Брекеттер туралы толық ақпарат: тағайындау, түрлері және күтім бойынша кеңестер

Брекеттер туралы нені білген жөн: тағайындалуынан бастап күтіміне дейін

Мінсіз жымиыс – бұл тек әдемілік қана емес, сондай-ақ денсаулық кепілі. Брекеттер тістерді түзету мен тістемді дұрыстаудың ең тиімді тәсілдерінің біріне айналғаны қашан. Дегенмен оларды орнату мен тағып жүру үдерісі көптеген сұрақтарды туғызады. Тіс дәрігері Сергей Винокуров бұл жүйенің қалай жұмыс істейтіні мен брекеттерді таңдау кезінде не нәрсеге назар аудару керектігі туралы айтып берді.

Брекеттер дегеніміз не

Брекеттер — бұл тістемді дұрыстауға, тіс қатарын туралау мен тіске байланысты басқа да көптеген түйткілдердің шешімін табуға көмектесетін жүйе. Олар тістердің тығыз орналасуы, арасындағы үлкен бос орын, тіс пен жақтың бұрыс орналасуы секілді патологиялармен күресуге көмектеседі.

Брекеттерді орнату функционалдық немесе эстетикалық мәселелерге тап болған адамдарға ұсынылады. Жас шамасына байланысты шектеулер іс жүзінде жоқ: емдеуді жеткіншек жастан, яғни, сүт тістері түскеннен кейін, бірақ жақ сүйегі әлі өсіп жатқан кезде бастауға кеңес беріледі, әрі емдеуді ересек жаста жалғастыруға болады. Әлбетте, қаусап қартайған шақта брекет жүйесін орнату соншалықты тиімді болуы екіталай, өйткені сүйек тіні тығыздығының анағұрлым төмендеуінен, байламдар иілгіштігінің азаюы және жас ерекшеліктеріне байланысты басқа да өзгерістердің салдарынан тістердің қозғалуы айтарлықтай баяу жүріп жатады.

Брекеттер туралы нені білген жөн: тағайындалуынан бастап күтіміне дейін

Брекеттерді салу кезіндегі медициналық қарсы көрсетілімдер

Брекеттер туралы нені білген жөн: тағайындалуынан бастап күтіміне дейін

Брекеттерді қондырғаннан кейін неге тыйым салынады?

Брекеттер туралы нені білген жөн: тағайындалуынан бастап күтіміне дейін

Шылымды тартқан кезде темекінің жану үдерісінен бөлінетін канцерогенді шайыр тіс кіреукесінің бетіне шөгіп қалады. Әуелі ол тіс жылтырын сары түске бояйды, ал кейіннен, тіпті, қоңыр реңктерге дейін де жеткізеді. Ортодонттық ем барысында, әсіресе, брекеттерді қолданған кезде жағдай одан бетер ушыға түседі. Ауыз қуысының гигиенасын сақтау әлдеқайда күрделенеді, әрі бұл барлық зиянды заттектерді толықтай кетіруді қиындатады.

Шылымқұмарларда брекеттерді алып тастаған кезде тістерінде ақ дақтардың элементтері бар сары реңк анықталады (бұл брекеттердің астындағы шайыр жете алмаған жерлер). Кейбір жағдайларда қоңыр реңктен толықтай құтылу, тіпті, кәсіби тұрғыда жасалатын ағартудың көмегімен де мүмкін емес. Құрылымдағы резеңкелер де жағымсыз түске боялып, қарайып кетеді.

Тіс үшін де, брекеттер үшін де келтірілетін зиянды төмендету мақсатында хиттерлерге ауысып көруге болады, әсіресе, бұл ортодонттық ем алу барысында маңызды, себебі олар жану үдерісіне де, аталмыш шайырдың бөлінуіне де жол бермейді. Алайда ең жақсы шешім, әрине, жаман әдеттен біржолата бас тарту екендігі сөзсіз. Оның үстіне алдыңызда осыншама керемет мақсат барда, яғни, жаңа жымиыс!

