40-тан кейінгі көру: өзгерулердің себептері, көз денсаулығын қалай сақтау керек | Лайқос

40-тан кейінгі көру қабілеті: көзге не болады және денсаулықты сақтаудың жолы

9 сұрақ

40 жастан кейінгі жас ерекшелігіне байланысты көру қабілетінің кеңінен таралған өзгерісі қалай аталады?

Неліктен пресбиопия дамиды?

Пресбиопия тым болмаса бір адамды айналып өте ала ма?

Күнделікті өмірде бастапқы пресбиопия қалай көрініс табады?

Қандай әдеттер 40 жастан кейін көру қабілетінің нашарлауын жылдамдатады?

Көзге арналған гимнастика пресбиопияны емдей ала ма?

40 жастан кейін көзді ультракүлгіннен қорғау қандай рөлді атқарады?

Шағым болмаған жағдайда 40 жастан кейін офтальмологқа қаншалықты жиі бару ұсынылады?

40 жастан кейін көру қабілетін сақтауға не нәрсе жақсы көмектеседі?

Адамдардың көбі 40 жастан кейін кітап оқу немесе компьютер алдындағы жұмыс секілді үйреншікті нәрселердің қиынға соғатынын байқай бастайтыны рас: әріптер бұлыңғыр бола түседі, мәтінді алшақтату немесе көзілдірік тағуға тура келеді. Бұл жастың ұлғаюына байланысты қалыпты өзгерістер. Лайқос офтальмолог Артем Фарбитникпен бірге 40 жастан кейін көзге не болатынын, үдерісті баялатуға бола ма екендігі мен қандай дақпырттарды әшкерелеудің уақыты әлдеқашан келгенін анықтайды.

Жас ұлғайғанда көру қабілетінің өзгерістері қалай өтіп жатады?

Жас шамасына байлайнысты өзгерістер арасында бірінші орында пресбиопия – жас ерекшелігіне қарай алысты көргіштік тұр. 35-37 жаста пресбиопия алды жағдай басталады: оқыған кезде немесе компьютер алдындағы жұмыс барысында көздің шаршауы, бастың ауыруы және көздің құрғақтығы. Жас кезінде пішінін оңай өзгерте алатын және әртүрлі қашықтықтарда фокусты жылдам ұстауға мүмкіндік беретін көз жанары бірте-бірте өзінің иілгіштігін жоғалтады.

Пресбиопия – бұл ауру емес, бұл физиологиялық үдеріс, әрі оны әрбір адам бастан кешетіні шүбәсіз, дегенмен ол әркімде әрқалай көрініс табады. Мәселен, алыстан нашар көретін жандар оқуға арналған көзілдіріксіз ұзақ уақыт жүре береді, ал алыстан көретіндер анағұрлым қаттырақ қиналады да, кешенді оптиканы қолдануды қажет етеді.

«Менің атам 70 жасында көзілдіріксіз оқиды» деген секілді хикаялар көбінесе сығырлықтың бар екендігімен түсіндіріледі, әрі ол жас ерекшелігіне байланысты алыстан көргіштікпен ішінара теңгеріледі.

40 жастан кейінгі басқа да жиі кездесетін аурулар

  • Катаракта. Көз жанары лайланады және ісінеді, алыстан да, жақыннан да көру нашарлайды. Сонымен бірге көз іші қысымы артуы мүмкін.
  • Жасқа байланысты макулярлы дегенерация (ЖМД). Айқын көру үшін жауап беретін көздің ішкі тор қабығының орталық бөлігі зақымдалады.
  • Глаукома. Жоғары көз іші қысымы көру жүйкесін зақымдайды. Сүйемелдеуші емсіз бұл қайтарымсыз соқырлыққа әкеліп соқтырады.
  • Диабеттік ретинопатия. Қант диабеті салдарынан көз торының тамырлары зақымдалады, қан құйылу мен көздің ішкі тор қабығының орталық бөлігінің ісінуі пайда болады. Диабет кезінде көздің түбін тексеру кем дегенде жылына екі рет жасалуы тиіс.

Көру қабілетін операциясыз жақсартуға бола ма?

Табиғи әдіс-тәсілдердің көмегімен көру қабілетін жақсарту мүмкін емес, әсіресе, клиникалық бұзалыстар жайлы сөз етілсе (мысалы, жақыннан көргіштік немесе катаракта). Дегенмен көздің шаршауын баяулату мен асқынудың қаупін төмендетуге болады.

Оптика

Дұрыс таңдап алынған көзілдірік немесе линзалар – көру қабілетінің сапасын сақтаудың басты тәсілі.

