мүмкін?
Офтальмологтың профилактикалық тексерісіне қаншалықты жиі бару керек?
Сығырлық дегеніміз не?
Экран алдында ұзақ уақыт отырғанда не нәрсе көздің құрғақтығын азайтады?
Көз алдыңызға елестетіп көріңізші: сіз метро, дәмханаға кіріп, не жұмысыңызға келдіңіз – алдыңыздан шыққан әрбір екінші адам көзілдірік тағып жүр. Бұл утопия емес. Зерттеу мәліметтеріне сәйкес, 2050 жылға қарай ғаламшардағы халықтың жартысынан көбі көру қабілетіне байланысты түйткілдерге ие болады. Бұл неліктен болып жатыр және көзімізді сақтаудың жолы қандай туралы дәрігер-офтальмолог Артем Фарбитник айтып берді.
Неліктен адамзат көру қабілетін жоғалтып жатыр
Осыдан 10 жыл бұрын сарапшылар миопия (алыстан нашар көрушілік) эпидемиясы басталғалы жатыр деп болжаған еді. Ал бүгінде офтальмологтар күллі әлем бойынша көзге байланысты түйткілдердің дүмпуін белгілеп отыр. Басты айыпкер – цифрландыру.
Пандемия кезіндегі карантиннен кейін экрандар өміріміздің ажырамас бөлігіне айналғаны рас. Қазіргі заманғы адам орта есеппен алғанда күніне 7-10 сағатын экран алдында өткізіп, көбінесе, тіпті, көзді ашып-жұму мен үзіліс жасауды да ұмытады. Нәтижесінде құрғақ көз синдромы мен үдемелі сығырлыққа тап болады.
Адамның көзі экранға жақын қашықтықтан үнемі қарауға бейімделмеген. Миллиондаған жылдар бойы біздің көзіміз табиғат, көкжиек, қимыл-қозғалыстарды бақылауға әдеттенген. Ал енді – тек қана әлеуметтік желілер, хабарлама жазысу, Excel мен Netflix. Бұл жерге тұқым қуалаушылық пен табиғи жарықтың жетіспеушілігін қосыңыз, сонда көру қабілетінің бұзылуына апаратын мінсіз қоспаға ие боласыз.
Бұл нені қоздырады:
- Миопия (сығырлық) – көз анотомиясының өзгеруі, бұл бірқатар күрделі асқыну жағдайларына әкеліп соқтыруы ықтимал: көздің ішкі тор қабығының жыртылуы мен ажырауы, дистрофиялар мен ісінулер, қылилық, ал болашақта соқырлыққа апаруы мүмкін. Көз созылады, ал көздің торы мен тамырлы қабығы жүктемеге қарсы төтеп бере алмайды.
- Компьютерлік көру синдромы – белгілер кешені: дызылдау, шаршағандық, көру қабілетінің бұлыңғырлығы.
- Алыстан көргіштік пен катаракта – ультракүлгін суәлелер мен қышқылдандыратын стресс салдарынан егде жаста жылдамдатылады.
- Глаукома мен тор қабығының бүлінуі, әсіресе, тұрақты тексерулерден өтуді елемейтіндер арасында кеңінен таралған.
Жас шамасына байланысты алыстан көргіштік ше?
Бұл түйткіл 40 жастан асқан адамдардың барлығына таныс. Миопиямен салыстырғанда бұл көз жанарының қартаюының табиғи үдерісі, яғни, көз бұршағы жылдар өткен сайын анағұрлым тығыз бола түседі де, өзінің иілгіштігін жоғалтады және жақын қашықтықта фокусты ұстау қасиеті нашарлайды.
Жаман және жақсы жаңалықтарымыз бар:
- жаманы – ешкім дерлік бұл үдерістен қашып құтыла алмайды;
- жақсысы – оның дамуына гаджеттер мен экрандар әсер етпейді (миопиядан айырмашылығы).
Ал жаман әдеттер ше?
Темекі тарту өкпеге ғана зиян келтірмейді — бұл көру қабілетіне де біртіндеп нұқсан келтіреді. Темекі түтініндегі уытты заттектер көздің құрылымын ішінен бұзады да, көз жанарының бұлыңғырлығына әкеліп соқтырады, әрі катаракта, глаукома мен көру жүйкесінің ишемиясының дамуын тездетеді. Егер тіпті қазіргі уақытта көру қабілетіңіз жақсы болса да, жаман әдеттердің салдарынан бұл ұзаққа созылмауы мүмкін. Егер темекіден бас тарту, не болмаса темекінің санын қысқарту әзірге қиын болса, хиттерлерді қарастырып көріңіз. Олар жану үдерісіне жол бермейді, демек, көздің шырышты қабығын тітіркендіретін және көз торындағы қанның микроциркуляциясын нашарлататын канцерогендер, шайыр және жану өнімдерінің ағзаға түсуін азайтады.
