Зиянды шайыр
Неліктен шылымқордың басты жауы – никотин емес, темекідегі шайыр болып есептеледі?
Қас жауыңды білгенің абзал. Егер шылым шегуден келетін зиянды азайтуды жоспарласаңыз, шын мәнінде ненің көзін жою керектігін анықтайық.
«Денсаулық сақтау министрлігі ескертеді…» деген тіркес бірнеше онжылдықтың ішінде жаман әдетке берілген жандарды ғана емес, жалпы жұртты жалықтырып жіберген сияқты. Алайда оны сан рет қайталай бергендеріне қарамастан шылымқұмарлар темекіден бас тартуға асықпайды.
Соңғы бірнеше жылда оларға никотинді жеткізудің электрондық жүйелері көмекке келді. Бұл құрылғылар түтіннің орнына құрамында никотині бар аэрозольді шығарады. Зерттеулерге сүйенер болсақ, олар шылым шегуге үйренген адамдарға арналған зияны әлдеқайда төменірек темекінің баламасы болып саналады.
Дегенмен бұрыннан келе жатқан шылым әуесқойларының пікірінше, аталмыш темекі қыздыратын жүйелердің айырмашылығы жоқ – стиктердің құрамындағы никотин мөлшері қарапайым темекіден қалыспайды. Сонда зиянды азайту қалай жүреді?
Біздерге осы мәселені анықтап алуға дәрігер, жұқпалы емес аурулардың қауіп факторларын төмендету бойынша «Денсаулық» Ұлттық қауымдастығының мүшесі Гинтаутас Кентра көмектесті.
НИКОТИН НЕ ҮШІН ЖАУАП БЕРЕДІ?
Шын мәнісінде де, қарапайым темекіге қарағанда никотинді жеткізетін электронды құрылғылардың зияны аздау келе ме? Сарапшының пікірінше, иә, солай.
Никотиннің бір қасиеті бар, – дейді Гинтаутас, – ол физикалық және психологиялық тұрғыдан тәуелділікті тудырады. Дәл осы тәуелділікке төтеп беру – қиынның қиыны, әрі соның салдарынан адамдар темекі шегуді жалғастыра береді. Алайда никотиннің өзі тыныс алу жүйесінің ауруларын немесе қатерлі ісікті тудырмайды.
Егер зияндылығы жағынан салыстыратын болсақ, мысалы, құрамында никотині бар темекі қыздыру жүйелерінің аэрозолі мен темекінің жануы барысында пайда болатын түтін арасындағы айырмашылық айтарлықтай зор, соңғысына қарағанда аэрозоль тарапынан келтірілетін зиян 95% төменірек болады деп түсіндіреді дәрігер.
ШАЙЫР ТУРАСЫНДА
Шылымды тартқанда оның ұшындағы температура шамамен 600-800оС және одан да жоғары диапазонда болады. Темекі мұндай температураларда күйіп кетеді де, мыңдаған химиялық қосылыстарды түзеді. Соның нәтижесінде түтіннің екі негізгі кезеңі пайда болады: газ тәрізді және қатты күйі, яғни, жоғарыда айтылған шайыр.
Шайыр – ұсақ қалқыма бөлшектерден құралған темекі қарамайы. Өзінің өте ұсақ болғанына байланысты ол барлық тыныс алу жолдары бойынша еркін таралады.
ТЕМЕКІДЕГІ ШАЙЫРДЫҢ ЗИЯНЫ НЕДЕ?
Шайырдың бөлшектері тыныс алу жолдарының қабырғаларына орналасады да, оларды бітеп тастайды. Осы кезде ісіп қызару үдерісі басталып, шылымқор жөтелі пайда болады. Уақыт өте келе өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы да (ӨСОА) дамуы әбден мүмкін, бұл өз кезегінде өкпе эмфиземасына (өкпе тінінің қайтымсыз зақымдануына) алып келеді.
Өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы (ӨСОА) біртіндеп ұлғаяды, – деп түсіндіреді Гинтаутас Кентра, – алайда әрбір асқынған тұста сау өкпе тінінің мөлшері кішірейе түседі. Ақыры көз алдымызда келесі көрініс пайда болады: адамның тыныс алуы нашарлап, оған созылмалы гипоксия (оттегінің жетіспеушілігі) қосылады да, азғаның ресурстары таусылады, ал өмір ұзақтығы қысқарады.
«БРИТАНДЫҚ ҒАЛЫМДАР АНЫҚТАҒАНДАЙ…»
Осы жерде британдық психиатр дәрігері, темекі түтінінің зиянын азайту тұжырымдамасының негізін салушысы Майкл Расселдің еске түсетіні орынды. Сол дәрігер айтқандай, адамдар никотин үшін темекі шегеді де, шайырдың кесірінен жан тапсырады.
Шыны керек, никотин әртүрлі сырқаттардың пайда болу қаупін арттырғанымен, шылым шегуден туындайтын көптеген аурулардың себебі жану барысында шығырылатын түтінде жатыр, – деп әріптесінің сөзін келтіреді Гинтаутас Кентра.
ТАҒЫ НЕ БІЛГЕН МАҢЫЗДЫ
Шайырдан бөлек шылымқұмар басқа да залалды заттектерді ішке тартады екен. Мысалы, көміртегі монооксиді (немесе тұншықтырғыш газ) эритроциттердің көп мөлшерін бейтараптандырып жібереді де, соның нәтижесінде адам ағзасының мүшелері мен тінге оттегі жетіспей жатады.
Сонымен қатар темекі шайырының құрамында канцерогендік қасиеттерге ие қосылыстар да болады. Солардың ықпалы кесірінен жасушалық тін жаңадан түзіліп, бұл қатерлі ісіктің пайда болуына әкеліп соқтырады. Осы себептен никотиндік тәуелділік кезінде нақты темекі түтінінің көзін жою аса маңызды, бұл жағдайда көптеген аурулардың пайда болуы қаупі анағұрлым төмендей түседі.
Әлбетте, темекі шегуден толықтай бас тарту әлдеқайда дұрыс болар еді. Дегенмен шылым тартудан арыла алмайтын немесе осы әдеттен айрылғысы келмейтін адамдар үшін никотинді жеткізетін балама құралдарды ұсынған абзал, бұл жерде темекінің жану үдерісі және сонымен қатар жүретін түтін жоқ, – деп қорытындылады дәрігер.
Аударған Рита Сәрсенова