EVALI – бұл не, белгілері мен емі | Вейперлер ауруы 2026

EVALI – вейперлердің ауруы: өкпе үшін жаңа қауіп

Соңғы жылдары дәрігерлер жаңа медициналық феноменге тап болып отыр, бұл – EVALI. Бұл сирек кездесетін, дегенмен өте қауіпті жағдай, әрі ол вейптерге арналған кейбір сұйықтықтардың дұрыс қолданылмауымен байланысты болып келеді. Лайқос дәрігер-пульмонолог Бекдәулет Әкімниязовамен бірге EVALI дегеніміз не екендігін, неліктен ол пайда болатыны мен өзіңіз және жақындарыңызды қалай қорғауға болатынын анықтайды.

EVALI дегеніміз не

EVALI – бұл нақты бір ауру емес, бұл басқа элементтерді қосу мүмкіндігі бар ашық типті контейнерлері қарастырылған электронды темекі мен вейптерден бөлінетін аэрозольдерді деммен бірге жұтқан адамдарда пайда болатын өкпенің жедел қабынбалы зақымдалуының синдромы. Қарапайым тілмен айтсақ, вейптерге арналған кейбір сұйықтықтардың құрамында кездесетін химиялық заттектерден өкпенің зақымдалуы.

Ауру қалай және қашан пайда болған

Алғаш рет EVALI жағдайлары 2019 жылы АҚШ-та сипатталған еді. Оған дейін өкпеге қатысты созылмалы аурулары болмаған жас адамдар кенет ауыр ентігуге, жөтелге, жүрек айнуға немесе іш өтуге тап болған.

Кейінірек анықталғандай, барлық емделушілерді бір жалпы фактор біріктірген екен – құрамында Е ацетаты дәрумені бар, әсіресе, THC-картридждеріне сұйықтықтар құйылған вейпинг құрылғыларын қолдану. Дәл осы қоспа мен сұйықтықтарды бұрыс пайдалану нағыз трагедиялық салдарға әкеліп соқтырған.

АҚШ-та ауру тарағаннан кейін EVALI бөлек жағдайлары басқа да елдерде – Канадада, Ұлыбританияда, Еуропа мен Азияның кейбір елдерінде тіркелген еді. Дегенмен олар жалғыз немесе шектеулі сипатқа ие болған және 2019 жылғы америкалық эпидемиямен салыстыруға келетін ауқымға дейін жетпеген.

Яғни, бұл жердегі тәуекел жалпы никотиндік сұйықтықтар салдарынан емес, олардың модификациясы немесе сертификатталмаған өнімдерді қолдану кесірінен пайда болған. Сонымен бірге пайдаланушы сұйықтықты өзі қоса алмайтын жабық картридждері бар құрылғылардың, сондай-ақ жабыстырғыштар немесе сағыздар секілді никотин алмастыратын құралдардың бұл тәуекелге байланысы жоқ.

Белгілері мен нышандары

  • Ентігу, жиіленген дем алыс
  • Жөтел мен кеудедегі ауырсыну
  • Дене қызуының көтерілуі мен айқын әлсіздік
  • Жүрек айну, лоқсу, іш өту
  • Қанның оттегіге қанығуының төмендеуі

Тыныс алу және асқазан-ішек симптомдарының қиюласуы дәрігерлерге нақты EVALI екен деп күдіктенуге көмектеседі.

Медициналық көмекке шұғыл түрде жүгінетін жағдайлар:

  • Күшейе түскен ентікпе
  • Ерін немесе терінің көгеруі
  • Кеуде тұсындағы қатты ауырсыну
  • Жоғары температура, оның төмендемеуі
  • Кенет әлсіздік немесе сананың шатасуы

EVALI пневмониядан несімен ерекшеленеді

Бактериялық немесе вирустық инфекцияның салдарынан туындайтын кәдімгі пневмониямен салыстыратын болсақ, EVALI инфекциялық ауру болып келмейді. Оның белгілері ұқсас болуы мүмкін – жөтел, ентікпе, дене қызуының көтерілуі, дегенмен дерттің механизмі басқаша: EVALI жағдайында өкпе химиялық тітіркенудің кесірінен қабынады, ал пневмония кезінде қабыну ағзаның микроағзаларға деген реакциясы ретінде пайда болады. Бұл айырмашылық аса маңызды, өйткені бұл тұста емдеу шаралары да әртүрлі болатыны хақ: EVALI ауруына тап болғанда негізгі назар зиянды заттектердің әсер етуін тоқтату мен қолдайтын терапияға аударылса, пневомнияға шалдыққан жағдайда бактерияларға немесе вирусқа қарсы ем талап етіледі.

