
Биологиялық сағат: зерттеулер жас шамасы мен ұрықтылық жайлы не дейді
«Уақыт өтіп барады» – бұл сөзді жасы 25 асқан әрбір екінші адам еститін шығар. Алайда шын мәнісінде адамның жасы ұлғайған сайын оның репродуктивті жүйесі қалай өзгеріп жатады? Әрі 35 жастан кейін жүкті болу мүмкіндігі күрт төмендейтіні рас па? Лайқос анықтайды.
Ұрықтылық қай уақытта төмендейді
Әйел адам дүниеге аналық жасушаларының шектеулі қорымен келеді және уақыт өте келе ол азаяды. Олардың саны ғана емес, сондай-ақ сапасы да өзгереді. Ұрықтылық шамамен 30 жастан кейін төмендей бастайды, ал 30-дардың ортасында бұл үдеріс жылдамдай түседі. 45 жасқа қарай табиғи жүктілік сирек болып жатады.
35 жас – жүкті болу мүмкін емес дегенді білдірмейді. Бұл негізінен бағдар ғана, яғни, одан кейін ұрықтану қабілетінің төмендеуі байқала бастайды.
Себептердің бірі – аналық жасушалардағы хромосомалық бұзылыстар ықтималдығының артуы. Осының салдарынан ұрық қалыпты дамымауы ықтимал, әрі өздігінен түсік тастау қаупі жоғарылайды.
Репродуктивті терезе ұзара түсті
Кейінгі онжылдықтарда табиғи етеккір үзілісі жасының сәл өскені рас. JAMA зерттеуі көрсеткендей, 1959 жылдан бастап 2018 жылға дейін АҚШ-та етеккір үзілісінің орташа жасы 48,4-тен 49,9-ға шейін, ал репродуктивті кезең 35-тен 37,1-ге дейін өсті. Бұл ретте алғашқы етеккір де ертерек: 13,5 жастың орнына орта есеппен алғанда 12,7 жаста басталатын болған.
Етеккір үзілісі темекі тартатындарда немесе бұрын темекі шеккендерде ертерек басталатыны анықталған. Ал көп жыл бойы білім алған және ішке қабылдайтын контрацептивтерді қолданған әйелдерде ол кейінірек келеді.
Ер адамның жасы ұрықтылыққа әсер ете ме?
Жыл өткен сайын ер адамдарда шәует жасушаларының саны мен қозғалғыштығы азаюы мүмкін, ал ДНҚ-сы зақымдалған енуыздың үлесі артады. Сонымен бірге жас ұлғайған сайын мұнда жаңа генетикалық өзгерістер (мутациялар) көбірек жинақталады. Сол себептен кеш әке болу баладағы кейбір генетикалық жағдайлар мен нейродамудың бұзылу қаупінің аздап жоғарылауымен байланысты.
«Уақытты тоқтата тұру» мүмкін бе: аналық жасушаны қатыру және ЭКҰ
Аналық жасуша қатырылғанда тура процедура кезінде қандай күйде болса, сол күйінде сақталады. Сондықтан оларды алған кезде әйелдің жасы өте маңызды. Қазіргі заманғы ұсыныстар ескертеді: қосалқы репродуктивті технологиялар болашақта жүкті болуға кепілдік бермейді. Емделушілер ЭКҰ және аналық жасушаларын қатырып сақтау мүмкіндіктерін асыра бағалайды және олар ұрықтылықтың жас шамасына байланысты төмендеуін толықтай өтейді деп санайды.
Ұрпақ өрбіту денсаулығын нығайту мен қауіпті азайтудың жолы
- Темекі тартпау. Шылым тарту ұрықтылық қабілетінің төмендеуімен және етеккір үзілісінің ерте басталуымен байланысты. Жақында жүргізілген зерттеулер мәліметтеріне сүйенсек, ешқашан темекі шекпеген әйелдерге қарағанда шылым шегетіндердің АМГ (аналық жасушалар қорының көрсеткіші) деңгейі шамамен 9,4% төмен, ал ФЖГ (аналық бездердің жұмысына ықпал ететін гормон) деңгейі 7,7% жоғары келеді. Темекі шегуден бас тарту – бұл шынымен де әсер етуге болатын өмір салтындағы факторлардың бірі. Ол жасқа байланысты ұрықтылықтың табиғи төмендеуін тоқтатпайды, дегенмен қосымша бір жағымсыз факторды жояды. Егер әзірге темекі шегуден бас тартқыңыз келмесе, хиттерлерді қарастыруға болады. Қарапайым темекімен салыстырғанда қыздыру жүйелерін қолданған кезде темекі жанбайды, сол себептен жанудан болатын түтін түзілмейді. Бұл темекі түтініне қарағанда тұншықтырғыш газ бен бірқатар зиянды заттектердің әсерін азайтады.
- Алкогольді шектеу. Алкогольді көп мөлшерде тұтыну жүкті болу мүмкіндігін азайтуы мүмкін. Егер сіз жүктілікті жоспарлап жүрсеңіз, онда оны барынша қысқартқаныңыз жөн, ал бала көтеруге тырысқанда одан мүлдем бас тартқаныңыз абзал.
- Тамақтану мен салмақты қадағалау. Теңгерімді тамақтану мен қалыпты салмақ репродуктивті жүйенің қызметі үшін аса маңызды. Алайда қандай да бір дәлелденген әсері бар арнайы «аналық жасушаларға арналған диета» жоқ.
- Дәрігерге тұрақты түрде қаралу. Эндометриозды, аналық жасушасы жетілуінің бұзылуын, қалқанша безінің ауруларын және басқа да жағдайларды дер кезінде анықтап, емдеген дұрыс: осылайша репродуктивті денсаулықты сақтау жеңілдей түседі.
- Көмекке жүгінуді кейінге қалдырмау. Тексеру алдында қанша уақыт күту керектігі жас шамасына байланысты. Мамандар 35 жастан кейін алты ай бойы талпыныстардан кейін, ал 35 жасқа дейін бір жылдан кейін ұрықтылықты тексеруді ұсынады.