Қант диабеті диагнозы қойылса, не істеу керек: алғашқы қадамдар мен дәрігердің кеңестері

Диабет анықталса, не істеу керек

Көптеген адамдар көз алдына бірден қатаң тыйымдарды, ұдайы шектеулер мен ауыр асқыну жағдайларын елестете бастайды. Алайда шын мәнісінде бүгінде диабет – бұл ұзақ жыдар бойы белсенді әрі толыққанды өмір сүруге мүмкіндік беретін ауру. Ең бастысы, ауруды елемеу емес, оны басқаруды үйреніп алу қажет. Лайқос терапевт дәрігері, диетолог Алмагүл Ержекеновамен бірге диагноз қойылғаннан кейін не устеу керектігі мен қант диабетін бақылауға алуға көмектесетін қадамдарды талдайды.

«Ғажап дәріні» іздемеңіз

Диагноз қойылғаннан кейін абыржып қалу және емдеудің «жылдам» тәсілдерін іздей бастау оңай. Алайда бүгінде адамның қант диабетінен толықтай айығып кетуіне көмектесетін дәрі-дәрмектер мен әдіс-тәсілдер әлі де жоқ.

Емделудің негізі – дәрігердің ұсыныстары, ауруды тұрақты түрде бақылап отыру мен өмір салтының бірте-бірте өзгеруі. Дәл осындай әдіс қана ұзақ жылдар бойы өзін-өзі жақсы сезінуді қамтамасыз етеді және асқыну қаупін айтарлықтай азайтуға септігін тигізеді.

Диагноз қойылған бойдан не істеу керек

Жалпы диагноз расталғаннан кейін қажетті тексерулердің өткізілгеніне көз жеткізген маңызды. Бұл қан диабетінің түрін анықтауға, ағзаның жай-күйін бағалау мен емдеудің жарамды тактикасын таңдауға көмектеседі.

Әдетте бұл кезеңде дәрігер келесілерді тексеруді ұсынады:

Диабет анықталса, не істеу керек

Мұндай тексеру ықтимал асқынуларды немесе қауіп факторларын дер кезінде анықтауға және оларды барынша ертерек бақылауға алуға мүмкіндік береді.

Қант деңгейін бақылауды үйреніп алыңыз

Глюкозаны тұрақты бақылау – қант диабеті кезіндегі басты әдеттердің бірі.

Ол үшін мыналарды қолданады:

  • глюкометр;
  • қанттың өзгеруін нақты уақыт тәртібінде көрсетіп отыратын глюкозаны үздіксіз бақылау жүйелері (CGM).

Күнделікті бақылаудан басқа әрбір 3-6 ай сайын HbA1c талдауын тапсырып отыру қажет, ол кейінгі бірнеше айдағы қанттың орташа есеппен алғандағы деңгейін көрсетеді.

Тамақтануды қайта қарастырыңыз

Диабет кезінде ашығудың немесе сүйікті азық-түліктерді толықтай алып тастаудың керегі жоқ. Басты міндет – тамақтануды барынша теңдестіру.

Келесілер ұсынылады:

Диабет анықталса, не істеу керек

Құрамы жасұныққа бай азық-түлік түрлеріне ерекше көңіл бөлген маңызды. Ол глюкозаның сіңірілуін баяулатуға және тамақтан кейін қант деңгейінің күрт өзгеруінен аулақ болуға көмектеседі.

Тәттілерден толықтай бас тарту қажет пе?

Қант диабетіне шалдыққан көптеген адамдарға тәтті тағамдарға өмір бойғы қатаң тыйым керек емес. Бұл тұста көмірсулардың жалпы мөлшері мен олардың күні бойына таралуын ескерген әлдеқайда маңыздырақ. Қажет болған жағдайда қантты құрамында калориясы төмен қауіпсіз тәттілендіргіштерге ауыстыруға болады, мәселен, стевия, эритрит немесе сукралоза. Сонымен бірге «қантсыз» деген жазуы көрсетілген өнімдердің құрамында көмірсулар мен калориялар мөлшері орасан зор болуы мүмкін екендігін ұмытпаған абзал.

Көбірек қозғалыңыз

Тұрақты физикалық белсенділік жасушалардың инсулинге әлдеқайда жақсы реакция беруіне көмектеседі, қандағы қант деңгейінің кемуіне септігін тигізеді, дене массанын бақылауда ұстау мен жүрек-қан тамырларына қатысты асқыну жағдайларының қаупін азайтуға септеседі.

