Түтінсіз темекі шылым шегуден бас тартуға көмектесе ме? Ғалымдардың жауабы бар
The Lancet ғылыми басылымында қызықты эксперименттің нәтижелері жарияланған еді. Ғалымдар шылымқұмарларды жинап, оларды екі топқа бөледі: негізгі топ тегін электронды темекі мен оларды қолдану бойынша азын-аулақ ұсыныстарға ие болса, бақылау тобы — ешнәрсе алмаған, дегенмен қатысушылар электронды темекіні өз бетімен сатып алу мүмкіндігіне ие болды. Негізгі мақсат — вейптредің күнделікті өмірде қалайша қолданылатыны мен мұның темекі шегуден бас тартуға қалай әсер ететінін түсіну.
Алғашқы нәтижелер
Эксперимент жүргізу барысында көптеген параметрлер пайдаланған еді. Электронды темекіге ие болған топта бастапқы кезде қатысушылардың оларды қолдану деңгейі 60% бастап 70% дейінгі көрсеткішке ие болған, ал бақылау тобындағы көрсеткіш — небәрі 9%-13% ғана құраған. 6 айдан кейін бірінші топ қатысушыларының 44% электронды темекіні пайдалануды жалғастыра берген, салыстырмалы түрде алатын болсақ, бақылау тобындағы бұл көрсеткіш 16% құрды.
Күтпеген әсер
Темекі тартуды тоқтату эксперименттің мақсаты болмағанымен, алайда бұл жайт көзге көрінерлік нәтижеге айналған. Төрт апталық эксперименттен кейін негізгі топта тегін вейптерді алып отырған қатысушылардың 14% темекі шегуден бас тартқандары туралы хабарлады, ал екінші топта бұл көрсеткіш небәрі 8% ғана құраған. Алты айдан кейін темекіні тастағысы келген адамдар арасында 23% және жалпы іріктелген респонденттердің 39% темекі тартуды мүлдем тоқтатқан екен.
Зерттеудің қорытындысы
Электронды темекі шылым шегуден бас тартуға көмектесе алады. Тіпті, темекі тастауға қызықпаған адамдардың өздері де күнделікті шегілетін темекінің санын қысқартқан және осы әдетке деген қатынасын өзгерте білген.
Бұл электронды темекінің күнделікті өмірде пайдалы болуы мүмкін екенін көрсете отырып, түтін шығармайтын балама нұсқалардың бара-бара шылым тартуды азайтуға немесе біржолата тастауға көмектесе алады деген үміт береді.