Шылым шегудің зияны: онкологиялық аурулардың қаупін қалай азайтуға болады

Темекі шегуден болатын қатерлі ісік

Неліктен темекі шегушілер онкологияға жиі ұшырайды және қауіпті төмендетудің жолы қандай?

Дәрігерлер шылымқорлар арасында өкпе ісігі жағдайларының жиі кездесетіні туралы өткен ғасырдың ортасында ғана шындап ойлана бастады. 1948 жылы британдық ғалымдар Ричард Долл және Брэдфорд Хилл осы тақырыпта алғашқы зерттеуді өткізеді. Уақыт өте келе ғылым олардың тұжырымдарын растайтын көптеген деректерді тапты.

(Читайте статью на русском здесь)


Заманауи зерттеулер дәлелдегендей, ұзақ уақыт бойы шылымқұмарларды жаңылысып қорқытып жүрген, денсаулыққа зиян келтіретін басты нәрсе никотин емес, темекінің жану өнімдері екен. Яғни, аурулардың көбісі, соның ішінде қатерлі ісік те, темекі түтінінің құрамында кездесетiн шайыр және канцерогендердің кесірінен пайда болады.

 

Осындай зерттеулердің негізінде шылымқұмарларға зияны 95%-ға төмендетілген никотинді жеткізетін электронды құрылғыларға ауысу ұсынылған болатын. Мәселен, қыздыру жүйелерінде темекі жанбайды, ол тек қана қауіпсіз температураларға дейін қыздырылады.

 

Дегенмен темекіден бас тартпасақ, немесе, кем дегенде, түтінсіз гаджеттерге ауыспасақ, қандай тәуекелге тап болатынымызды анықтап көрейік?

 

ӨКПЕНІҢ ҚАТЕРЛІ ІСІГІ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Қатерлі ісік немесе өкпе карциномасының себебі жасушалардың мутациясында жатыр. Соның салдарынан жасушалар қалыпты функцияларын жоғалтады да, қарқынды түрде бөліне бастайды. Тиісті ем-дом шаралары қолданылмаған жағдайда бұл үдеріс өкпеден тыс жақын маңдағы тіндерге немесе адам ағзасының басқа бөліктеріне тарала кетеді. Мұнда бәрі де немен аяқталатыны белгілі: жалпы өкпенің қатерлі ісігі дертіне ұшырағандар арасынан өлім-жітім жағдайлары 85% құрайды.

 

Қазақстанда өкпенің қатерлі ісігі барлық онкологиялық аурулар ішінде өлім-жітім көрсеткіші бойынша бірінші орында тұр. Еліміздің бас онкологы Диляра Қайдарованың айтуынша, күн сайын осы дерттің кесірінен 6-7 қазақстандық қайтыс болады.

ӨКПЕНІҢ ҚАТЕРЛІ ІСІГІНІҢ ПАЙДА БОЛУЫНА НЕ СЕБЕП?

Дәрігерлердің пайымдауынша, өкпенің қатерлі ісігі ауруының дамуындағы басты рөлді сыртқы факторлар атқарады. Яғни, темекі тарту, атмосфераның канцерогендермен ластануы (пайдаланылған газдар, радон), иондаушы радиация.

 

Бірақ осында генетика да, тыныс алу жүйесінің созылмалы аурулары да, сонымен қатар адамның 45-тен жоғары жас шамасы да «атсалысуы» әбден мүмкін. Тағы бір жағымсыз тұсы – өкпенің қатерлі ісігі дертінің өзіне ғана тән нақты белгілері жоқ (ентігу және жөтелді кез келген басқа ауруға жатқызуға болады), ал 15% жағдайда ауру, тіпті, симптомсыз өтеді.

 

ӨКПЕНІҢ ҚАТЕРЛІ ІСІГІ ЖӘНЕ ТЕМЕКІ ТАРТУ

Осы аурудың пайда болуы мен даму қаупінің негізгі факторларының бірі темекі тарту болып саналады. Бұл аталмыш үдерісті бастай алатын нағыз катализатор деуге болады.

 

Орта есеппен алғанда, әрі темекі шекпейтін адамдармен салыстырғанда, шылымқұмарлар арасында өкпенің қатерлі ісігі дертіне шалдығу қаупі шамамен 20 есеге жоғары.

 

Кезінде Хилл және Долл ісіктің даму қаупі шегілетін темекінің санына тура пропорционал деген қорытындыға келеді: күніне 25 темекіден артық шегетін адамдарда ауырып қалу тәуекелі 50 есеге артады

 

Ресейлік ғалымдар шылым шегу өкпенің қатерлі ісігі ауруының ерлер арасында 10 жағдайының 9-нда, ал әйелдер арасында 10 жағдайының 8-нде себеп болатынын анықтады.

