Есту қабілетіңіз төмендеуде ме? 20-30 жаста өлтіретін 8 зұлым әдет

Есту қабілетіне сіз ойлағаннан көбірек нұқсан келтіретін 8 нәрсе

Біз көбінесе есту қабілетін жоғалту – бұл егде жастағы адамдардың мәселесі деп есептейміз. Ал шын мәнісінде, егер біз қандай әдеттер мен жағдайлар зиян келтіре алатынын білмесек, құлақтың естуі 20 жаста да, әрі 30 жаста да нашарлай бастауы әбден мүмкін. Есту қабілетіміздің басты дұшпандарын айырып тануға оториноларинголог Гүлия Аманғалиева көмектесті.

1. Құлаққап пен қатты музыка

Ғалымдар осыны жастар арасындағы есту қабілеті төмендеуінің негізгі себептерінің бірі деп көрсетіп отыр. ДДСҰ ескертеді: миллиардтан астам жасөспірім мен жас адамдарда құлаққапты тағып алып, жоғары дыбыс қаттылығын қойып алып музыканы тыңдау әдетінің салдарынан есту қабілетінен айырылу қаупі бар.

Бұл тұста ішкі арналы үлгілері ерекше қауіпті. Олар дыбыс тербелістерін тікелей құлақ жарғағына жеткізіп, оны бірнеше есе күшейтеді. Демек, есту жүйкесі шамадан тыс жүктемемен жұмыс істейді, әрі уақыт өте келе естуімізге көмектесетін құлақ жасушалары зақымдалуы бек мүмкін.

Дыбыс қаттылығының қауіпсіз деңгейі – 40-50 децибел. Түсінікті болуы үшін: бұл шамамен ақырын сөйлесудің деңгейі. 80 децибелден (шулы көше) жоғары келетін кез келген деңгей зиянды болуы ықтимал. Шуылды басатын құлаққаптарға артықшылық бергеніңіз абзал. Олар басқа шуды бұғаттап, музыканы жайырақ тыңдауға мүмкіндік береді.

2. Инфекциялар

Есту қабілетінің төмендеуі әрдайым шу немесе жас шамасына байланысты бола бермейді – көбіне-көп мұның себебі аурулар болып келеді. Тіпті, қарапайым құлақ бұлығы да естуден уақытша айыра алады, ал қабыну үдерістері болса, оның тұрақты нашарлауына әкелуі ықтимал.

Басты қауіп – құлақтың қабынуы: сыртқы және ортаңғы отит, евстахий түтігі немесе ішкі құлақтың қабынуы. Олар негізінен суық тию, тұмау, гайморит немесе созылмалы лор-ауруларының асқынуы ретінде дамиды.

Есту қабілетіне тікелей байланысты емес аурулар да қауіпті болып саналады: ангина, тұмау, ЖРВИ, коронавирус, ұшық және белдемелі теміреткі (соның ішінде бет жүйкесі зақымдалған жағдайда). Кез келген қабыну жүйкені, қан тамырларды зақымдауы немесе есту қабілетіне нұқсан келтіретін ісінуді тудыруы бек мүмкін.

3. Жаман әдеттер

Темекі тарту, алкоголь – қан тамырларының жүйесі арқылы есту қабілетіне соққы беретін қос қауіп. Ішкі құлақтың тамырлары өте жіңішке, ал есту жүйкесі аса сезімтал келеді. Алкоголь мен темекі түтіні тамырлардың түйілуін тудырады, әрі қан қысымын жоғарылатады және оттегі жетіспеушілігін туғызады, ал бұл өз кезегінде құлақтың дыбыстарды қабылдау қабілетін төмендете түседі. Сонымен бірге олардың құрамында канцерогендер бар, бұл қатерлі ісік сияқты ауыр дерттердің даму қаупін арттырады.

Егер әзірге толықтай бас тарту мүмкін болмаса, олардың зиянды әсерін төмендетудің тәсілдері баршылық. Мәселен, күшті алкогольдің орнына алкоголі аз сусындарды немесе тіптен алкогольсіз коктейльдерді таңдауға болады – бұл жүрек пен бауырға түсетін салмақты айтарлықтай азайтады. Ал темекі тартуға келер болсақ, бұл жерде арнайы сағыздар мен жапсырмалар немесе хиттерлер көмектесе алады. Темекі түтініндегі дәл осы иіс газы мүшелерге оттегінің жеткізілуін, сондай-ақ қанмен қамтамасыз етілу сапасын да айтарлықтай нашарлатады. Екі жылдық клиникалық зерттеу нәтижелеріне сәйкес, хиттерлердегі иіс газының деңгейі темекімен салыстырғанда 98% дейін төмендетілген.

