Экорежимге көшеміз
Табиғатқа зиян келтірмей хоум-офис құрудың жолы қандай?
Ресейлік Гринпис командасы экодағды туралы пайдалы әрі тегін курс шығарыпты. Оған он қысқа видеосабақ кіреді. Біз соның бірінен өтіп, зерттеп, қысқаша баяндап беріп отыр.
Курс күнделікті кішкентай әрекеттердің көмегімен адамзаттың планетаға тигізіп отырған зиянын қалай азайтуға болатыны жайлы әңгімелейді. «Экорежимді қос» жобасының авторларының атуынша, күн сайын жасалатын жаңа экодағдылар табиғатқа пайдалаы болып қана қоймай, адамдардың өмірін де жайлы ете алады, себебі ай сайынғы шығынды азайтуға мүмкіндік береді, азық-түлік пен коммуналдық шоттарға қатты шығынданбауға көмектеседі. Курс 20 желтоқсанға дейін ашық. Толық ақпарат пен тіркелу тәртібін арнайы лендингтен таба аласыз.
Әзірге бірінші сабақты қарастырайық. Мұнда қоршаған ортаға зиян тигізбей қолайлы жұмыс орнын жасаудың жолы туралы айтылады.
ТЕК САПАЛЫ ЗАТТАРДЫ САТЫП АЛАМЫЗ
Дүние неғұрлым ұзақ уақыт пайдаңызға жараса, соғұрлым сізге де, басқаға да пайдалы болмақ. Әдетте ойымызға да кіріп-шықпайтын жасырын қалдық бар: мысалы, ноутбугыңыз бір күні жарамай, қоқысқа айналады, ал оны жасау үшін өндіріс барысында алынған кен мен басқа да металл түріндегі 1 тонна 200 килограмм өндірістік қалдық пайда болған болатын.
АЛЫНҒАН ТЕХНИКАНЫҢ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ КЛАСЫН ЗЕРТТЕЙМІЗ
А мен G арасындағы шкала бойынша А++ ең экологиялық саналады. Сіз сатып алғалы отырған құрылғының қаншалық зиянсыз екенін оның жапсырма қағазынан немесе нұсқаулығынан білуге болады.
ЖӨНДЕУГЕ ЖАРАМДЫ ТЕХНИКА МЕН ЖИҺАЗ САТЫП АЛАМЫЗ
Ең дұрысы – бөлшектерін ауыстыруға болатын техниканы таңдау, яғни принтерлерге, арналған бірреттік картридждер мен батареясы алмастырылмайтын лэптоптарды алмаймыз.
Жиһаз да сол: әлдебір бөлігі сынса (мысалы, үстелдің аяғы немесе шкафтың есігі), бүкіл жиһазды емес, тек сол бүлінген жерді ғана ауыстырып беретін компаниялар бар.
ӨНДІРУШІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ҚАНШАЛЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ЕКЕНІНЕ МӘН БЕРЕМІЗ
Көп компанияның сайтында кәсіпорынның табиғатты сақтауға қалай үлес қосып жатқаны туралы арнайы бөлім бар. Ал Гринпистен электроника шығарушылардың қаншалық экологиялық екені жайлы рейтинг те табуға болады. Бұл опциялар жауапкершілігі жоғары өндірушіні тауып, таңдауға көмектеседі.
ҰСТАЛҒАН ЗАТТАРДАН ЖИІРКЕНБЕЙМІЗ
Түрлі платформалар мен «барахолкаларда» зат сатып алыңыз немесе сатыңыз. Бұдан ақша үнемдеп қана қоймайсыз, планета ресурсын да сақтайсыз. Ұсталған зат міндетті түрде ескі немесе жаман дүние дегенді білдірмейді. Ел қажетсіз, мысалы, сыйлыққа келген затты әдетте сатып жіберіп жатады. Сондықтан тіпті гарантиясы бар техниканың өзін қолдан алуға болады.
ЗАТТАРДЫ ЖАЛҒА АЛЫҢЫЗ
Қабырғада бір тесік жасау үшін перфоратор сатып алудың қажеті жоқ. Оны арнайы фирмадан жалға алуға немесе көршілерден уақытша сұрай тұруға болады
ТЕХНИКАНЫ ӨҢДЕУГЕ ЖІБЕРЕМІЗ
Қолданыстан шыққан электрониканы әдетте отандастарымыз қоқыс жәшігіне жәй ғана тастай салып жатады. Бұлай істеуге болмайды, себебі оның құрамында табиғатты және қайта пайдалануға болатын бағалы ресурстарды улайтын қауіпті заттар бар. Біздің елде техниканы өңдеуге беру оңай болып көрінбеуі мүмкін, бірақ тырысу керек. Бірақ алдымен ол техниканы жөндетуге болатын-болмайтынын нақтылаңыз, себебі әлі де болса біраз уақыт қажетіңізге жарап, іске асып қалуы ғажап емес.
ЖҰМЫС ОРНЫН АРТЫҚ ЗАТПЕН БЫЛЫҚТЫРМАЙМЫЗ
Кез келген кеңсе тауары жылдам әрі оп-оңай қоқысқа айналады. Сондықтан оның көлемін барынша азайтуға тырысу керек. Мысалы, өңдеуден өткен макулатура қағазын қолдану, парақтың екі бетін де пайдалану, кездескен адамыңыздың визиткасын алмай, оны суретке түсіріп алу (әрі пайдалы, әрі жоғалтып алмайсыз). Ең дұрысы – қағаз бен басқа да кеңсе заттарын онлайн-ресурстарға ауыстыру. Мәселен, бірлесіп жұмыс істеу және жобаларды басқару сервистерін пайдалану, күнделікті жазған-сызғанда кәдімгі «Блокнот» қосымшасында түртіп отыру, ал кестені гугл-күнтізбеде жүргізуге болады.
Айтпақшы, экология бойынша тегін курсты Coursera платформасында өтуге болады.
Аударған Димаш Зиядин
Фотоколлаж yanlaurentxo