Брекеттерді орнату және емдеу үдерісі

Әдетте брекеттерді қондыру ауырсынуды тудырмайды, алайда бекітілгеннен кейінгі алғашқы күндері ыңғайсыздық сезілуі мүмкін, бұл дағдылану үдерісінің жүріп жатқанына байланысты. Брекеттер бірінші уақытта дикцияға әсер етуі мүмкін, дегенмен уақыт өте келе адам анық сөйлеуге бейімделеді.

Брекеттерді тағып жүрудің орташа есеппен алғандағы уақыты бір жылдан бір жарым жылға дейін созылуы ықтимал. Күрделі жағдайлар екі жылдан бастап үш жылға дейінгі аралықты алуы бек мүмкін. Бұл тұста барлығы да түйткілдің күрделілік дәрежесіне, емделушінің жасы мен оның дәрігер ұсыныстарын сақтауына байланысты болып келеді.

Тіс пен брекет жүйесінің күтімі

Брекеттердің күтімі гигиенаға деген ерекше жоғары назар аударуды талап етеді. Тамақ қалдықтары мен тіс өңезін кетіріп отыру үшін арнайы тіс щеткаларын, ирригаторлар мен жіптерді қолдану қажет. Егер тіске жақсы күтім жасалмаса, тісжегі, тіс кіреукесіндегі дақтар және қызыл иектің қабынуы пайда болуы мүмкін. Сонымен бірге тазалау қиынға соғатын жерлерде тісжегінің дамуына жол бермеу мақсатында ара-арасында стоматологияға кәсіби тазалау қызметін алу үшін келіп тұру ұсынылады.

Нәтиже мен брекеттерді тағу барысындағы ықтимал асқынулар

Брекеттерді алып тастағаннан кейін тістер түзу және сау болып көрінеді, алайда нәтижені бекітіп алған аса маңызды. Ол үшін ретейнерлер — тістердің ығысуына жол бермейтін арнайы фиксаторларды пайдаланады. Бұл өте маңызды кезең, өйткені тістердің өзіндік жадысы бар, әрі олар бұрынғы қалпына оралуы мүмкін.

Дәрігердің ұсынымдары сақталмаған жағдайда емнің нәтижесі өзгеруі ықтимал, мәселен, ретейнерлерден бас тарту немесе гигиенаны елемеу жайттары.

Брекеттер туралы қандай дақпырттар кездеседі?

Дақпырт: Брекеттер тіс кіреукесін бүлдіреді.

Шындық: Дұрыс күтім болған жағдайда тіс кіреукесі сау қалпында қалады, ал тіс өңезі тұрақты түрде тазаланады.

Дақпырт: Брекеттер кез келген ортодонттық түйткілдерді шеше алады.

Шындық: Брекеттер – күшті құрал, дегенмен шектен тыс күшті емес. Күрделі жағдайлар кездесіп тұрады, мысалы, жақ сүйегінің құрылымына байланысты бұзылыстар.

Дақпырт: Брекеттердің пайдасы жоқ, тістер бұрынғы қалпына қайта оралады.

Шындық: Брекеттерді алып тастаған соң, әрі сауатты ем тағайындалған жағдайда, тістер ауыз қуысындағы табиғи қысымның салдарынан аздап ығысуы ықтимал, дегенмен мұны тоқтату үшін ретейнерлер қолданылады. Кейбір жағдаяттарда ретейнерлерді өмір бойы пайдалану қажет.

Естеріңізде болсын: табысқа жету таңдалған жүйеге ғана емес, сонымен бірге сіздің дәрігер кеңестерін ұстану мен ауыз қуысыңыздың денсаулығына қамқорлық танытуға деген дайындығыңызға да байланысты. Брекеттерге инвестиция салу – бұл сіздің болашағыңыз бен өмір сапасына қосатын үлесіңіз.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]