Моншаның денсаулыққа әсері: диетолог пен пульмонологтың пікірлері

Моншаның денсаулыққа әсері: диетолог пен пульмонолог не дейді

Монша – бұл ауыр күннен кейін босаңсудың ғана тәсілі емес, сондай-ақ адам ағзасы үшін нағыз сынақ. Ол тыныс алу мен жүрек-қан тамырлары жүйелеріне, әрі зат алмасу үдерісіне ықпал етеді. Монша қаншалықты пайдалы және денсаулықты нығайтуға шынымен де көмектесе ала ма? Лайқос пульмонолог Бекдәулет Әкімниязова және диетолог Алмагүл Ержекеновамен әңгімелесті.

Тыныс алу жүйесіне ықпалы

Монша – бұл өкпе үшін күрделі жүктеме. Артықшылықтары арасында – бу бөмесінде бронхтар кеңейеді, тыныс алу жеңілдей түседі, қақырық сұйылтылады, содан кейін токсиндер сыртқа шығарылады. Жылы бу тыныс алу жолдарын ылғалдандырады, осылайша олардың қорғанысы жақсарады, ал бассейн немесе салқын душпен бірге болатын температуралардың өзгеріп отыруы иммунитетті нығайтады және қан тамырларды жаттықтырады.

Дегенмен кемшіліктері де жоқ емес. Егер адамда демікпенің қабынуы немесе тыныс алу жолдарының жіті жұқпасы бар болса, мұндайда монша жағдайды нашарлатып жіберуі мүмкін: ыстық қабынуды күшейтеді, ісіну мен спазмдар пайда болады. Сондықтан тыныс алуға қатысты созылмалы немесе жіті түйткілдер кезінде – ең алдымен дәрігерге көріну керек, содан кейін барып бу бөлмесіне баруға да болады!

Монша ЖРВИ профилактикасы – шындық па, әлде дақпырт па?

Адамдардың көбі монша – бұл салқын тию мен өкпе денсаулығын нығайтудың ең үздік тәсілі деп сенеді. Бұл шын мәнісінде де солай, алайда тек денсаулығы жақсы, әрі үнемі дәрігерге қаралатын адамдар үшін ғана. Ақылға қонымды шектерде монша шынығуға көмектеседі және иммунитетті белсендірек ете түседі, сонда біз вирустарға төтеп бере аламыз.

Дегенмен мына бір жайтты қаперімізден шығармайық: аурудың алғашқы белгілері пайда болған бойдан, әсіресе, бронхит немесе пневмония кезінде моншаға бару қарсы көрсетілген! Ол пайданың орнына тек зиян тигізуі мүмкін. Соның ішінде тыныс алу жүйесінің созылмалы түйткілдері бар адамдарға нұқсан келтіруі ықтимал – мәселен, демікпе бар болса, монша демікпе ұстамасын қоздыруы әбден мүмкін.

Созылмалы аурулар болғанда моншаға барудың ерекшеліктері

Демікпе, аллергия немесе ӨСОА дерттеріне шалдыққан адамдарға белгілі бір ережелерді сақтаған аса маңызды:

  • Міндетті түрде пульмонологтың кеңесін алу.
  • Температуралардың жұмсақ режимдерін таңдау – яғни, 50-60 °C жоғары болмауы тиіс.
  • Аллергиядан аулақ болу үшін эфирлік майлардан бас тартқаныңыз абзал.
  • Бу бөлмесінде 5-10 минуттан артық уақыт өткізуге болмайды.
  • Ентігу немесе жайсыздықтың алғашқы белгілері көрініс тапса, моншадан бірден шығу керек.

Монша салмақ пен зат алмасуға қалай әсер етеді?

Бу бөлмесі шын мәнісінде зат алмасуды жылдамдатады – жылудан болатын стресс әсерінен жүрек белсенді түрде жұмыс істеп бастайды да, қан тамырлар кеңейеді. Тіпті, бір сеанстың өзінде «салмақ тастауға» әбден болады, дегенмен бұл бар болғаны термен бірге шыққан су ғана. Су ішу мен тамақтанғаннан кейін салмақ қайта оралады.

Ал ас қорыту мәселесіне келер болсақ, моншада қан асқазанға емес, теріге қарай құйылады – осының салдарынан ас қорыту үдерісі баяулайды. Сондықтан бу бөлмесіне барар алдында тамақты тойып жемегеніңіз дұрыс: ауыр тамақ жайсыздықты тудыруы ықтимал. Монша тура серуендеу сияқты зат алмасуды тездетеді – ұзақ мерзімді әсері жоқ.

Ал шамадан тыс тамақтанғаннан немесе алкогольді ішімдіктерден кейін «детокс» идеясы – нағыз дақпырт. Тер шынымен де шығады, алайда онымен бірге токсиндер немесе алкоголь кетпейді: мұнымен тер бездері емес, бауыр мен бүйрек айналысады. Керісінше, ыстық пен алкогольді біріктіру қан қысымын күрт төмендетіп жіберуі және сусыздану немесе, тіпті, естен тану жағдайларына апаруы ықтимал. Сондықтан тойымды астан кейін моншаға түсу – пайдадан гөрі зиян.