4. Созылмалы аурулар

Олар анағұрлым баяу әрекет етеді, дегенмен жылдар бойы есту қабілетіне нұқсан келтіреді:

  • Қант диабеті ішкі құлақ жасушаларының қоректенуін нашарлата отырып, қан айналымын бұзады.
  • Гипертония и гипотония тамырлар мен есту жүйкесінің жай-күйіне әсер ететін қысымның ауытқуына әкеліп соқтырады.
  • Атеросклероз құлақтың сезімтал құрылымдарына келетін қан ағынын кемітеді.

Тіпті, буын немесе омыртқадағы, соның ішінде мойын бөлігіндегі түйткілдер қан ағымының бұзылуы салдарынан есту қабілетіне ықпал етуі мүмкін. Құлағымыз тамыр және жүйке жүйелерімен тығыз байланысты. Сондықтан тамырларға, жүйкелерге немесе зат алмасу үдерістеріне әсер ететін кез келген дерт есту мүшелеріне қалай болғанда да ықпал етеді.

5. Мақта таяқшалары мен құлақ тығындары

Адамдардың 90%-нда құлақ өздігінен тазартылады – бар болғаны әдеттегі гигиенаны сақтаудың өзі жеткілікті. Шайнау мен сөйлесу кезінде күкірт баяу түрде сыртқа шығып, есту жолын бактериялардан қорғайды. Жарнамаға қарамастан, мақта таяқшалары құлаққа тек зиян келтіретіні хақ:

  • күкіртті тереңірек итеріп, тығындардың пайда болуын қоздырады,
  • есту жолының жұқа терісін тырнай отырып, жұқпаның енуіне жағдай туғызады.

Құлақ тығындары да алғаш көрінгендей қауіпсіз емес: олар ылғалдық пен күкірттің бөлінуін арттырады, ал бұл қабыну немесе сыртқы отитке апаруы бек мүмкін. Оларды пайдалануға болады, алайда тек нақты қажеттілік болған жағдайда ғана (мәселен, шулы өндірістерде қолдану).

6. Дәрі-дәрмек

Есту қабілетіне нұқсан келтіре алатын дәрілер кездеседі – кейбір антибиотиктер, несеп айдайтын дәрілер, тіпті, құлаққа тамызатын дәрілер де болады. Олар есту жүйкесін зақымдауға, әрі есту қабілетін мүлдем жоғалтуға әкеліп соқтырады. Мұндағы басты қауіп мынада: адамдардың көбі құлақты «интернет арқылы» немесе таныстарының кеңесі бойынша емдеп жатады. Тіпті, құлақ қышыған кезде немесе аздап ауырсыну пайда болса да, тамшыларды өз бетіңізше тағайындамай, ең алдымен, лор дәрігеріне тексерілу үшін барғаныңыз дұрыс.

7. Апноэ

Ұйқы және есту мәселелерін байланыстыратын адамдар кемде-кем. Дегенмен апноэ кезінде – ұйықтағанда тыныс алудың тоқтауы – ішкі құлақтың жасушалары тұрақты түрде оттегінің жетіспеушілігіне ұшырайды. Бұл олардың сезімталдығын төмендетеді және есту қабілетінің жартылай жоғалуына әкеліп соқтыруы әбден мүмкін.

Егер жақын адамдарыңыз ұйықтап жатқанда қатты қорылдайтыныңызды және кейде тыныс алуыңыз тоқтап қалатыны туралы айтса, сомнолог маманына тексерілгеніңіз жөн.

8. Ұшу және дайвинг

Қысымның күрт өзгеруі құлақ жарғағына зақым келтіруі бек мүмкін. Әсіресе, мұрыннан су аққанда немесе мұрын-жұтқыншақтың қабынуына шалдыққан кезде ұшақпен ұшу немесе суға сүңгу өте қауіпті, ал күрделі жағдайларда қан кету немесе жарғақтың жыртылуы да ықтимал. Сондықтан ұшу мен дайвинг алдында, тіпті, өзіңізді сау сезініп тұрсаңыз да, лор-тексеруден өтіп алғаныңыз жөн.

Қорытынды

Есту – бұл өмір сапасы, қауіпсіздік пен қоршаған әлеммен толыққанды қарым-қатынас жасау қабілеті. Біз оны көбіне-көп жазатайым оқиғалар салдарынан емес, шыны керек, аулақ болуға оңай келетін әдеттердің әсерінен жоғалтамыз: дыбыс деңгейін төмендету, мақта таяқшаларынан бас тарту, профилактикалық тексерулерді назардан тыс қадырмау. Көру қабілетін немесе жүректі қорғайтынымыздай, есту қабілетін де дәл солай күту керек. Өйткені оны қалпына келтіру біз ойлағаннан әлдеқайда қиын, ал кейде, тіпті, мүмкін емес.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.