Ауаның ластануын қалай азайтуға болады: тазалыққа қарай қадамдар және табысты мысалдар

Тыныстану ма өлім бе

Ауаның ластануын қалай қысқартуға болады

Жер шарындағы он адамның бірі дәл осы сәтте тыныстануға жарамсыз ауаны жұтып жатыр – ДДҰ қазіргі жағдайды осылай бағалады. Бақытқа қарай, зиянды төмендету қағидатын тиімді пайдалануға болады: бүкіл әлемнің экологиясын бір мезетте жақсарту мүмкін емес, алайда табиғитқа келтіріліп жатқан зиянды біртіндеп төмендете бастаса, бұл шараның жемісі – таза ауа болады.  

БІЗДІҢ АУА ТЫНЫС АЛУҒА ЖАРАМСЫЗ

    2020 жылы  Қазақстан ауа сапасы бойынша     115 орын және осы ауаның құрамындағы зиянды ұсақ бөлшектер бойынша  – 138-ші орынңа иеленді. 180 елдің ішінен. Экологиялық тиімділік индексіне сәйкес  (EPI) осындай тұжырым жасалды.

 

Оны айтасыз ба  – 2021  жыл енді басталғанымен Нұр-Сұлтан қаласы ластану деңгейі бойынша әлемдегі бесінші қала болып тұр! 2020 жылғы желтоқсанда қаланы бүркеген түтінтұманды айтсаңызшы!

 

Ал бәріміздің денсаулығымыз осы ауа сапасымен тікелей байланысты. Біз жұтатын ауа өкпеге түсіп, одан қанымызға кетеді…, яғни осының бәрі ересектерде де, балаларда да инсульт, жүрек-тамыр ауруларының, қатерлі ісік және тағы бірқатар созылмалы аурулар даму қауіпін арттырады.

 

Және осы аурулардан болатын өлім-жітім жағдайлары өсімін тоқтатар емес. 2019 жылы осы аурулардан 133 мың қазақстандық қайтыс болды.

 

КӨРІНБЕЙТІН ЖАУЛАР

Анық қауіпті болатын азот және күкірт тотықтары, озон және көзге көрінбейтін бөлшектер: асфальт пен рәзеңкенің микробөлшектері, тіпті ауыр металдар бөлшектері де. Осылардың кейбірі автомобиль жанар-жағар майы жану және көлік көзғалысы барысында, сондай-ақ   электрстанциялар мен фабрикалар шығаратын түтінмен бірге ауаға кетеді. Денсаулыққа зиянды заттар орынжайларды жылытуға ағаш отын және көмір жаққанда да, ол ол ма – олар қоқыс пен түскен жапырақтарды өртегеннің өзінде ауаға шығарылады.

 

Диаметрі 10 микронға дейін және одан аз майда қатты бөлшектер (оларды PM10 деп те атайды) өкпеге терең еніп сонда қала алады. Одан да майдалары PM2,5 (олардың диаметрі 2,5-тей және одан да аз) қанайналым жүйесіне де өтіп кетеді екен. Біз тыныстанып жатқан ауа қаншалықты жақсы немесе жаман екені дәл осы бөлшектердің шоғырлануы бойынша есептеліп шығарылады.

 

Мемлекеттердің көбісі ауа сапасын өздігінен қадағалап, қорытындыларымен онлайн бөліседі. Мысалы, ол деректерді мына жерден көруге болады.  Бірақ барлық мемлекеттер мен қалалар бойынша емес. Қазақстан үшін – airkaz.org деген өз сервисі бар, мұнда ауа ахуалын дәл осы сұраған уақытта көре алуға болады.

 

Air.kaz.org, осыған ұқсас ресуртардай, ең майда, бірақ ең қауіпті PM2,5 бөлшектерінің санын өлшейді. ДДҰ нормалары бойынша PM2,5 орташа тәуліктік деңгейі 25 мкг/м3-н аспауы тиіс. Жалпы PM2,5 көрсеткіштері PM2,5 тәулік уақытына, тіпті айларға қарай көрсеткіш құбылып тұруы мүмкін, мысалы, зауыттар мен фабрикалар түнде істемейді, жолдағы көлік те азаяды, ал жазға қарағанда, жылыту маусымында ағаш отын мен көмір әлдеқайда көп жағылады.

 

Ластау бойынша біз өз рекордымыздан 2019 жылы асып түстік: Алматыда   PM2,5 деңгейі 200 мкг/м3, Нұр-Сұлтанда – 300 мкг/м3 құрады, бұл  нормадан 15 еседей жоғары деген сөз.

 

Қазіргі уақытта бұл сандар айтарлықтай төмен: 2021 жылғы наурыз бойынша PM2,5 ең жоғары көрсеткіштері Нұр-Сұлтанда 76,5 мкг/м3 және Алматыда  45,6 мкг/м3 құрады.  Ең төмені  – Нұр-Сұлтанда С5 мкг/м3 және Алматыда 10 мкг/м3.

