Құрғақ тері: ол неге пайда болады және онымен қалай күресу керек - Лайқос

Құрғақ тері: ол неге пайда болады және онымен қалай күресу керек

8 сұрақ

Неліктен тері негізінен қыс мезгілінде құрғақ болып тұрады?

Қандай ингредиент терідегі ылғалды жақсы сақтайды?

Қыста тазартатын құралдардың қандай түрін таңдаған дұрыс?

Қыста терінің сапасын жақсы қалпында сақтау үшін нені қолдану ұсынылады?

Тері құрғақ болғанда не істеуге болмайды?

Омега-3 жетіспегенде теріге не болады?

Төмендегілердің қайсысы — қысқы күтімнің жиі кездесетін қателігі?

Теріні аяздан кейін қалпына келтіруге не нәрсе жақсы көмектеседі?

Құрғақ тері әрбір таң сайын көңіл-күйді бұзатын тұрақты серікке айналуы мүмкін, ал кейде ұшақпен ұшып келгеннен кейін, климаттың ауысуынан немесе күйзеліс салдарынан болуы әбден ықтимал. Лайқос пен дәрігер-дерматокосметолог Лаура Әбдібаева теріңізге қалай көмектесуге болатынын айтып береді.

Неліктен тері құрғақ болады: 5+7 негізгі себеп

Құрғақ тері – бұл, шын мәнісінде, су-липидті тепе-теңдіктің бұзылуы. Яғни, тері қорғаныс «мантиясын» жоғалтады, оның тосқауылы жұқара түседі, әрі су тиісті жылдамдықтан гөрі әлдеқайда тезірек булана бастайды. Мұндағы емдеу себептерге байланысты.

Сыртқы факторлар

  • Суық, жел, жылыту, кондиционерлер. Қыс мезгілінде ауа құрғақ, жел липидтерді зақымдайды, ал жылыту тура теріден ылғалды сорып алатын іспетті. Міне, осыдан барып терінің тартылып тұруы, әрі қабыршақтануы пайда болады.
  • Кермек немесе хлорланған су. Кальций мен магний тұздары терінің pH деңгейін бұзады және липидті қабатты зақымдайды. Хлор оны қосымша құрғатады.
  • Агрессивті косметика мен жиі жасалатын пилингтер. Құрамында алкоголі бар тониктер, сульфаттық гельдер, «сықырлағыш» жуыну – осының барлығы тосқауылды бүлдіреді.
  • Сауналар, ыстық ванналар мен күн сәулесі. Жоғары температура қорғаушы липидтерді шайып тастайды. УК-сәулелер коллагенді бұзады және құрғақтықты күшейтеді.
  • Ұшақпен ұшу және климаттың ауысуы. Ұшу кезінде ұшақ ішіндегі ауа ылғалдылығы – шамамен 10-20% құрайды, тері ылғалды бірнеше есе жылдамырақ жоғалтады. Климаттың күрт өзгеруі де (мысалы, ылғалдысынан құрғаққа немесе керісінше) тосқауылға нұқсан келтіреді, терінің тартып тұруына, қызару мен қабыршақтануына жол береді.

Ішкі себептері

  • Жаман әдеттер. Сусыздануды күшейтеді және қорғаныс тосқауылын бұзады.
  • Сусыздану. Егер біз суды аз ішетін болсақ, не болмаса электролит тепе-теңдігі бұзылса, тері ылғалдылығын жоғалтады.
  • Май бездері жұмысының төмендеуі. Бұл генетика, жас шамасы, гормондар немесе күтімнің дұрыс еместігіне деген реакциядан туындауы мүмкін.
  • Гормондық фон. Етеккір үзілісі, гипотиреоз, гормондардың ауытқуы липидтер мен гиалурон қышқылының шығарылуын төмендетеді.
  • Дәрумендер мен минералдардың тапшылығы. Соның ішінде ерекше маңыздылыққа Омега-3, A, D, E дәрумендері, мырыш, селен маңызды.
  • Аурулар мен дәрідәрмектер. Псориаз, атопиялық дерматит, ретиноидтар, антибиотиктер, несеп айдатқы дәрілер уақытша немесе созылмалы түрде теріні құрғатуы мүмкін.
  • Ұйқының қанбауы және күйзеліс. Біз аз ұйықтаған кезде, тері қайта жаңаруға үлгермейді. Тосқауыл жұқара түседі, липидтер мен гиалурон қышқылының өндірілуі азаяды, көмескі тарту, құрғақтық пен сезімталдық пайда болады. Ұйқының қанбауы күйзеліс гормонын арттырады – осылайша тері ылғалды одан бетер жылдам жоғалтады.

Тері құрғақ па, әлде сусызданған ба?

Жалпы құрғақ және сусызданған тері – бұл екі түрлі күй, әрі оларды жиі шатастырады, алайда олар табиғаты жағынан екі басқа және бір-біріне мүлдем ұқсамайтын күтімді қажет етеді.

Құрғақ тері – терінің бір түрі, бұл оның тұрақты ерекшелігі. Оған липидтер жетіспей тұрады, сондықтан тосқауыл әлсізденген, ал оның беті көбінесе тартылып тұрғандай көрінеді де, қабыршақтанады және жеңіл сұр реңкке ие болып келеді. Мұндай тері жылдам ісіп қызарып кетеді және, тіпті, жұмсақ құралдарға да реакция береді екен. Оған көмектесу үшін қорғаныс қабатын қалпына келтіретін майлар, церамидтер мен анағұрлым тығыз келетін нәрлі иісмайларды пайдалану керек.