НЕЛІКТЕН ШЫЛЫМ ШЕГУ ОНКОЛОГИЯҒА ӘКЕЛЕДІ

Ерте өлімнің алдын алуға болатын себептерінің тізімінде темекі тарту дәл бірінші орынды алып отыр. Айта кететін жайт, шегілетін темекі өнімдерінің күштілігі мүлдем маңызды емес. Экстражеңіл темекінің өзі адам ағзасына ең күштісінен кем түспейтін зиянды келтіреді екен.

 

Жоғарыда айтып өткеніміздей, онкологияның пайда болуының негізгі себебі никотинде емес – ол жалпы алғанда канцерогендерге жатпайды, әрі қатерлі ісік ауруының даму қаупіне тіпті ықпал тигізе де алмайды. Мәселенің бәрі темекі түтінінде жатыр, оның құрамында бірнеше мыңдаған химиялық қосылыстар және заттектер кездеседі. Көбінесе адам ағзасы үшін бұл нағыз у екендігі рас. Осы заттектердің көбісі мутагенді және канцерогенді болып келеді және онкологиялық аурулардың дамуына септігін тигізеді.

 

ТЕМЕКІ ШЕГУШІЛЕРДЕ ҚАТЕРЛІ ІСІКТІ НЕ ТУДЫРАДЫ

Егер темекі түтінін құрауыштарға бөліп қарайтын болсақ, шылымқұмар әрбір темекіні тартқан сайын ішіне күшәла, полоний-210, метан, аргон, ацетальдегид, ацетон, аммиак, бензол, бутиламин, N-нитрозаминдер, диметиламин, формальдегид, күкіртсутек, фенилхлорид, уретан, гидрохинон, никель қосылыстары және басқа да көптеген айтылуы қиын атаулары бар қосылыстарға толы қоспасынан дем жұтады екен.

 

Темекінің құрамы

 

Темекі түтінінің құрамындағы аса канцерогенді компоненттердің бірі – N-нитрозамин 4-(метилнитрозамино)-1-(3-пиридил)-1-бутанон (NNK). Бұл заттек ДНҚ бағдарламасының бұзылуына әкеліп соқтыруы және гендік мутацияларды тудыруы әбден мүмкін.

 

Айта кетсек, британдық ғалымдар Хилл мен Долдың ізбасарлары темекі және басқа онкологиялық патологиялардың арасында өзара байланысты тапқан болатын:

 

  • Көмекейдің қатерлі ісігі – темекі шегу жағдайларының 84%-нда дамиды
  • Ауыз қуысы, соның ішінде ерін және тілдің қатерлі ісігі – темекі шегу жағдайларының 92%-нда дамиды
  • Өңештің қатерлі ісігі – 78%-нда дамиды
  • Ұйқы безінің қатерлі ісігі – 29%-нда дамиды
  • Қуықтың қатерлі ісігі – темекі шегу жағдайларының 47%-нда дамиды
  • Бүйректің қатерлі ісігі – 48% жағдайда дамиды.

 

ҚАТЕРЛІ ІСІКТІ БОЛДЫРМАЙ, ШЫЛЫМ ШЕГУГЕ БОЛА МА?

Өкпенің қатерлі ісігі ауруына жол бермеудің ең үздік амалы – темекі шегуді бастамау. Осы жағдайда сіз тек пассивті шылымқор ретінде ғана тәуекелге баруыңыз мүмкін. Мұнда да төніп тұрған қауіп аз емес: шылымқұмарлармен бірге тұратын адамдарда өкпенің қатерлі ісігі дертінен мерт болу тәуекелі 20-30%-ға артады.

 

Ал егер осы әдеттің апологетіне айналып үлгерсеңіз, онда қауіп қай жаста темекі шегуді бастағаныңызға, шылым шегу «өтіліңізге» және бір тәулікте қанша темекі тартаныңызға байланысты арта түседі.

 

Егер адам темекі тартуды кеш бастаған болса, әрі шылымды ұзақ уақыт емес және аз-аздан шеккен болса, онда ешқандай қауіптің мүлдем болмауы да мүмкін. Ал «өтілі» жоғары шылымқұмарлар үшін, әсіресе, темекіге ерте жастан әуестенгендер және темекіні күнделікті әрі жиі тартатындардың жолы болмауы да ықтимал.

 

Егер темекіден бас тарту – сіз үшін орындалмас тапсырма болса, онда, ең болмағанда, шылым шегудің зиянын төмендетуге тырысқаныңыз абзал. Кейбіреулер темекі санын барынша азайтуды ұсынады (күніне 5 данадан артық болмауы керек). Бірақ мұндай жағдайда сіз өкпенің қатерлі ісігі ауруын қоздыратын негізгі факторы – темекі және қағаздың жануын алып тастамаған боласыз.

 

Осыған жол бермеу мақсатында сенімді өндірушілер шығаратын түтіні жоқ құрылғыларға назар аударуыңыз керек, мұнда түтіннің орнына – вейптің ішінде немесе темекіні қыздыру жүйесінің стигінде орналасқан сұйықтықтан пайда болатын аэрозоль бар.

 

Аударған Рита Сәрсенова

 

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]