Жүрек соғуының ырғақсыздығы: түрлері, қауіпті белгілері, себептері мен емі

Ырғақсыздық: жүректің шалыс соққаны қай уақытта қауіпті және мұнымен не істеу керек

Адамдардың көбі өмірінде бір рет болса да жүректің кенет тезірек, баяуырақ соға бастағанын немесе соққы алғандай сезімді байқаған болар. Біреулер бұған көңіл аудармаса, басқалары бірден ауыр дерт жайлы ойлап, уайымға салынады. Алайда жүректің шалыс соғуы әрдайым қауіпті бола ма? Лайқос дәрігер-кардиолог Екатерина Пушилинамен жүрек соғуының ырғақсыздығы дегеніміз не, оның неге пайда болатыны, қандай белгілерді елемеуге болмайтыны мен асқыну қаупін азайтудың жолы туралы әңгімелесті.

Ырғақсыздық дегеніміз не

Жүрек соғуының ырғақсыздығы – бұл жүректің жиырылу жиілігінің, тұрақтылығының немесе реттілігінің бұзылуы. Қалыпты жағдайда жүрек барлық мүшелерді тұрақты түрде қанмен қамтамасыз ете отырып, бірқалыпты жұмыс істейді. Ауытқу кезінде жүрек тым жылдам, өте баяу немесе тұрақсыз соғуы мүмкін.

Емделушілер мұны әрқалай сипаттайды: «жүрек дүрсілдейді», «соқпай қалады», «төңкеріледі», «өте жылдам соғады» немесе «бір секундқа тоқтап қалғандай болады».

Ырғақсыздықтың қандай түрлері жиі кездеседі

  • Тахикардия – жүректің жиі соғуы, бұл кезде тамырдың соғуы тым жоғары болады.
  • Брадикардия – жүрек ырғағының бәсеңдеуі.
  • Экстрасистолия – жүректің кезектен тыс жиырылуы. Көптеген адамдар мұны «жүректің су ете қалуы», кеудедегі ауырсыну немесе қысылу ретінде сезеді. Жүрек алды және қарыншалық экстрасистолалар болады.
  • Қарыншаүстілік тахикардиялар жүрек соғу ұстамасының кенет басталуымен және дәл сондай кенет тоқтауымен сипатталады.
  • Жүрекше алды фибрилляциясы ерекше орын алады – бұл ересектер арасында жиі кездесетін ырғақ бұзылыстарының бірі. Осы жағдайда жүрекшелер ретсіз жиырылады да, бұл тромбтардың, инсульт және басқа да ауыр асқынулардың пайда болу қаупін айтарлықтай арттыра түседі.
  • Ең қауіптісі қарыншалық ырғақсыздық болып есептеледі, олар өмірге тікелей қауіп төндіруі ықтимал және шұғыл медициналық көмек көрсетуді қажет етеді.

Неліктен ырғақсыздық пайда болады

Кейде ырғақтың бұзылуы қатты күйзелістен кейін, ұйқының жеткіліксіздігінен, қарқынды физикалық жүктеме немесе көфенің шамадан тыс мөлшерінен кейін, тіпті, сап-сау адамның өзінде пайда болады. Мұндай ырғақсыздықтар функционалдық деп аталады, әрі олар негізінен қауіпті емес.

Алайда мұның себебі жүрек немесе басқа мүшелердің ауруларында жататыны да жиі кездеседі. Олардың арасында күретамыр гипертониясы, жүректің ишемияық ауруы, миокард инфаркты, жүрек жеткіліксіздігі, қант диабеті, семіздік, қалқанша безінің аурулары, ұйқы кезіндегі обструктивті апноэ синдромы мен асқазан-ішек жолының кейбір аурулары бар. Сонымен бірге ырғақсыздықтың даму қаупі жас ұлғайған сайын да артады.

Қандай белгілерді ескеру маңызды?

Егер жүректің шалыс соғуы сирек пайда болса, әрі жылдам өтсе, онда бұл әркез ауыр дерттің бар екендігін білдіре бермейді. Дегенмен дәрігерге қаралуды кейінге қалдыруға болмайтын белгілер болады.

Кенет басталатын бас айналу, естен тану немесе оның алдындағы жай-күй, кеудедегі ауырсыну немесе қысым сезімі, айқын ентікпе, қатты әлсіздік, сондай-ақ тамырдың минутына 150-180 реттен артық күрт жиі соғып бастауы сақтық танытуды талап етеді.

Ырғақсыздық әрдайым қауіпті ме?

Жоқ. Ырғақ бұзылуының кейбір жағдаяттары, тіпті, дені сау адамдарда да кездесуі және арнайы ем қабылдауды қажет етпеуі мүмкін. Мәселен, күйзелістен, физикалық жүктемеден немесе ұйқының жеткіліксіздігінен кейін бірлі-жарым экстрасистолалар қалыпты нұсқа болып есептеледі. Алайда инсульт, жүрек жеткіліксізігі және кенет жүрек тоқтауының қаупін айтарлықтай арттыратын ырғақсыздықтар болады. Сондықтан жүректің шалыс соғуының себебін өз бетінше анықтауға тырыспай, маманның тексеруінен өту аса маңызды.

Диагнозды кім қояды?

Жалпы диагностикалаудың басты әдісі электрокардиограмма (ЭКГ) болып қала береді. Дегенмен ұстамалар әрдайым болмаса, қарапайым ЭКГ жүрек ырғағының бұзылуын белгілемеуі мүмкін. Мұндай жағдайда дәрігер Холтер бойынша тәуліктік ЭКГ мониторингін тағайындай алады, бұл 24 сағат бойы жүрек жұмысын үздіксіз жазып отыруға және, тіпті, сирек кездесетін ырғақсыздық эпизодтарын анықтауға мүмкіндік береді. Қажет болғанда ырғақ бұзылуының себептерін іздеу үшін қосымша тексерулер өткізілуі ықтимал.