 

БІЗ БАРАТЫН ЖОЛ

Республикалық мемлекеттік «Қазгидромет» кәсіпорны Қазақстанда ауа ластанудың негізгі себебі ретінде өнеркәсіп өндірісін, үйлерді ағаш отынмен және көмірмен жылыту, сондай-ақ автомашиналар мен қалалық көлікті атайды.

 

Сарапшылар бұл өзекті мәселенің шешімін де айтып отыр: көмір пайдаланбау үшін үйлер мен кәсіпорындарды газдандыру, қалдықтарды өртемей өңдеп кәдеге жарату. Ал ең дұрысы – су қуаты немесе күн я жел қуаты сияқты жаңартылатын қуат көздерін енгізе бастау.

 

Осылармен қатар, көлікке аса назар аудару қажет: велосипед және жаяу жүргіншілер үшін қолайлы жағдай жасау, қалалық көлік қозғалысын жетілдіру, мысалы, таза жанар-жағар майларды қолжетімді ету, күкірт мөлшері аз жанар-жағар майларды пайдалану.

 

Бұл шаралар басқа елдерде өз пайдасын тигізіп жатыр. Мысалы, ауасы ең лас қала деп аты шулы болған Бейджінде (2021 жылғы қаңтарда ауаның ластануы ДДҰ нормасынан  8 есе артқан). 2015  жылы үйлерді жылыту үшін көмір пайдалануға тыйым салынды, көмір станцияларының біразын жапты, ал қалғандарына шығарымдарға деген талап күшейтілді: азот тотығы бойынша 5,5 есеге, күкірт тотығы бойынша 13 есеге және күл бойынша 70 есеге қысқартылды. Небәрі екі жылдың ішінде ауаның ластануы 35%-е төмендеді.

 

Біздің билік ауа сапасын жақсартуға қадам жасап келеді. Мысалы, былтырдан бері Нұр-Сұлтанда тұрғын алқаптар гиздандырылып жатыр, Алматы ТЭЦ-ң де мәселесі шешілетіндей. ТЭЦ-1 2017 жылы газға көшірілді,  бұның нәтижесі сезіле бастады: зиянды заттарды тастау көлемі 2013 жылғы 3 мың тоннадан 2019 жылы 0,8 тоннаға дейін қысқартылды. ТЭЦ-2 және ТЭЦ-3 әлі газдандырылуы тиіс. 2025 жылға дейін республика бойынша 2 миллиардтан аса ағаш отырғызу жоспарлануда.

 

АУАСЫ ЕҢ ЛАС ЕЛДЕР

Пәкістан, Бангладеш және Үндістан ауа сапасы бойынша 180 әлем елі арасында бірнеше жыл бойы соңғы орындарды алып тұр.

 

PM2,5 бөлшектерінің шоғырлануы естеріңізде ме? Ол неғұрлым жоғары болса, соғұрлым ауа сапасы төмен. State of Global Air-ң 2020 жыл үшін баяндамасында осы бөлшектердің шоғырлануы ДДҰ ең жоғары көрсеткіш ретінде ұсынған 10 мкг/м қарағанда, оларда 83,2  құрайды.

 

Бұл елдердегі экологиялық проблемалары өте күрделі: өнеркәсіп пен халық саны ұдайы өсіп келеді, ал өмір сапасы мен технологиялар деңгейі сол баяғы. Олар негізі көмір пайдаланады, сол себепті ауаға көмірсу қышқыл газдарын шығару көлемі өсіп келеді, оған қоса ормандар жаппай қырқылып жатыр, ал зауыттар мен фабрикалардың қалдықтары еш ойланбаусыз өзендерге құйылады.  

 

ОҢАЙ ТЫНЫСТАНУҒА БОЛАТЫН ЕЛДЕР

Ең таза ауа Австарлияда, Финляндияда және Исландияда. Бұларда PM 2,5 бөлшектерінің шоғырлануы небәрі 6-7 мкг/м3.

 

Бұл елдерде жаңартылатын қуат көздері кеңінен пайдаланылады: гидроэнергия, геотермалдық ресурстар, күн және жел қуаты. Финляндияда қуат көздерінің жартысына жуығы – жаңартылатын (2019 жылғы тұтас энергетикасының 43%), ал Австралияның  Тасмания штаты 2020 жылы толығымен жел және гидроэнергетикалық құрылғыларға көшті). Финляндияда қоқысты өңдеп кәдеге жарату жүйесі шынайы жолға қойылған – қалжыңсыз, ол халық 60%-н аса қоқысты қуатқа айналдырады, 39%-на  жуығы қайтара пайдаланатын шикізатқа кетеді, демек небәрі 1% қоқыс қоқыс алаңдарына тасталады. Осы елдердің бәрінде пластик шөлмектерден бас тартуға үндеу жолданып жатыр, ал Канберра қ. (Австралияда) экологияға арналған акциялар, машинасыз күндер өткізіліп келеді.

 

Әрине, бұл елдер дәл осындай «тазалыққа» бір мезетте жете қойған жоқ – олар «лас» өнеркәсіптен бүгінгі күнге дейін осы жолмен өтіп, аталған жетістіктерге қол жеткізді. Осының нәтижесінде ол елдердің тұрғындары таза ауа жұтып келеді.

 

Біз де соларға ілескеніміз жөн.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]