Тамақтану тәртібі

Көздің денсаулығы үшін шын мәнісінде жұмыс істейтін нәрсе – бұл теңдестірілген тамақтану. Ас үлесінде көкөніс, балық пен жеміс жеткілікті мөлшерде болған жағдайда көз негізгі қорғаныс пен қолдауға ие болады. Қоспаларды тек қана медициналық көрсетілімдер болған кезде ғана қосу керек. Мәселен, егер офтальмолог ЖМД қаупі бар деп диагностикаласа, онда маман құрамына лютеин, зеаксантин, C және E дәрумендері, сондай-ақ мырыш пен мыс кіретін арнайы кешендерді тағайындауы мүмкін – өйткені дәл осы үйлесім аралық және соңғы сатылардағы ауруды бәсеңдету бойынша тиімділігін дәлелдеген. Омега-3 май қышқылдары жүрек, қан тамырлары үшін және құрғақ көз синдромында пайдалы, алайда оның катаракта немесе ЖМД-ға қарсы нақты дәлелдері әзірге жоқ. А дәрумені тек тапшылық кезінде ғана көмектеседі, дегенмен С немесе Е секілді бөлек дәрумендердің өздігінен қандай да бір әсер беретіні екіталай.

Жалпы денсаулық

Денсаулық жайы мен ұйқы тәртібін қадағалап, қысымды өлшеу, әрі қандағы қант деңгейін, тамырларды тексеріп отырған маңызды.

Физикалық белсенділік

Қант деңгейі мен қысымды бақылауда ұстауға көмектеседі, ал бұл диабеттік ретинопатияның даму қаупін тікелей төмендетеді.

Жаман әдеттерден бас тарту

Жасыңыз, тіпті, 40-тан асып кетсе де, бас тарту ешқашан кеш емес! Жаман әдеттерден құтылу пресбиопияны тоқтатпайды, өйткені бұл табиғи үдеріс, дегенмен бұл оның белгілерін баяулату мен ілеспелі аурулардың қаупін төмендетуге қабілетті болып келеді. Темекі түтіні оттегінің жетіспеушілігін тудырады және көздің тамырларын зақымдайды, алкоголь тіндердің қартаюын жылдамдатады, ал қимыл-қозғалысы аз өмір салты қан айналымын нашарлатады.

Жаман әдеттен арылу қышқылдандыру стресін төмендетеді, көздің қоректенуі мен жұмысын жақсартады, әрі көру қабілетін ұзағырақ сақтауға мүмкіндік береді. Егер дәстүрлі темекіден бірден бас тарту қиынға соқса, дәрігермен кезең-кезеңге бөлінген жоспарды талқылауға болады: никотин алмастыратын терапияны (НАТ) қолдану, канцерогенді түтіннің түзілуін азайтатын хиттерлерді қарастыру, сондай-ақ басқа да қолдайтын нұсқаларды байқап көру.

Алкоголь жайлы айтар болсақ, бұл жерде алдымен құрамында алкоголі аз сусындарға ауысуға болады, ал кейіннен тіптен алкогольсіз нұсқаларға көшу. Алайда ең дұрыс шешім – жаман әдеттерден біржолата бас тарту.

 

Нақты аурулар (катаракта, глаукома, ретинопатия) жайында сөз қозғасақ, көруді тек маманның бақылауындағы емнің көмегімен ғана қалпына келтіруге болады.

Қандай тәсілдер көруді қалпына келтіре алмайды?

  • Дәрумендер мен тамшылар. Тек дәрігер тарапынан және көрсетілімдер бар болған жағдайда ғана тағайындалады. Өзін-өзі емдеудің пайдасы болмауы немесе, тіпті, зиянды болуы әбден мүмкін.
  • Жаттығулар. Көзге арналған гимнастика компьютер алдында жұмыс істегеннен болатын шаршауды ғана алып тастауға септеседі, дегенмен емдемейді және аурудың бетін қайтармайды.
  • Тесіктері бар көзілдірік. Бұл коммерциялық дақпырт, оны тұрақты түрде қолдану көзге, тіпті, зиян келтіруі ықтимал.
  • Сәбіз бен қаражидек. Азық-түлік ретінде пайдалы, алайда көру қабілетін қалпына келтірмейді.
  • Шөп тұнбаларына малынатын дәке мен халық әдістері. Тиімділігінің дәлелденген негізі жоқ және бұл көздің құрылымын өзгерте алмайды.

Неліктен офтальмологқа үнемі бару керек?

40 жастан кейін офтальмологқа жылына, кем дегенде, бір рет бару қажет. Егер созылмалы аурулар бар болса, жиірек тексерілген абзал (3-6 айда бір рет). Қаралу көздің тексерілуін, көз іші қысымының өлшенуін, көздің түбі мен ішкі тор қабығының зерттелуін қамтиды, қажет болған жағдайда қосымша сынақтамалар тағайындалады.

Қорытынды

Жалпы 40 жастан кейін көру қабілеті барлық адамдарда өзгереді – әрі бұл қалыпты нәрсе. Дегенмен осы өзгерістермен бірге өміріміз қаншалықты жайлы және қауіпсіз қалатыны өзімізге байланысты. Офтальмологқа тұрақты түрде қаралу, дұрыс оптиканы қолдану, салауатты өмір салтын ұстану мен «ғажайып құралдарға» деген сыни көзқарас көзді ұзақ жылдар бойы сау қалпында сақтауға көмектеседі.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.