Ағзадағы темір: нормалары, тапшылығының белгілері және ықтимал ауытқулары

Темір: неліктен ол ағза үшін соншалықты маңызды және оның деңгейін сақтаудың жолы

Неліктен кей кездері, тіпті, демалыстан кейін де шаршағандыққа тап болып отыратынымыз турасында ойланып көріп пе едіңіз? Не болмаса неге осыған дейін жеңіл болып көрінген жаттығулардың орындалуы енді әзер беріледі? Мұның жауабы ағзамыздағы темірдің деңгейінде жасырынуы мүмкін. Бұл жай ғана металл емес, бұл сізді жігерлі, күшті әрі ауруларға қарсы төзімді ететін өмір үшін маңызды элемент. Лайқос адам ағзасы үшін темірдің не үшін керек екенін және оның деңгейін сақтаудың жолын анықтады.

Темірдің адам ағзасындағы рөлі

Гемоглобин және оттегі

Бұлшықет – бұл қозғалтқыш, ал оттегі – отын екен деп көз алдыңызға елестетіп көріңізші. Темір – бұл оттегі цистернасының жүргізушісі, әрі ол отынды әрбір мүшеге жеткізіп отырады. Ол гемоглобиннің, яғни, ақуыздың негізі болып саналады, сонымен бірге оттегіні өкпеден тіндерге тасымалдайды. Темірсіз «цистернаңыз» жолдың жиегінде қалып қоятыны хақ.

Иммундық жүйе және зат алмасу

Оттегіні жеткізуден басқа, темір адам ағзасына инфекциялар мен қабынуларға қарсы төтеп беруге көмектеседі. Сонымен бірге ол зат алмасу үдерісіне атсалысады да, тамақты қуат көзіне айналдырады.

Қандағы темірдің нормалары

Қалыпты көрсеткіштер

  • Ерлер: 10,7-30,4 мкмоль/л.
  • Әйелдер: 9-23,3 мкмоль/л.
  • 14 жасқа дейінгі балалар: 9-21,5 мкмоль/л.

Ағзаға қажетті тәуліктік норма

Темір: неліктен ол ағза үшін соншалықты маңызды және оның деңгейін сақтаудың жолы

Темір деңгейін қалай анықтауға болады

Жалпы темірдің деңгейін қан талдауы арқылы оңай анықтауға болады. Егер сіз неден бастау керектігін білмесеңіз, дәрігеріңізден ферритин және қан құрамындағы темірдің жалпы деңгейі секілді көрсеткіштер туралы сұраңыз.

Темір тапшылығы

Тапшылықтың негізгі себептері

  1. Үйлесімсіз тамақтану: темірге бай азық-түліктің жеткіліксіздігі (ет, көк шөп, бұршақ тұқымдастар). «Ерлер» кешкі астарын тұрақты түрде тұтыну, мәселен, грильдегі ет пен картоп секілді тағамдар ағза қажеттіліктерін өтей бермейтіні өкінішті.
  2. Асқазан-ішек жолының аурулары: гастрит, асқазанның ойық жарасы және т.б. жайттардың салдарынан темірдің сіңірілуі бұзылады.
  3. Қажеттіліктің артуы: жүктілік, қарқынды физикалық жүктеме.
  4. Қан жоғалту: етеккірдің мол болып келуі, ішке қан ағу жағдайлары.

Темір тапшылығының симптомдары

  • Тұрақты шаршағандық пен әлсіздік
  • Тері мен шырышты қабықтың бозаруы
  • Бас айналу мен бастың жиі ауруы
  • Шаштың түсуі және тырнақтың сынғыштығы
  • Жеңіл жүктеменің өзінде ентігу және жүрек соғуының жиілеуі
  • Либидоның төмендеуі

Ағзадағы темірдің артылуы мен ықтимал ауытқулар

Артықшылығының себептері

Жақсыдан аздап болу керек демекші, темірдің артылуы бауыр, жүрек және ұйқы безінің зақымдалуына әкеліп соқтыруы әбден мүмкін.

  • Құрамында темір бар препараттарды бақылаусыз қабылдау
  • Генетикалық аурулар, соның ішінде гемохроматоз
  • Темірге бай тағамдарды шамадан тыс тұтыну

Темірдің қалыпты деңгейін қалай сақтаймыз

Темірге бай өнімдер

  • Қызыл ет: сиыр еті, қой еті
  • Бауыр
  • Балық және теңіз өнімдері: тунец, асшаян
  • Жасыл түсті көкөністер: асжапырақ, брокколи
  • Жаңғақ және бұршақ тұқымдастар: үрмебұршақ, жасымық

Кеңес: анағұрлым сіңімді болуы үшін құрамында темір бар азық-түлік түрлерін С дәруменіне ие өнімдермен (мысалы, цитрустар) бірге тұтынғаныңыз дұрыс.

Пайдалы әдеттер

  • Темір деңгейін үнемі тексеріп жүріңіз, әсіресе, қауіп факторларына ие болсаңыз.
  • Дәрігердің рұқсатынсыз дәрі-дәрмектерді шамадан тыс қабылдаудан аулақ болыңыз.
  • Тамақтануды теңдестіргеніңіз абзал және ас үлесіңізге темірге бай азық-түліктерді қосыңыз.

Қорытынды

Темір – бұл бүкіл ағзаның денсаулығы оған тәуелді болып келетін аса маңызды элемент. Оның тапшылығы немесе артылуы өмір сапасына айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Темірді тұрақты түрде бақылап отыру және үйлестірілген тағамдарды тұтыну оның қалыпты деңгейін сақтауға көмектесіп, жігерлілік пен жақсы хал-жайды қамтамасыз етеді. Сол себептен нағыз «темір адам» болғыңыз келсе, денсаулығыңыздың қамын ойлаңыз, өйткені ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеген әлдеқайда артық!

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]