Темекіні немен ауыстыруға болады және түтін шығармайтын баламаларға көшу тұрарлық нәрсе ме?
Ерте ме, кеш пе әрбір шылымқұмар темекінің денсаулығына тигізетін зиянын қалай төмендетуге болатыны туралы ойлана бастайды. Мұны жасаудың ең жақсы жолы — темекіден біржолата бас тарту болып келеді, дегенмен осындай кенет қадамдарға барлығы бірдей дайын болмайды. Зияны анағұрлым төменірек балама нұсқаларды іздеп жүрген жандарға түтін шығармайтын өнімдер нағыз жәрдем болуы әбден мүмкін. Олардың артықшылықтары мен түрлерін анықтап көрейік.
Шылымқұмарлар үшін темекінің қандай баламалары қолжетімді?
- Шайналатын темекі — сығымдалған немесе оралған ширақ түріндегі кептірілген темекі жапырақтары. Никотин ауыз қуысының шырышты қабаты арқылы сіңіріледі.
- Никотиндік сағыз — шайналатын темекіге қарағанда заманауи әрі әлдеқайда ыңғайлы балама нұсқасы. Мұндағы никотиннің құрамы төменірек және бұл тәуелділіктен құтылуға көмектеседі.
- Снюс — үстіңгі ерін мен қызыл иек арасына орналастырылатын кішкентай пакеттердегі ұсақ майдаланған темекі.
- Темекіні қыздыру жүйелері — темекі стиктерін қажетті температураға дейін қыздыратын құрылғылар. Жану үдерісіне жол бермейді, түтін емес, аэрозольді түзеді.
- Никотиндік жабыстырғыштар —никотинді тері арқылы жеткізеді.
Түтінсіз өнімдер темекіге қарағанда несімен жақсы?
- Олар жанбайды және темекі тартуға байланысты пайда болатын аурулардың негізгі себебі, яғни, түтінді шығармайды. Егер, тіпті, сіз темекіні қыздыру жүйелерінен бөлініп шығатын аэрозольді деммен бірге жұтсаңыз да, зиянды заттектер концентрациясының азырақ болуының арқасында бұл зиян 95% төменірек болып келеді.
- Түтін шығармайтын балама нұсқалар айналаға қауіпті химиялық қосылыстарды шашыратпайды және ауаның сапасын бүлдірмейді.
- Олар айналадағы адамдар үшін анағұрлым ыңғайлы және қауіпсіз — сіздің жақындарыңыз бен достарыңыз темекінің түтінін жұтпайды және шаш, қол және киімінің үстінде ешқандай иісті сезбейтін болады.
Нені таңдасаңыз да, мына бір жайтты есте сақтаған маңызды: түтін шығармайтын балама нұсқалар темекі шегуден болатын зиянды төмендетуі мүмкін, дегенмен ауруларға шалдығу қаупінен құтқара алмайды. Өз денсаулығыңызға жауапкершілікпен қараңыздар.
Как вы оцените статью?
[Total: 87 Average: 3.3]