Алкоголь мен темекі: ағзаңыз үшін қауіпті микс - Лайқос

Алкоголь мен темекі: ағзаңыз үшін қауіпті микс

Темекі тартып жүрген адамдар үшін алкогольді бір бокалдан артық тұтыну негізінен шылымға деген құмарлықты күшейте түседі. Бұл әшейін әдет емес, бұл ағзаның нағыз физиологиялық реакциясы: алкоголь мен никотин мидағы бірдей ләззат орталықтарына әсер етеді, сол себептен ішімдіктен кейін темекі тартуға деген ұмтылыс пайда болуы мүмкін. Шылым шекпейтіндер мен кәмелетке толмағандарда мұндай реакция, әдетте, туындымайды.

Мұндағы ең басты қауіп осы екеуін бірге тұтынуда ғана емес, сонымен бірге алкоголь мен темекі түтіні бір-бірінің ағзаға болатын теріс ықпалын күшейтетінінде жатыр.

Неге екеуінің үйлесімі қауіптірек болады?

Сіз бір уақытта темекі тартып, әрі ішімдік ішсеңіз, ағзаға түсетін зиян жинақталып қана қоймайды, ол еселене түседі. Ісік ауруларын зерттеу жөніндегі халықаралық агенттігінің (IARC) соңғы зерттеулері растап отырғандай, алкоголь мен темекі түтіні синергетикалық әсерге ие және әрбір фактор бөлек болғандағы ықпалымен салыстырғанда жасушаларға әлдеқайда ауыр залал келтіреді.

Осындай қауіпті қоспаның негізгі қауіптері мыналар:

Темекі тартатын, әрі ішімдікті шамадан тыс тұтынатын адамдарда мезгілсіз қазаға тап болу тәуекелі әлдеқайда жоғары болып келеді, сонымен бірге бауырдың, ұйқы безі мен қуықтың қатерлі ісіктерін қоса алғанда, бірқатар онкологиялық аурулардың даму ықтималдығы бірнеше есе артады.

  • Ауыз қуысы мен көмекейдің қатерлі ісігі. Алкоголь ерітінді ретінде әрекет етеді де, темекі түтініндегі канцерогенді заттектердің шырышты қабаттарға енуін жеңілдете түседі. Соңғы мәліметтер көрсетіп отырғандай, темекі тартатын және ішімдікке салынатын адамдарда бас пен мойын жасушаларындағы мутациялық өзгерістер анағұрлым күштірек көрініс табады, әрі бұл қатерлі ісіктің даму қаупіне әкеліп соқтырады.
  • Ағзаға түсетін уытты жүктеме. Адам ағзасы бір уақытта алкоголь мен темекі түтінін алған кезде жасушалардың ДНҚ-сы зақымдалады. Бауыр алкогольді өңдеу барысында аса күшті у әрі канцероген — ацетальдегидті өндіреді, әрі ол да темекінің түтінінде кездеседі. Аталмыш заттектерді бірге тұтынған кезде токсиндердің концентрациясы ұлғаяды да, жасушаларға түсетін бүлдіруші ықпалды күйшетеді.
  • Психикаға байланысты түйткілдер. Адамдардың көбі қателесіп, алкоголь мен темекіні күйзеліске немесе депрессияға қарсы төтеп беру мақсатында қолданады. Алайда ұзақ мерзімді болашақта бұл қоспа «бақыт гормоны» – серотонин деңгейін төмендете отырып, жағдайды тек ушықтырып жіберуі мүмкін.

Зиянды қалай төмендете аламыз?

Алкоголь мен темекіден бас тарту. Дегенмен мамандар мұның бір уақытта қолдан келмейтіндігін түсінеді, әрі кезең-кезеңмен әрекет етуді ұсынады:

  • Бөліңіз. Алкоголь мен темекіні бірге тұтынбауға тырысыңыз. Егер ішімдік ішсеңіз, бұл кеште темекі шекпегеніңіз абзал, сонда нақ осы «синергетикалық» әсер туындамайды.
  • Шағын қадамдардан бастаңыз. Егер тұтынылатын алкогольдің мөлшерін азайтсаңыз, темекі шегуді тастау да әлдеқайда жеңілірек болмақ, өйткені дәл осы мас күй импульсивті түрде шылым шегуді қоздырады.
  • Баламаларды іздеңіз. Адамдардың тек 4-7% ғана алғашқы талпынудан кейін-ақ темекіні тастай алады. Алайда еңсені түсірудің қажеті жоқ – бұл ретте шылым шегуден біржолата бас тарту жолындағы аралық кезең ретінде хиттерлер түріндегі балама нұсқаларды байқап көруге болады. Олар жану үдерісіне жол бермейді, демек, түтіннің құрамында кездесетін канцерогендердің негізгі мөлшерінің түзілуі де болмайды.

Қорытынды

Ең маңызды жайт – өзіңізді сәтсіздіктер үшін кінәламаңыз, оның орнына өз қарқыныңызда қозғалуды жалғастыра беріңіз, әрі ағзаға деген залалды әсерді бірте-бірте азайтып, өмір сапасын жақсартыңыз.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.