Ерлер климаксы: белгілері, диагностикасы және салдарын болдырмаудың жолдары

Ерлер климаксы: бұл не және оны еңсерудің жолы

Климакс жайында сөз қозғалған кезде біз негізінен әйелдер туралы ойлаймыз. Алайда сіз еркек ағзасы да жас ерекшелігіне байланысты өзгерістерден өтетінін білесіз бе? Бұл үдеріс заманауи медицинада ерлер климаксы, андропауза немесе жасқа байланысты андрогендік тапшылық (ЖАТ) деп аталады. Бұл табиғи құбылыс болып келеді, алайда симптомдары өмір сапасына әсер етуі әбден мүмкін. Лайқос уролог-андролог маманы Бибігүл Исмағұловамен бірге ерлер климаксы дегеніміз не, оның белгілері қандай және неліктен дәрігерге уақытында қаралған маңызды екенін анықтады.

Ерлер климаксы дегеніміз не

Ерлер климаксы – бұл ер адамдардың жыныс гормоны тестостерон көлемінің азаюына байланысты болатын жас ерекшелігінің кезеңі. Әдетте климакс ер адамдарда 45-50 жастан кейін басталады, дегенмен кейбіреулерде алғашқы белгілер бұдан да ерте пайда болуы мүмкін.

Жас бойынша климаксты ерте (45 жасқа дейінгі), уақтылы (45-60 жас) және кешіккен (65 жастан кейінгі) деп бөлуге болады. Тестостеронның ең жоғары деңгейі ер адамдарда 25-30 жаста байқалады. Одан кейін оның деңгейі жыл сайын 1-3% төмендеп отырады. Сондықтан тестостероныңыз әуел баста неғұрлым жоғары болса, климакс соғұрлым кешірек басталады.

Жалпы ерлер арасында тестостерон тақырыбы аса қиын тақырып: ол туралы жиі айтылады да, алайда деңгейін қалыпты шектерде сақтау үшін қандай да бір күш салу сирек кездеседі. Алайда бұл бекер: осы гормонға жалпы хал-жағдай да, бұлшықет массасы да, әрі либидо, әрі денсаулық та байланысты болып отыр.

Ерлер климаксының белгілері

Физикалық белгілері:

  • Бұлшықет массасы мен күштің төмендеуі
  • Шаршағандық
  • Жыныстық құмарту мен еркек қауқарының әлсіреуі
  • Дене салмағының артуы, әсіресе іш аймағының семіруі
  • Жоғары тершеңдік пен қатты қызу сезімі
  • Күретамырлық қысымының айырмасы

Психологиялық симптомдар:

  • Көңіл-күйдің құбылуы, депрессия, ұйқысыздық
  • Зейін қою мен есте сақтауға байланысты түйткілдер
  • Мотивацияның төмендеуі мен енжарлық
  • Ашушаңдық пен агрессиялық
Шылым шегу эрекцияның бұзылуына әкеп соқтыра ма?
Андролог дәрігер Бибігүл Ысмағұлова әңгімелейді Қазақстанда белсенді темекі тартатын 10 ер адамның 8-і эрекцияға байланысты…
https://laikos.kz/kz/densaulyq-bojynsha-kz/kak-mozhno-dokuritsya-do-narusheniya-erekcii/

Ерлер климаксын қалай диагностикалауға болады

Бұл жағдайдың диагнозын анықтаумен уролог-андролог маманы айналысады, кейде эндокринолог та осы диагнозды қояды. Осы мамандардың жолдамасы болмаса, гормондардың деңгейін тексерудің қажеті жоқ. Кей кездері бір талдау жеткіліксіз болуы мүмкін. Дәрігер толық тексеруді өткізіп болған соң кардиолог, онколог және т.б. мамандардың қосымша тексеруіне жібере алады.

Тестостерон нормалары: орта есеппен алғанда 4,5 нмоль/л бастап 29,2нмоль/л дейін. Алайда жас ерекшелікті де ескеру керек. Тестостерон қалыпты шектерде болуы мүмкін, дегенмен ер адамның жасына қарай бұл нормаға сай келмейді: әдетте ер адам неғұрлым жас болса, тестостерон соғұрлым жоғары болады, әрі тестостерон деңгейі бастапқы деңгейінен шамамен 50% төмендеген кезде климакс белгілері пайда бола бастайды. Ал егерде көрсеткіш 12 нмоль/л төмен түссе, бұл атабездер қызметінің жеткіліксіздігін білдіреді, әрі бұл жыныс гормондары деңгейінің азаюына апарады.