Тыныс алу жүйесі қалай жұмыс істейді және темекі оған қалай әсер етеді
Адамдардың көбі өкпенің қатерлі ісігі туралы және темекі түтінінің қаншалықты зиянды екендігін біледі. Алайда жану…
https://laikos.kz/kz/densaulyq-bojynsha-kz/kak-rabotaet-dyhatelnaya-sistema-i-chto-s-nei-delaet-tabachnyi-dym/

Моншадан кейін нені жеу мен ішуге болады

Бу бөлмесіне бармай тұрып, 1-2 сағат бұрын кішкене әлденіп алған абзал: жемістер, көкөністер, айран немесе сұлы ботқасы. Ал ауыр, қуырылған немесе майлы тағамдар хал-жайды нашарлатып жіберуі мүмкін.

Моншадан кейін су теңгерімін қалпына келтіріп алған маңызды: су, шөп шайлары немесе морс жарамды сусындар болып саналады. Құрамында су мөлшері жоғары келетін жеңіл тағамдар – мәселен, қарбыз, алма, көкөністерден жасалған шырындар, салаттар, ашымалы сүт өнімдері – электролиттердің орнын толтыру мен асқазанға салмақ түсірмеуге көмектеседі. Қатты суытылған сусындар мен алкогольді ішімдіктер – мүлдем жарамсыз нұсқа, өйткені бұл тамырлардың спазмдарын тудыра алады.

Монша, темекі тарту мен алкоголь: қатар алуға бола ма?

Әлбетте, жоқ. Темекі тарту мен алкоголь моншаға барудың барлық әлеуетті пайдалы әсерлерін жоққа шығарады, бұл, тіпті, денсаулыққа айтарлықтай нұқсан келтіруі де ықтимал.

Диетологтың көзқарасы

Алкоголь – бұл моншадағы тағы бір күрделі қауіп. Бір жағынан қарағанда ол да қан тамырларды кеңейтеді және қысымды төмендетеді, ал екінші жағынан, сусыздануға апарады, өйткені диурез айтарлықтай тездетіледі. Жоғары температумен бірге бұл қан қысымының күрт төмендеуі, естен тану, жүрек ырғағының бұзылуы және, тіпті, инфаркттарға әкеліп соқтырады.

Алкогольдің қоректік құндылығы жоқ, сөйте тұра ол бауырға салмақ түсіреді және моншадан кейін ағзаның қалпына келуіне кедергі етеді. Темекі тарту болса, зат алмасуды біршама ұлғайтады (тамыр соғуы мен энергияны жұмсауды арттырады), алайда бұл әсерді тамырлар мен тыныс алу жолдарына келтірілетін нұқсанмен салыстыруға келмейді. Темекі түтіні тамырлар қабырғасын бұзады және қан тамырлардың қалыпты жұмысы үшін аса маңызды азот тотығының шығарылуын басады.

Пульмонологтың пікірі

Бу бөлмесіндегі жағдайда, яғни, жоғары температура мен ылғалдылық шартында жүрек пен өкпе онсыз да жоғары жүктемемен жұмыс істейді. Темекі тарту – бұл қосымша соққы: тамырлар тарылады, қан қысымы жоғарылайды, ал тыныс алу жолдарының шырышты қабығы одан бетер қабынады. Егер адам созылмалы бронхит, ӨСОА немесе демікпеге шалдыққан болса, бу мен темекі түтінінің бірігуі асқыну жағдайларына және, тіпті, күрделі ауыртпалықтарға әкеліп соқтыруы мүмкін – естен тану немесе жүрек ырғағының бұзылуына дейін апарады.

Моншаның алдында темекі тарту қауіпті: тамырлар тарылады, тыныс алу нашарлайды, әрі дене жылу стресіне қарсы төтеп бере алмайды. Алайда моншадан кейін темекі тарту одан да зұлым нәрсе: кеңейген тамырлар аясында темекінің токсиндері тезірек сіңіріледі де, бұл зиянды бірнеше есе күшейтеді және тыныс алу жолдарының қорғаныс қызметтеріне нұқсан келтіреді.

Бүгінде шылымқұмарлардың көбі хиттерлерге ауысып отыр. Олар темекіні жақпай, тек қана қыздырады, әрі бағалаулар бойынша қарапайым темекімен салыстырғанда зиянды шамамен 95% дейін төмендетеді, өйткені мұнда жану үдересі жоқ, демек, зиянды заттектер азырақ бөлінеді. Салыстырмалы түрде: кәдімгі темекінің құрамында 7000 астам залалды қосылыстар кездеседі, олардың дені канцерогенді болып келеді. Дегенмен мына бір жайтты ұмытпаңыздар: монша мен темекі тарту – ағза үшін елеулі жүктеме, ал екеуі бірге болғанда, қауіп арта түсетіні шүбәсіз. Хиттерлердің жүктемесі төменірек болғанымен, денсаулығыңыз үшін ең жақсы нұсқа кез келген жаман әдеттерден бас тарту мен моншаны ақылға қонымды шекте пайдалану екені айқын.

Қорытынды

Монша – бұл ежелгі дәстүр әрі босаңсудың тамаша әдісі, дегенмен мынаны қаперіңізден шығармаңыз: оның пайдасы денсаулықтың жағдайы мен сақтық шараларын ұстануға тікелей байланысты. Барлық нәрсенің шегі болуы керек және бәрін де ақылға салып жасаған абзал – сонда монша шын мәнісінде рахат сыйлайтыны мен пайдасын тигізетіні хақ!

Как вы оцените статью?
[Total: 1 Average: 5]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.