Ең пайдалылары жылдам жүру, жүзу, велосипед тебу, скандинавиялық жүріс, аптасына 2-3 рет күштік жаттығуларды орындау, сонымен бірге созылып-керілуге және тепе-теңдікті сақтауға арналған жаттығулар болып есептеледі. Ересектердің көбіне физикалық белсенділікке аптасына, кем дегенде, 150 минут бөлу ұсынылған.

Салмағыңызды қадағалаңыз

Егер екінші типті қант диабеті кезінде артық салмақ бар болса, оның, тіпті, кішігірім азаюы денсаулық жағдайын айтарлықтай жақсарта алады. Дене салмағының небәрі 5-10% жоғалтудың өзі тіндердің инсулинге деген сезімталдығын арттыра түседі, қандағы қант деңгейін азайтуға көмектеседі, күретамырлық қысымның және холестерин көрсеткіштерінің қалпына келуіне септігін тигізеді, сонымен бірге инфаркт пен инсульт қаупін кемітеді.

Алкогольмен сақ болыңыз

Құрамында алкоголі бар ішімдіктер қандағы қант деңгейіне болжауға болмайтын әсер етуі мүмкін. Кейбір сусындар әуелі глюкозаның деңгейін арттырады, ал бірнеше сағат өткеннен кейін, әсіресе, инсулин алатын адамдарда қауіпті гипогликемияны қоздыруға қабілетті болып келеді.

Сондай-ақ алкоголь рационның калориялығын арттыра түседі, артық салмақ жинауға септігін тигізеді, тәбетті бақылауды нашарлатады және дәрілік препараттармен өзара әрекетесуі әбден мүмкін. Мүмкіндігінше алкогольден бас тартқаныңыз абзал. Егер бұл әзірге қолыңыздан келмесе, ұстамдылық таныту, аш қарынға ішімдікті тұтынбау және емдейтін дәрігеріңіздің ұсыныстарын сақтау маңызды.

Темекі шегуден бас тартыңыз

Темекі тарту қант диабетінің асқыну қаупін айтардықтай жоғарылатады. Темекі түтіні тамырлардың зақымдалуын жылдамдата түседі, қабынуды күшейтеді, тіндердің инсулинге деген сезімталдығын нашарлатады және қанның ұйығыштығын арттырады.

Нәтижесінде темекі тартатын емделушілерде инфаркт және инсульт, аяқ тамырларының зақымдалуы, диабеттік табан синдромы, бүйрек аурулары мен көру қабілетінің төмендеу жағдайлары жиі пайда болады. Дәл осы себептен темекі шегуден бас тарту диабет асқынуының алдын алудың ең тиімді тәсілдерінің бірі болып саналады.

Ең жақсы шешім темекі шегуден біржолата арылу болып қала бермек. Егер сіз әзірге бұл қадамға дайын болмасаңыз, онда түтін шығармайтын балама нұсқаларға – мәселен, хиттерлерге ауысып көруді қарастыруға болады. Шылымға қарағанда олар темекіні жақпайды және құрамында шайыр, тұншықтырғыш газ бен көптеген уытты жану өнімдері бар темекі түтінін түзбейді.

Күйзелісті жеңуді үйреніңіз

Күйзеліс кезінде ағза картизол мен адреналин гормондарын өндіреді, олар қандағы қант деңгейнің жоғарылауына септеседі. Бұдан басқа мазасыздық шамадан тыс көп тамақ ішуге, ұйқының бұзылуы мен дәрігердің ұсыныстарын сақтауға деген мотивацияның төмендеуіне жиі әкеліп соқтырады.

Эмоциялық жайлылықты сақтауға толыққанды ұйқы, тұрақты түрде серуендеу мен физикалық белсенділік, тыныс алу жаттығулары, саналы техникалар, қажет болған жағдайда психотерапия мен жақын адамдардың қолдауы көмектеседі. Күйзелісті бақылау – қант диабетін сәтті басқарудың маңызды бөлігі.

Профилактикалық тексерулерді өткізбеңіз

Диабеттің көптеген асқыну жағдайлары ұзақ уақыт бойы еш белгісіз дамиды. Нақ осы себептен өзіңізді, тіпті, жақсы сезініп жүрсеңіз де, профилактикалық тексерулерден тұрақты түрде өтіп отырғаныңыз аса маңызды: көзіңізді, бүйрек жұмысын, жүрек пен тамырлардың жай-күйін, табаныңызды тексеру, сонымен бірге холестерин деңгейі мен күретамырлық қысымды бақылауда ұстау. Бұл ықтимал өзгерістерді ерте сатысында анықтау мен күрделі асқынуларға жол бермей тұрып, емдеуді дер кезінде бастап кетуге көмектеседі.

Диабет анықталса, не істеу керек

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.