Ерлер климаксының салдарын болдырмаудың жолдары

Климакстың өмір сапасына деген әсерін төмендетуге болады, ол үшін дер кезінде шара қолдану керек. Мамандар келесі жайттарды ұсынады:

Дұрыс тамақтану

  • Бұлшықет массасын сақтап отыру үшін ақуыз (ет, балық, жұмыртқа, бұршақ тұқымдастар) тұтынуды арттырыңыз.
  • Тамақтану үлесіңізге жасыл жапырақты көкөністерді (асжапырақ, қырыққабат) қосыңыз.
  • Ас үлесіңізге мырышқа (жаңғақтар, теңіз өнімдері) бай тағамдарды қосыңыз, мұндай өнімдер тестостерон өндірісіне септігін тигізеді.
  • Алкоголь, фастфуд, газдалған сусындар, қуырылған, майлы және ащы тағамдарды алып тастаңыз немесе олардың тұтынылуын мүмкіндігінше шектеңіз.

Физикалық белсенділік

Тұрақты түрде орындалатын жаттығулар бұлшықет массасын сақтауға және қалыпты салмақты ұстауға көмектеседі. Нағыз бодибилдерге айналу міндетті емес: аптасына 3-4 рет 30-40 минут жалғасатын біркелкі жүктеменің өзі жеткілікті болмақ. Егер бұл да сіз үшін көп болса, кем дегенде, үйіңіздің айналасында күнделікті жаяу серуендерді әдетке айналдыруға тырысып көріңіз.

Темекі шегуден бас тарту

Статистика мәліметтері көрсетіп отырғандай, темекі тартатын ерлер шылым шекпейтіндермен салыстырғанда еркек қауқарына байланысты түйткілдерге үш есе жиі тап болады екен. Сонымен бірге эрекцияның бұзылуына шалдыққан ер адамдардың 87% белсенді шылымқұмарлар болып келеді. Мұндағы бар гәп шылым тартқан кезде жану үдерісінің нәтижесінде пайда болатын темекі өнімдерінің (иісті газ, шайыр, ауыр металдардың тұзы) ағзаға түсуінде жатыр, әрі осылайша ағза уланады да, сонымен бірге тестостерон төмендей түседі. Егер темекі шегусіз өмір «қызықсыз» болса, онда хиттерлерді қарастыруға болады. Олар жану үдерісіне жол бермейді, тиісінше, канцерогендердің түзілуін болдырмайды, сондай-ақ денсаулық үшін қауіпті азайта алады.

Күйзеліс деңгейін бақылау

Созылмалы күйзеліс тестостерон деңгейін төмендетеді. Дәл сіз үшін қолайлы болып келетін босаңсудың әдісін тапқаныңыз абзал: спортпен айналысу, медитация, серуендеу немесе хобби.

Медициналық тексеруден тұрақты өтіп отыру

Тіпті, климакс белгілері білінер-білінбес болып көрінгеннің өзінде де, дәрігердің қабылдауына барып, кеңес алғаныңыз дұрыс.

Дәрігерге қашан барған жөн

Жоғарыда көрсетілген тестостерон деңгейі төмендеуінің кез келген белгісі байқалған жағдайда дәрігерге барғаныңыз абзал. Диагностикалау мен емдеудің қазіргі заманғы әдістері ерлер климаксының өмір сапасына ықпалын төмендетуге мүмкіндік береді.

Тек дәрігер ғана толыққанды диагностиканы өткізіп, дұрыс емдеуді тағайындай алады. Өз-өзіңізді емдеумен айналысып, денсаулығыңызға қауіп төндіруден аулақ болыңыз, әсіресе, гормондарға байланысты жағдайларда. Бұл аса күрделі сала, әрі ол кәсіби әдіс-тәсілдерді талап етеді, сондай-ақ маман ғана ағзаңыздың ерекшеліктерін негізге ала отырып, тиісті дәрі-дәрмектер мен олардың мөлшерлемесін таңдай алады.

Қорытынды

Құрметті ер адамдар, тестостерон – бұл маңызды көрсеткіш. Тестостероныңыздың деңгейін айтсаңыз, мен сіздің кім екеніңізді және қандай өмір салтын ұстанатыныңызды айтып бере аламын. Әрине, бұл баршаға бірдей қолданыла бермейді, дегенмен көп жағдайда ерте климаксқа тап болған ерлерді алыстан-ақ байқауға болады.

Технология мен жаңашылдық дәуірінде, әрі адам үшін барлық қолайлы жағдай жасалған заманда, біз жақсы қалпымызда қалуға көмектесетін ең қарапайым нәрселер жайында ұмытып отырамыз. Өзгерістер қауіпті болғанға дейін жеткізбеңіз: ерлер климаксының алғашқы белгілері пайда болған кезде дәрігерлік кеңеске жазылыңыз. Сіздің денсаулығыңыз – өз қолыңызда!

Как вы оцените статью?
[Total: 1 Average: 5]