Ырғақсыздықтан толық айығуға бола ма?

Бәрі де оның себебіне байланысты. Кейбір ырғақ бұзылыстары негізгі ауруды емдегеннен немесе қоздыратын факторды жойғаннан кейін толықтай ғайып болады.

Басқа жағдаяттарда дәрілік препараттар, сонымен бірге заманауи хирургиялық емдеу әдістері қолданылады, соның шінде радиожиілікті абляция, криоаблация, жүрекширатқыштың немесе кардиовертер-дефибриллятордың имплантациясы. Емделудің ең басты ережесі – ырғақсыздықтың өзін ғана емес, сондай-ақ оны тудырған ауруды да жою болып отыр.

Өмір салты жүрек жұмысына қалай әсер етеді?

Адамның өмір салты дерттің алдын алу ісінде де, сол секілді ырғақтың бұзылуын емдеуде де үлкен рөл атқарады. Жүрек денсаулығы үшін тәулігіне, кем дегенде, 7-8 сағат бойы ұйықтау, тұрақты түрде қимылдау, дененің қалыпты салмағын сақтау, созылмалы күйзеліс деңгейін азайту мен ілеспелі ауруларды дер кезінде емдеу ұсынылады.

Кофе жүрек соғуының ырғақсыздығын тудыра ма?

Кофе мен ырғақсыздық ажырамас нәрселер деген түсінік – ең өміршең таптаурындардың бірі болып келеді. Соңғы ғылыми мәліметтер мұны жоққа шығарып отыр: кофені бірқалыпты тұтыну адамдардың басым көпшілігінде жүрек ырғағының қауіпті бұзылуын қоздырмайды.

Одан бас тарту баршаға бірдей қажет емес. Сүйікті сусынға толықтай тыйым салу ырғағы бұзылған әрбір емделушіге қажет бола бермейді. Сонымен бірге әр адамның ағзасы кофеинге әрқалай реакция береді. Егер кофенің бір шынаяғынан кейін өзіңізді жайсыз сезінсеңіз, жүрек соғысы жиілеп кетсе, не болмаса кенет шалыс соқса, бұл жағдайға сақтықпен қарауға деген себеп.

Жағымсыз белгілер пайда болғанда диагноздарды өз бетімен қою немесе әдеттеріңізді лезде өзгертудің қажеті жоқ – ең оңтайлы шешім ретінде жағдаятты емдейтін дәрігеріңізбен талқылау болмақ, ал ол сізге қауіпсіз мөлшерді тағайындауға көмектеседі.

Алкогольдің жүрек жұмысына ықпалы қандай?

Алкоголь ырғақтың бұзылуының ең әйгілі қоздырушыларының бірі болып саналады. Тіпті, «мерекелік жүрек синдромы» деген термин де бар – осылайша бұған дейін жүрек аурулары мүлдем болмаған адамда алкогольді тұтынғаннан кейін дамитын ырғақсыздық ұстамасын атайды.

Алкогольге жүрекше фибрилляциясы бар адамдар ерекше сезімтал болып келеді. Кейбір адамдарда ішімдіктің, тіпті, кішігірім мөлшерінің өзі жаңа ұстаманы қоздыра алады.

Неліктен темекі ырғақсыздық қаупін арттырады?

Темекі тарту тамырлар мен жүрекке аса қатты зиян келтіреді: осының салдарынан түйіншектер әлдеқайда тез түзіледі, жүректің ишемиялық ауруы мен инфаркттың қаупі арта түседі. Егер темекіден бас тартылса, бұл жүрек ырғағына байланысты түйткілдерден ғана емес, сондай-ақ басқа да көптеген қауіпті дерттерден жақсы қорғанысқа айналады. Дегенмен сіз әдеттен толықтай бас тартуға дайын болмасаңыз, түтін шығармайтын балама нұсқаларға, мәселен, хиттерлерге ауысуды қарастырып көріңіз.

Қарапайым шылыммен салыстырғанда хиттерлерде темекі жанып кетпейді, тек қана қыздырылады. Шылым жанғанда құрамында 7000 астам химиялық қосылысы бар, соның ішінде шамамен 70-сі канцерогендік заттек болып келетін темекі түтіні түзіледі. Дәл осы жану өнімдері шылымқұмардың ағзасына енетін көптеген уытты заттектердің негізгі көзі болып келеді.

Темекі түтінімен салыстырғанда хиттерлерде жану үдерісі болмағандықтан, көптеген зиянды және ықтимал залалды заттардың түзілу деңгейі анағұрлым төменірек. Дегенмен денсаулық үшін ең жақсы шешім – бұл темекі шегуден және құрамында никотин кездесетін кез келген өнімдерден біржолата бас тарту болып қала бермек.

Ырғақсыздық кезінде спортпен айналысуға бола ма?

Көптеген жағдайда физикалық белсенділікке тыйым салынбайды, керісінше, ол пайдалы. Ең қауіпсіз түрлері жаяу жүру, жүзу, велосипед тебу, скандинавиялық жүріс пен бірқалыпты кардиожүктемелер болып есептеледі. Ал қарқынды жаттығулар мен қандай да бір жарыстарға қатысу, әсіресе, диагноз әлдеқашан қойылған болса, алдын ала кардиологпен кеңесуді талап етеді.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.