Темекі түтінінде иіс газы бар — бұл шылымқұмарлар үшін нені білдіреді? - Лайқос

Темекі түтінінде иіс газы бар — бұл шылымқұмарлар үшін нені білдіреді?

Өндіріс стандарттарына сәйкес бір темекі жанған кезде бөлінетін CO — тұншықтырғыш газдың мөлшері 10 мг аспауы тиіс. Бір жағынан қарайтын болсақ, көп емес сияқты, алайда бұл адам ағзасына қалайша әсер етеді және зиянды төмендету үшін не істеуге болады?

Сақ болыңыздар, тұншықтырғыш газ.

Тұншықтырғыш газ — бұл жану барысында бөлініп шығарылатын көміртек пен оттектің қосылысы. Оның түсі, дәмі және иісі болмайды, алайда уландырғыш қасиеттері бар — ол ағзадағы оттектің жетіспеушілігіне әкеліп соқтырады. Адам оған, мәселен, өртке ұшыраған кезде немесе көліктің пайдаланылған газын деммен бірге жұтқанда тап болады.

Өкпеге түскенде СО қанның ішіне еніп кетеді. Бұл жерде ол гемоглобинмен қосылады да, әрі оны оттегіні жеткізу қабілетінен айырады. Қарапайым тілмен айтқанда, қан «тыныс алуды» тоқтатады, осылайша оттектің жетіспеушілігі басталады.

Ми, жүрек және басқа мүшелерге де қауіп төндіріледі.

СО жұтқан кезде ми ғана емес, сонымен бірге жүрек те зардап шегеді. Адам ағзасы эритроциттер — қызыл қан түйіршіктерін шығаруды арттыру арқылы оттегі жетіспеушілігінің орнын толтырады. Қан қоюлана түседі, ал жүрекке анағұрлым күштірек жұмыс істеуге тура келеді. Сондықтан шылымқұмарлар арасында инфаркттар мен инсульттерге тап болу жағдайлары жиі кездеседі.

Шын мәнісінде оттектің жетіспеушілігінен ағзаның барлық жүйелері зардап шегеді: жүйке жүйесінің жасушалары өледі, ал бұлшықеттер нашар жұмыс істейді.

Үнсіз жан алғыш.

Ауа құрамындағы СО мөлшерінің, тіпті, төмен көрсеткішінің өзі тұншығу мен бастың ауырсынуын тудырады. Бұл тұста бірнәрсенің дұрыс еместігін байқамай қалуға да болады: өйткені тұншықтырғыш газ көзге көрінбейді, әрі оның иісін сезуге болмайды.

Жанып тұрған темекідегі СО концентрациясы аса көп емес, дегенмен оның жинақталу қасиеті баршылық. Тұншықтырғыш газдың тек жартысынан ғана құтылу үшін сегіз сағат уақыт қажет болады. Демек, шылымқорлар созылмалы интоксикацияға ұшырайды екен.

Зиянды қалай төмендетуге болады.

Тұншықтырғыш газдың әсеріне түспеуге әбден болады — ол үшін темекі шегуден бас тарту қажет. Не болмаса кем дегенде ешнәрсені жақпау керек. Дәл осындай қағидат бойынша түтін шығармайтын темекінің балама нұсқалары жұмыс істейді — жабыстырғыштар, сағыздар, темекіні қыздыру жүйелері. Соңғылары, мәселен, темекіні жақпайды, оны тек қыздырады да, әрі никотиндік аэрозольді бөледі. Мұнда зиянды қоспалар, соның ішінде СО да 95% азырақ кездеседі.

Темекінің қандай баламасын таңдау — мұны сіз өзіңіз шешесіз. Ең бастысы — олардың ешқайсысын да толықтай қауіпсіз деп санауға болмайтындығын естен шығармаған абзал.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]