Шылымқұмардың жөтелі неліктен пайда болады және өкпені тазартудың жолы қандай | Лайқос

Шылымқұмардың жөтелін шынында не тудырады

Шылымқұмардың таңы көбінесе кофеден емес, тамақтағы жайсыздық пен қою қақырығы бар ұзақ жөтелден басталады. Күні бойына ол басылады да, түйткіл соншалықты күрделі емес деген иллюзия пайда болады.

Шылымқұмардың жөтелі неліктен туындайды, оны тоқтатуға бола ма және темекіден бас тартқаннан кейін өкпеде қандай өзгерістер орын алады – Лайқоспен бірге анықтаймыз.

Неліктен жөтел пайда болады: басты себептері

Басты триггер – тыныс алу жолдарының темекі түтінімен үнемі байланысы болып отыр. Темекіні ішке тартқан сайын өкпеге шайыр, тұншықтырғыш газ, 7000 астам химиялық қосылыс пен 70 канцероген түседі. Олар бронхтарды тітіркендіреді, созылмалы қабынуды қоздырады және онкологияның қаупін арттырады.

Жағдайды сыртқы факторлар одан бетер ушықтырып жібереді:

  • бөлмелердің ішін нашар желдету;
  • ластанған қала ауасы;
  • пассивті темекі тарту.

Тыныс алу жүйесінің ішінде не болып жатады

Қалыпты жағдайда адамның бронхтары микроскопиялық кірпікшелермен қапталған. Олар табиғи сүзгі секілді жұмыс істейді: өкпені тұрақты түрде шаңнан, бактериялар мен артық шырыштан тазартып тұрады.

Темекі түтіні осы кірпікшелерді жансыздандырады және зақымдайды. Онсыз шырыш тұрып қалады. Дәл осы себептен шылымқұмарлар таңертең жөтеледі екен: түн ішінде бронхтарда қақырық жиналады да, ұйқыдан оянған ағза одан шұғыл құтылуға тырысады.

Сәл жөтелуден ӨСОА ауруына дейін: неге жөтел созылмалыға ұласады

Темекі тарту «өтілі» неғұрлым ұзақ болса, қабыну үдерісі де соғұрлым тереңірек өтеді. Уақыт өте келе қарапайым жөтелге қауіпті белгілер де қосылады:

  • тіпті, кішігірім жүктеменің өзінде ентігу пайда болады;
  • созылмалы қақырық;
  • көкірек қуысындағы ауырлық пен ысқырықты дем алу;
  • төзімділіктің күрт азаюы.

Бұл бірте-бірте созылмалы бронхит немесе ӨСОА ауруына (өкпенің созылмалы обструктивті ауруы) әкеліп соқтырады. ӨСОА-ға тап болған жағдайда тыныс алу жолдары қайтымсыз тарылады да, адамның дем алуы қиындай түседі. Темекі тарту – күллі әлем бойынша осы аурудың №1 себебі болып келеді.

Жөтел өздігінен кетуі мүмкін бе?

Темекі шегуден бас тартқаннан кейін өкпе тазара бастайды. Қызықты бір дерек: алғашқы апталарда жөтел, тіпті, күшейе түсуі мүмкін. Бұдан қорқудың қажеті жоқ – бұл бронхтардың ішіндегі кірпікшелердің «тірілгенін» және жинақталып қалған шырышты белсенді түрде шығара бастағанын білдіреді.

Кейіннен жөтел басылады, қақырық жоғалады, ал тыныс алу жеңілдей түседі. Қалпына келу жылдамдығы адамның жас шамасы мен темекі тарту «өтіліне» тәуелді.

Егер сіз әзірге шылым шегуден бас тартуға дайын болмасаңыз, онда балама нұсқаларды – хиттерлерді қарастырып көріңіз, мұнда темекі түтіні мен оның жану өнімдерінің түзілуіне жол берілмейді. Жану үдерісінің жоқтығынан тыныс алу жолдарына әдетте қабынуды күшейтетін әрі тамақтың шырышты қабығын құрғатып жіберетін шайыр, тұншықтырғыш газ және ауыр металдар секілді тітіркендіргіш заттектер әлдеқайда аз енеді.

Қорытынды

Темекі түтінімен байланысты неғұрлым ертерек азайтсаңыз, өкпенің бұзылуын тоқтату мүмкіншілігі де соғұрлым жоғары болмақ. Еркін тыныс алу – бұл нағыз базалық физикалық жайлылық, әрі күн сайынғы төзімділік пен күш-қуат.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.