Алкоголь қан тамырларының қабырғаларын бұзады және қабынуды тудырады. Көру жүйкесінің реакциясы ерекше келеді: көздің жітілігі нашарлайды, түс қабылдау бұрмаланады. Күшті спирттік сусындардан аулақ болыңыз, градусты төмендеткеніңіз абзал – алкогольдік жүктеме неғұрлым төмен болса, көру қабілетіне түсірілетін уытты ықпал да соғұрлым азырақ болады. Әсіресе кешкі уақытта алкогольді тұтынудан бас тартқан абзал, өйткені бұл көздің шаршауын күшейтеді және ұйқы кезінде көру жүйесінің қалпына келуін нашарлатады.
Дұрыс тамақтанбау көзге зиян келтіреді: қант пен трансмайлар мөлшерінің шамадан тыс көп тұтынылуы қант диабеті кезінде көзді зақымдап алу (диабеттік ретинопатия) қаупін арттыра түседі, ал омега-3, A, C, E және B тобындағы дәрумендердің жетіспеушілігі көз торының қоректенуін нашарлатып жібереді. Тұз көз іші қысымының өсуіне септігін тигізуі мүмкін. Ас үлесіңізге майлы балық, жұмыртқа, асжапырақ, жаңғақтар, сәбіз бен цитрус жемістерін қосқаныңыз жөн – бұл өнімдердің құрамы антиоксиданттарға бай және көз тінін қорғауға бейім болып келеді. Фастфудты көмештеп пісірілген көкөністер мен балық немесе күркетауық еті қосылған тұтас дәнді бутербродтарға ауыстырғаныңыз дұрыс.
Биоырғақтардың бұзылуы. Күн тәртібі күннің циклімен сәйкес келмеген жағдайда көз торы жасушаларының қалпына келуіне қажетті заттардың шығарылуы бұзылады. Әсіресе, күн батар алдындағы сәулелер аса маңызды: дәл осы сәулелер көз түбінің денсаулығын нығайтуға көмектесетін үдерістерді іске қосады екен. Таңертең және кешкісін, кем дегенде, 15-30 минут уақытыңызды далада өткізуге тырысыңыз. Кешкі уақытта экрандардың жарықтығын төмендеткеніңіз абзал, түнгі режим немесе көк түсті сүзгілерді қосыңыз. Үнемі бір уақытта ұйықтауға жатыңыз және ұйқыдан тұрыңыз, бастысы, 23:00 кеш жатпаңыз – бұл көзге толыққанды демалуға көмектеседі.
Өзіңізге қалай көмектесе аласыз?
- 20-20-20. Әрбір 20 минут сайын экранға телміруді қойып, 20 секунд бойы 20 футтай (6 метрдей) қашықтыққа қараңыз.
- Қант мөлшерін қадағалаңыз – диабеттік ретинопатия «жасарып» бара жатыр.
- Темекіні тастаңыз және алкоголь тұтынуды азайтыңыз – көзіңіз алғысын айтары сөзсіз.
- Офтальмологтың қабылдауына тұрақты түрде барып тұрыңыз, әсіресе, сығырлық, алыстан көргіштік немесе жаман әдеттеріңіз бар болса.
- Күн сайын серуендеңіз – таза ауада кем дегенде 1-2 сағат жаяу жүріңіз.
- Цифрлық детокс: ұйықтар алдында және таңертеңгі уақытта гаджеттерді қолдануды азайтыңыз.
- Көзге арналған қоректену: лютеин, зеаксантин, A, C, E дәрумендері, омега-3 – көз торы мен жанарының мықты қорғаушылары.
- Қажет болған жағдайда көздің кемшілігін түзетіңіз – егер бұзылыстар бар болса, көзілдірік немесе линза тағуды елемеуге болмайды. Көру қабілеті өз бетімен дұрысталмайтыны хақ.
Қорытынды
Біз экрандар дәуірінде өмір сүріп жатырмыз, дегенмен бұл көру қабілетінің нашарлауы – үкім дегенді мүлдем білдірмейді. Ұсақ-түйек нәрселер, соның ішінде ұйқы тәртібі мен тамақтанудан бастап тұрақты серуендеу әдеті мен цифрлық гигиенаға көңіл бөлсек, біз осы үдерісті айтарлықтай баяулата аламыз және көру анықтығын ұзақ жылдарға сақтай аламыз.