Сусызданған тері – бұл уақытша жай-күй, бұл тұста майлар емес, нақ осы ылғалдық жетіспей тұрады. Ол, тіпті, терінің майлы түріне ие адамдарда да пайда болуы әбден мүмкін. Сусыздану «терінің шөлдеуі» секілді сезінеді: жуынғаннан кейін тері тартылып тұрады, күлімсіреген кезде әжімдердің ұсақ торы байқалады. Мұндай жағдайда теріге ылғалдандыратын сарысулар мен суды ұстап тұратын құралдар қажет.

Кей кездері осы екі жай-күй қабаттасып келуі де мүмкін – тері бір уақытта құрғақ әрі сусызданған болуы ықтимал, әрі оған липидтер де, ылғал да жетіспей тұрады.

Жаман әдеттер теріні қалай құрғатады

Темекі тарту

Шылым түтінінің токсиндері терінің нәрленуін нашарлатады, коллагенді бұзады және гиалурон қышқылының деңгейін кемітеді. Тосқауыл жұқара түседі, әжімдер және беттің сұр реңкі пайда болады – түтін сыртынан ғана зиян келтірмейді, сонымен бірге ағзаға ену арқылы оны бірте-бірте ішінен бұзады. Өміріңізде темекі тартып көрмегеніңіз абзал. Алайда, егер сіз темекі тартудан біржолата бас тартуға дайын болмасаңыз, хиттерлерді қарастырып көріңіз. Олар темекіні жақпайды, тек қана ~350°C дейін қыздырады. Осының арқасында адам шайыр, тұншықтырғыш газ бен көптеген канцерогендерді деммен бірге жұтпайды – ағзаға деген жүктеме мен дерматологиялық түйткілдер қаупі төмендейді.

Алкоголь

Мықты дегидратор. Ылғалды жоғалтуды күшейте түседі, қабынуды тудырады, липидтерді бұзады. Әсіресе, тәтті сусындар агрессивті болып келеді – олар гликация мен болбырлықты күшейтеді. Егер толықтай бас тарту мүмкін болмаса, алкогольдің мөлшерін азайту немесе күштілігі анағұрлым төменірек сусындарды таңдауға болады. Ал бұдан да жақсы нұсқа – алкогольсіз коктейльдерді қарастырғаныңыз жөн.

Кофеин

Суды ағзадан шығарып тастайды, магний мен кальцийдің сіңірілуін төмендетеді, картизолды арттырады. Құрғақтық, көмескі реңк пен терінің сезімталдығы пайда болады. Күнделікті ішілетін кофені 1-2 шыныаяққа дейін шектеңіз, әрбір шыныаяқтан кейін бір стақан суды қосыңыз. Кофені матчаға, цикорийге, какао немесе шөп шайларына алмастыруға болады.

Гаджеттер

Экранның көк түсі циркадты ырғақтарды бұзады және оксидативті күйзелісті күшейтеді – терінің қалпына келу қабілеті әлдеқайда нашарлайды және ол жылдам қартаяды. Біз көзді анағұрлым сирек жыпылықтатамыз, сондықтан оның айналасындағы тері кеуіп қалады. Экрандық уақытты мүмкіндігінше азайтқаныңыз дұрыс, әрі «Night Shift» тәртібін қолданыңыз немесе көк түсті сүзгілерді пайдаланыңыз.

Дұрыс тамақтанбау

Қант пен жылдам көмірсулар гликацияны тудырады – осылайша коллаген бұзылады, ал тері серпімділігінен айырылады. Фастфуд пен трансмайлар қабынуды күшейтеді, тұз сусыздандырады, ал сүт өнімдері мен глютен, ағзаның осы өнімдерді қабылдамауы бар болса, тітіркенуді тудырады. Ас үлесіңізге Омега-3 (арқан балық, скумбрия, грек жаңғағы, зығыр тұқымы), жаңғақтар, авокадо, көк шөп, сүйекті сорпа, көкөністер, А дәрумені (сәбіз, асқабақ), С дәрумені (цитрустар, жидектер) және мырыш пен селенді (жұмыртқа, теңіз өнімдері) қосыңыз.

Қыс мезгілінде теріге қалай күтім жасау керек
Қыс — бұл теріміздің ерекше қорғаныс пен қамқорлықты қажет ететін уақыт. Сау және әдемі қалпында…
https://laikos.kz/kz/densaulyq-bojynsha-kz/qys-mezgilinde-terige-qalaj-kutim-zhasau-kerek/

Дәрігерге қашан бару керек

  • құрғақтық айлар бойы жалғасады және күшейе түседі;
  • жарылу, қан, қатты қышу пайда болған кезде;
  • қызыл дақтар, қабыршақтану, дерматит пайда болғанда;
  • кенет шаш түсе бастаса, тырнақ сынғыш бола түскенде;
  • аллергиялар мен қалқанша безінің ауруларына күдік туындаса.

Қорытынды

Көптеген жағдайда түйткілді ретке келтіруге болады: тосқауылды қалпына келтіру, микробиомды нығайту, дұрыс күтімді таңдау мен теріні іштен қолдау. Бастысы, белгілерді ескеру мен теріге күтім жасаудың тәртібін сақтаған маңызды.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.