Ентікпе дегеніміз не және одан қалай құтылуға болады - Лайқос

Ентікпе дегеніміз не және одан қалай құтылуға болады

Ентікпе — бұл ауа жетіспейтіндей сияқты сезілетін жағымсыз жағдай. Кейбір адамдарда ентігу кенет және қысқа мерзімге ғана пайда болса, басқаларда бірнеше апта бойы немесе, тіпті, бұдан да ұзақ уақытқа дейін сақталуы мүмкін. І санаттағы дәрігер-пульмонолог әрі торакалды хирург Бекдәулет Әкімниязова Лайқосқа арналған жаңа материалында ентікпе, оның санаттары мен емдеу тәсілдері туралы айтып береді.

Білгенге маржан: ентіпке – аурудың өзі емес, белгісі ғана. Бұл ағзаның орын толтыру мүмкіндіктерін іске қосқаны мен «ақаулықты» түзетуге тырысып жатқанын білдіреді.

Ентікпенің себептерін анықтау үшін негізгі төрт санатты қолдануға болады:

Ентікпе: себептері, белгілері және тиімді емдеу әдістері

Ентікпе адамда кенет пайда болып, өткір келуі мүмкін. Ал кейде біртіндеп басталып, динамикада күшейе беріп, созылмалы түрге ауысуы ықтимал. Кез келген жағдайда да дәрігердің қарауына бару қажет.

Ішкі мүшелерге байланысты ешқандай да бұзылыстары жоқ адамдарда ентікпенің жиі кездесетін себебі темекі тарту болып келеді. Мен адам ретінде, әрі дәрігер ретінде кез келген түрдегі темекі тартуға қарсымын. Шылым шегу шылымқұмардың жеке ісі, оның дербес жаман әдеті, таңдау еркіндігінің құқығы болып қала бермек, алайда бұл оның түтінді деммен бірге шығаруы және/немесе бықсыған темекі түтінінің айналадағы адамдардың деммен бірге жұтқанша дейін ғана жалғасады.

«Темекі тартудың ағзаға деген уытты әсері туралы бұрыннан белгілі, сонымен бірге пассивті «екіншілік» қана емес, сондай-ақ үшіншілік темекі тартудың болатыны да дәлелденген. Бұл жағдайда жалғыз дұрыс шешім – темекі шегуден бас тарту».

Алайда, статистика бойынша шылымқұмарлардың 20%-нан кемі ғана шылым шегуден бірінші реттен-ақ бас тарта алады. Шылымқұмарлардың шамамен 70%-на темекіден арылу үшін 3 талпыныстан бастап 5 талпынысқа дейін қажет болады. Неліктен статистика осындай болып отыр? Жауабы қарапайым. Шылым шегу никотиндік тәуелділікке әкеліп соқтырады. Бұл жерде адамның темекіні тастауға деген ниетінің өзі жеткіліксіз. Бұл мотивация мен ерік-жігердің орасан зор үйлесімін қажет етеді.

Мен өз емделушілеріме бір теріс әдетті бір оң әдетке алмастыруға кеңес беремін, мәселен, жаяу жүру, алайда күн сайын жүру керек. Қабылдауыма келген кезде шылымқұмарлар «Неліктен темекіден бас тартқаннан кейін қайтадан шегіп бастайсыз?» деген сұрағыма көбіне-көп былай деп жауап береді: «Басқа істейтін іс жоқ». Бұл менің теориямды растап отыр. Темекі тартуды тоқтатудың балама әдісі темекіні қыздыруға арналған жүйелердің көмегімен ағзаға зиянды төмендету болып келеді. Алайда бұл жерде кез келген балама нұсқамен алмастырудың уақытша және тұрақты нәрсеге ауыспауы тиіс екендігін қаперіңізден шығармағаныңыз абзал.

Созылмалы ентікпе кезінде мүмкіндігінше ертерек дәрігерге қаралған маңызды және өзіңіздің хал-жағдайыңызды егжей-тегжейлі суреттеу керек: ентікпенің қашан пайда болғаны, оның қаншалықты жиі пайда болатыны, оны тудыратын не нәрсе, қандай тәсілдер оны жеңілдетуге көмектеседі. Егер тыныс алудағы өзгерістер физикалық жүктеме кезінде пайда болса, онда дәрігердің қабылдауына дейін оны шектеген дұрыс. Барлық жағымсыз белгілерді жазып алуға, қан қысымы мен тамырдың соғуын тыныш күйіңізде және тыныс алуыңыз нашарлаған кезде өлшеуге кеңес беремін.

