Түтінсіз революция: темекі тартудың зиянын қалайша азайтуға болады?
Темекі тарту адам денсаулығына қаншалықты зиян болуы мүмкін екендігі баршаға да аян. Алайда ең үлкен залал нақты жану үдерісінен болатындығын – көбісі біле бермейтіні хақ. Никотиннен бас тарта алмайтын шылымқұмарлар темекіні қыздыруға арналған жүйелер (ТҚЖ) көмегіне жүгіне алады. Осы мақалада біз түтін шығармайтын балама нұсқалар арқылы темекі тартудың зиянын қалай төмендетуге болатынын айтып береміз.
ТЕМЕКІ ТАРТУДАН БОЛАТЫН ЗИЯНДЫ АЗАЙТУ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Зиянды төмендету» деген сөз тіркесі адам денсаулығы үшін қауіп-қатер төндіретін залалды факторлардың қысқартылуын тұспалдайды. Егер де темекі тарту тақырыбы аясында пайымдайтын болсақ, темекіні қыздыруға арналған жүйелерге ауысу әртүрлі аурулардың пайда болу қаупін толығымен жоққа шығара алмағанымен де, дегенмен оны айтарлықтай төмендете алуы мүмкін. Бұл ТҚЖ-да жану үдерісінің атымен жоқ екендігімен шартталған. Демек, шылымқұмар деммен бірге түтінді де, шайырды да, канцерогендерді де жұтпайтын болады. ТҚЖ аэрозольді бөліп шығарады, ал оны дәстүрлі темекінің түтінімен салыстыратын болсақ, мұнда зиянды химиялық заттектер 95%-ға азырақ кездеседі.
Дегенмен түтін шығармайтын балама нұсқалар мүлдем зиянсыз еместігі және адам ағзасына тәуелділікті тудыратын никотинді жеткізетіндігін есте ұстаған жөн.
ҚАРАПАЙЫМ ТЕМЕКІ ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН НЕСІМЕН ҚАУІПТІ?
Қарапайым темекіден болатын зиянды сол шылымның жану үдерісі нәтижесінде түзілетін тұншықтырғыш газ және шайыр секілді уытты химиялық заттектер келтіреді екен. Осының барлығы да қатерлі ісіктің 12 түріне, өкпенің созылмалы обструктивті ауруына, инфаркт, инсульт және басқа қауіпті салдарға әкеліп соқтыруы ықтимал. Сондықтан никотиннен бас тартқысы келмейтін әрі кәмелетке толған шылымқұмарлар денсаулық үшін зиянды түтін шығармайтын балама нұсқаларға ауысу арқылы төмендете алады.
ТЕМЕКІНІ ҚЫЗДЫРУ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?
Әдеттегі шылым Цельсий шкаласы бойынша температурасы 400 градуста темекіні жағып жібереді, ал кейбір жағдайларда температура, тіпті, 800 градусқа дейін де жетіп отырады. ТҚЖ темекіні Цельсий шкаласы бойынша температурасы 350 градусқа дейін ғана қыздырады. Бұл түтіннің пайда болуын жоққа шығарады. Оның орнына адам денсаулығы үшін айтарлықтай төмен қауіп төндіретін темекі буы (немесе аэрозоль) түзіледі.
Сонымен қатар ТҚЖ-ның құрамында керамикалық қыздыру элементі қолданылады, ол температураның Цельсий шкаласы бойынша 350 градустан жоғары көтерілуіне жол бермейді.
ҚАРАПАЙЫМ ШЫЛЫМНАН ГӨРІ ТЕМЕКІНІ ҚЫЗДЫРУ ҚҰРЫЛҒЫСЫНЫҢ ЗИЯНЫ АЗДАУ БОЛУЫ МҮМКІН БЕ?
Көптеген шылымқұмарлар денсаулыққа зиян келтіретін негізгі себеп – никотинде жатыр деп санайды. Ол әдеттену үшін жауапты. Алайда темекі тартудан пайда болатын аурулардың себебі жану үдерісі болып келеді.
ТЕМЕКІНІ ҚЫЗДЫРУ ЖҮЙЕЛЕРІН ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕ ЗИЯНДЫ ТӨМЕНДЕТУДІҢ МЫСАЛДАРЫ
ТҚЖ-ны пайдаланған кезде шайырлар пайда болмайды, өйткені құрылғы темекіні жағып жіберудің орнына оны тек қана қыздырады. Осының нәтижесінде аэрозольдің қалдық заттектері түзіледі, ал олар шайырдан түбегейлі түрде ерекшеленеді және зиянды химиялық қосылыстардың едәуір төмен деңгейімен сипатталады.
Сонымен, залалды заттектердің төмендетілген мөлшерінен бөлек, ТҚЖ:
– күл түзбейді
– темекіні жағып жібермейді, орта есеппен алғанда тұншықтырғыш газды (СО) 98%-ға азырақ өндіреді
– бөлме ішіндегі кеңістіктің ауа сапасына теріс әсер етпейді
– пассивті темекі тарту көзі болып келмейді және өзінен кейін айтарлықтай аз иіс қалдырады, демек, айналадағы адамдарға да аз әсер етеді.
Шылымқұмардың денсаулығы – тек оның қолында ғана. Дегенмен өзіңіздің денсаулығыңыз үшін сіз жасай алатын ең жақсы нәрсе – бұл темекіден біржолата бас тарту екендігін естен шығармағаныңыз абзал. Сіздің темекі тарту «өтіліңіздің» қандай екендігі мүлдем маңызды емес, – кез келген жағдайда да денсаулық үшін қауіп төмендейтіні рас.
Аударған: Рита Сәрсенова