Өкпенің зақымдалуына не себеп

Басты себепшілер – пайдаланушылар деммен бірге жұтқан химиялық заттектер:

  • Е ацетаты дәрумені (әсіресе THC-картридждерінде)
  • Пропиленгликоль мен глицерин, қыздырылған кезде ыдырайды
  • Ауыр металдар (никель, қорғасын)
  • Хош иістендіргіштер мен еріткіштер

Бұл заттектер өкпенің қабынуын тудырады, тыныс алу жолдарының шырышты қабығын зақымдатады және өкпенің қалыпты қызмет етуіне кедергі жасайды, осының салдарынан тыныс алуға байланысты күрделі түйткілдер пайда болуы бек мүмкін.

EVALI ауруын қалай емдейді

Емдеудің негізгі қағидаты – вейпингтен біржолата бас тарту.

Сонымен бірге оттегі терапиясы, қабынуды төмендетуге арналған дәрі-дәрмектер және денсаулықты нығайту үшін белгілерді емдеу қолданылады. Дәрігерге ерте кезеңде бару жағдайлардың басым бөлігінде аурудан толық айығып кетуге септеседі. Алайда кейбіреулерде созылмалы жөтел, төзімділіктің төмендеуі мен өкпедегі өзгерістер қалып қояды.

Адам дәстүрлі және электронды темекіден бас тартуға дайын болмаған жағдайда әдеттің баламасы ретінде зияны әлдеқайда төменірек болатын хиттерлерді (қыздырылатын темекі) қарастырып көруге болады. Оның шылымнан айырмашылығы мұндағы темекі жанбайды, тек қана қыздырылады. Сол себепті темекінің түтінімен салыстырғанда залалды заттектердің (темекінің жану өнімдері) мөлшері әлдеқайда азырақ түзіледі, осының арқасында зиянды заттектердің ағзаға жалпы ықпалы да төмендейді. Кәдімгі шылымнан темекіні қыздыруға арналған жүйелерге толықтай ауысқан адамдарда тыныс алу жолдарының ауруларын тудыратын зиянның биомаркерлерінің азайғаны байқалған. Сонымен қатар электронды темекіге қарағанда бұл жерде құрамында қоспалары жоқ нағыз темекі қоданылады.

Егер сіз әзірге шылым шегуден біржолата құтылуға дайын болмасаңыз, аталмыш балама нұсқа денсаулығыңыз үшін ең жақсы шешімге айналмақ. Қосымша қолдау ретінде дәрігердің көмегіне жүгінгеніңіз абзал, маман сізге бас тартудың қолайлы сызбасын таңдау мен болдырмау нышанатының жағымсыз көріністеріне жол бермеуге көмектеседі.

Қауіп тобына кімдер кіреді

Жасөспірімдер мен жас адамдар ерекше осал – олар көбіне-көп заңсыз немесе қолдан жасалған сұйықтықтарды пайдаланады, құрамдарына қатысты эксперименттерді жасайды және вейптерді аса қарқынды тартып жүреді, әрі бұл тұста олардың тыныс алу мен иммундық жүйелерінің әлі толық жетілмегені хақ. Алғашқы тіркелген жағдайлар 13 және одан жоғары жастағы науқастарды қамтыған, демек бұл тағы да сақтық таныту мен осындай әдеттерді бақылау қажеттілігінің маңыздылығын көрсетіп отыр.

Қорытынды

Басты ереже: егер сіз электронды темекіні қолданып жүрсеңіз, сұйықтықтардың құрамын қадағалап, заңсыз қоспалардан аулақ болғаныңыз бен ингаляцияға мүлдем арналмаған заттектерді ешуақытта пайдаланбағаныңыз жөн. Бұл өкпеге қатысты күрделі түйткілдерді бодырмауға көмектеседі. Ал өкпеңіздің денсаулығы үшін қолыңыздан келетін ең жақсы нәрсе – темекі шегуден толықтай бас тарту мен дәрігерге тұрақты түрде қаралып, чекаптан өтіп отыру.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.