Тыныс алу жүйесі қалай жұмыс істейді және темекі оған қалай әсер етеді
Адамдардың көбі өкпенің қатерлі ісігі туралы және темекі түтінінің қаншалықты зиянды екендігін біледі. Алайда жану…
https://laikos.kz/kz/densaulyq-bojynsha-kz/kak-rabotaet-dyhatelnaya-sistema-i-chto-s-nei-delaet-tabachnyi-dym/

Ентікпені емдеу

Ентігуді жеңілдетудің ең жақсы тәсілі — себебін емдеу. Дегенмен бұл әрдайым оңай және мүмкін бола бермейді. Кенет пайда болатын ентікпе – бұл өмірге қауіп төндіретін белгі, әрі бұл көбінесе өлімге әкеліп соқтырады. Бұл жүрек патологияларының дамуы немесе демікпе ұстамасы салдарынан болуы ықтимал.

Созылмалы ентікпе – ұзақ мерзімді созылмалы тыныс жеткіліксіздігінің белгісі болып келеді. Олардан тек негізгі ауруды емдеу арқылы ғана құтылуға болады, сондықтан барлық ұсақ-түйек жайттар мыңызды.

Өткір ентігу кезінде жедел көмек көрсетілу керек:

Ентікпе: себептері, белгілері және тиімді емдеу әдістері

Ентікпенің ең кеңінен таралған себептерінің бірі гиподинамия, не болмаса қозғалыстың аздығы болып келеді. Соңғы зерттеулердің нәтижесі көрсеткендей, күллі әлемдегі халықтың 25%-нан астамы – шамамен 1,4 млрд адам – белсенді емес өмір салтын ұстанып келеді екен.

Естеріңізге сала кетсем, гиподинамия — бұл қимыл-қозғалыс белсенділігінің шектелуі, бұлшықеттердің жиырылу күшінің төмендеуі нәтижесінде ағза функцияларының бұзылуы. Ол соңғы уақытта урбанизация, әрі еңбекті автоматтандыру салдарынан кеңінен таралып отыр. Демек, гиподинамия мен ентікпенің алдын алу және емдеудің жолы – дене шынықтыру.

Бүгін салауатты өмір салтын ұстану үшін мүмкіндіктердің кең диапазоны ұсынылған. Дегенмен ең бастысы, адманың өзі және оның ынтасы. Өз емделушілеріме мен минималды жүктемеден бастауға кеңес беремін – аптасына кем дегенде үш рет, бірқалыпты уақытта 30-40 минуттай жаяу жүріңіз. Бұл тұста серуеніңіз бір реттік науқан ретінде қалмауы үшін осы әдетті қалыптастырған маңызды болып отыр. Бұл салауатты өмір салтын ұстану әдетін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Содан кейін бәрі де оңай орындалатын болады.

Ентікпені жеңуге кез келген тыныс алу гимнастикасы көмектесе алады. Ең бастысы, жүйелілік туралы ұмытпағаныңыз дұрыс.

Ентігу ретінде көрініс табуы мүмкін тыныс алу мүшелерінің аурулары анықталған кезде уақытылы дәрігердің қабылдауына бару, дертті ертерек анықтау, асқынуға жол бермеу, диспансер негізінде бақылау жүргізу маңызды.

Өкінішке қарай, науқастардың көбі стационарлық емделуден кейін үй жағдайында емделудің қажеті жоқ деп санайды, не болмаса базистік терапияны қабылдауды бастамайды, тіпті, дәрігер тағайындаған дәрі-дәремектерді мүлдем ішпеуі де әбден мүмкін. Тағы да бір емделушілер санаты кездеседі, олар жағдайға жете мән бермейді де, стационарлық емделуден тіптен бас тартып, «жай ғана инемен тамшылап дәрі енгізу жеткілікті ғой», сонда жазылып кетемін деп есептейді. Мұндай жағдайда, менің жеке нанымымша, денсаулыққа байланысты қабылданған шешім үшін ортақ жауапкершілік мойындалу қажет – бұл қоғам қатысушылары: мемлекет, жұмыс беруші және азаматтың өзі арасындағы жауапкершіліктің бөлінуі (Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекске сәйкес).

Как вы оцените статью?
[Total: 3 Average: 3.7]