Мүштіктерден бастап темекіні қыздыру жүйелеріне дейін: адамдар темекі тартуды қалай бастаған және осы әдеттің болашағы қандай
Темекіге ұқсас келетін нәрсені сонау американдық үндістер алғашқы болып ойлап тапқан еді. Бүгінде тек еуропалық елдерде ғана темекіні ересек халықтың 28% тұтынады екен. Адамдар қашан және қалай темекі шегіп бастағанын, әрі неліктен жаңашыл дүние ескіден гөрі жақсырақ екенін анықтап көрейік.
Мүштік
Жалпы мүштіктің түпбейнесі осыдан 3000 жыл бұрын белгілі болған. Орталық Америкадағы майя және ацтектер оларды тас пен саздан дайындайтын еді. Олар темекіні діни рәсімдерде пайдаланған — сол кезде өсімдіктер адамдарды рухтар әлемімен байланыстырады деп саналған болатын.
XVI ғасырда испандықтар Американдық континентке барады да, сол жерден Еуропаға темекіні әкеледі. Мүштікті тарту әуел баста Испания мен Португалияда, содан кейін бүкіл Еуропа бойынша кеңінен тарайды.
Иіскейтін темекі
Дәл сол XVI ғасырда иіскейтін темекі сәнге айналады. Оны әсіресе Франция мен Испанияның ақсүйектері ерекше ұнатқан, өйткені олардың қымбат киімдері енді түтіннің иісін шығармайтын болған. Иіскейтін темекінің ғасырын шақша дәуірі деп атай бастады, бұл — сол темекіні сақтауға арналған қобдишалар құрметіне аталған.
Сигаралар
Сонымен бірге сигаралар да пайда болған. Бастапқыда жапырақтарға оралған темекіні Кубаның байырғы тұрғындары тартатын. XVIII ғасырда сигаралар Еуропа мен Америкада кеңінен таралады, ал тағы бір ғасырдан кейін олар нағыз байлықтың нышанына айналады да, сол кезде олардың өндірісі өнеркәсіптік ауқымға ие болады.
Сүзгісі бар темекі
1950-ші жылдары темекінің зияны туралы алғашқы ғылыми жарияланымдар пайда болған, сонда ірі темекі өндірушілері сүзгісі бар шылымды шығара бастайды. Кейінірек аталмыш сүзгілердің жану өнімдерінен аса қатты қорғамайтындығы да анықталады: темекі түтінінің құрамында 7000 астам зиянды заттектері бар, соның ішінде 69 заттек — канцероген болып саналады, яғни, бұл қауіпті ісіктерді тудырады.
Түтінсіз баламалар
2000-шы жылдардың басында алғашқы электронды темекілер пайда болады, ал 2010-шы жылдары — темекіні қыздыру жүйелері, әрі олар темекіні қыздырады, жану үдерісінің зиянды заттектер мөлшерінің төмендеуі арқасында бұл орта есеппен алғанда 90–95% анағұрлым қауіпсіз болып келеді.
Болашақ
Темекі тарту тәжірибесі ұдайы өзгеріп отырады, дегенмен біз күндердің күнінде никотиннен бас тартуымыз екіталай. Алайда біз зияны әлдеқайда азырақ келетін балама нұсқаларға ауысу арқылы ағза үшін зиянды төмендете аламыз. Бірақ мына бір жайтты ұмытпаған маңызды: тіпті, ең заманауи баламалардың өздері де аурулардың қаупін толықтай жоққа шығара алмайды.