Ішімдікті шамалап тұтынуға көмектесетін гаджеттер мен сервистер - Лайқос

Ішімдікті шамалап тұтынуға көмектесетін гаджеттер мен сервистер

Алкогольді көп мөлшерде тұтыну өте зиян, алайда бұл әлемдік мәдениттің бөлігіне айналып та кетті – көптеген адамдар үшін бұл ойын-сауық пен әлеуметтенудің жалғыз ғана жолы. 2020 жылы пандемия кезінде алкогольді сусындарды сатып алу 54%-ке, ал интернет арқылы сату 262%-ке өскенін айтсақ та жеткілікті.

«зияны төменДЕУ» жобасы әр адамның таңдау құқығы бар деп санайды. Біз алкогольді қалай аз мөлшерде  тұтынуға болады және кейбір сервистер мен гаджеттер көмегімен оның жағымсыз әсерін қалай барынша төмендетуге болатынын айтып береміз

 

БІРАЗ СТАТИСТИКА

Алкогольдің пайдасы мен зияны туралы зерттеулер (мұндайлар да бар) көптеген жағдайда бір-біріне қайшы келеді – керек болса, мемлекеттер бойынша қолайлы «норманың» өзі түрленеді. Мысалы, Ұлыбритания мен АҚШ-да күніне екі құты сыра «айтарлықтай зиян келтірмейді» десе, Жапонияда бұл «стандарт»төрт кұтыға я екі сыбаға саке-ге тең.

 

Алкоголь тұтынуды денсаулықтың 200 бұзушылығымен байланыстырады – бұл әдеттің соңғы жылдары көптеген аурулар ішінде туберкулез, АИТВ және ЖИТС сияқты инфекциялық аурулар тәуекелімен де байланысы дәлелденді.

 

 

СӨСҚ ҰО-ң 2017 жылғы деректеріне сәйкес Қазақстан халқының үштен бір бөлігіне жуығы құрамында спирт бар сусындарды тұрақты тұтынады, ал тұрғындардың 18% алкогольге тәуелді яғни аптасына екі реттен жиі тұтынады.

 

МҰНДА НЕ ІСТЕУГЕ БОЛАДЫ?

Жалпы ДДСҰ (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) алкогольді тұтынудың төрт түрін сипаттайды: қауіпсіз, қауіпті, тұтынудың зиянды салдары бар және алкоголизм. Қауіпсіз түрі – ер адам бір апта ішінде жалпы 210 мл, ал әйел – 135 мл аспайтын алкоголь тұтынса.

 

Яғни – ер адамға күніне екі құты сыра не екі бокал шарап, я екі шот арақтан, әйелге – бір құты не бір бокал, я бір шоттан артық болмауы тиіс. 

 

Алкоголизм дегеніміз – адам денсаулығына беретін әсеріне қарамай ішімдіктен бас тартқысы келмесе және бас тарта алмаса, бұзақылық танытса.

 

Алкоголь тұтынудан келетін зиянды төмендететін қарапайым тәсілдер бар. Аш қарынға және ұйықтардан 4 сағат бұрын алкололь тұтынбау, көбірек су және құрамында қант аздау сусындар ішу – сондай-ақ тікелей ДДСҰ  ұсынған Зиянды төмендету қағидаты. Қысқаша мазмұны мынадай: бәріміз күшті ішімдіктерді (40 градустан жоғары: арақ, виски, ром және осыларға ұқсас) құрамында алкоголь мөлшері аздаулармен алмастыру (20 градусқа дейін: сыра, шарап, сидр).

 

Жоғарыда айтқандардан басқа, Сізге тұтынған ішімдік мөлшері мен оның салдарын бақылау жеңілірек болатын гаджеттер мен қосымшалар бар. 

 

БІРНЕШЕ ГАДЖЕТ ПЕН ҚОСЫМША

Pryme Vessyl тәріздес ақылды кружкалар сусыныңыздың түрі мен құрамын танып, осы талдау негізінде ұсыныстар бере алады. Мысалы, бұл құрылғы күндізгі нормадан аспау үшін қалай тоқтауға болатынын, сондай-ақ гидратацияны бір қалыпты деңгейде ұстап тұру үшін суға ауысу уақыты келгені туралы мәлімдейді.

 

Pryme Vessyl ақылды шыныаяғы

 

Дербес алкотестермен Сіз қашан тоқтау керектігін білу үшін қандағы алкоголь мөлшерін өлшеп отыра аласыз. BACtrack тәріздес гаджет жол полициясының құрылғыларымен салыстыруға болатын өлшемнің дәлме-дәлдігін қамтамасыз етеді, осымен бірге мобилді қосымшалар көмегімен Сіз тұтынған сусындар тарихы мен көрсеткіштерін сақтайды.

 

BACtrack гаджеті

 

Алайда қаншама мас екендігіңізді алкотестердің көмегінсіз де анықтауға болады – BreathalEyes қосымшасын сынап көріңіз: ол халіңізді көзіңіздің қарашығы бойынша анықтайды. Ал «кешегі» ішімдігіңіздің мөлшерін YesterdayMe көмегімен санай аласыз, дәл сонда статистикасы да жүргізіледі және кешкі динамиканы да қадағалауға болады. Ең бастысы – жазып отыруды ұмытпау.

 

 

BreathalEyes қолданбасы

 

Бонус ретінде (әсіресе, осындай мінез-құлыққа бейінді болсаңыз) DrunkDialNo (iOS) және Stupid Phonecall Blocker қосымшаларын ұсынамыз. Бұлар Сіз осы сәтте керексіз біреуге қоңырау шалмауыңыз үшін, телефон кітапшаңызды бұғаттайды. Кітапшаңызды ашу үшін Сіз мас емес екеніңізді және бір-екі математикалық есеп шығара алатыныңызды дәлелдеуіңіз керек. Әрине, бұл әрекет Сізді ішімдіктің салдарынан құтқара алмас, алайда моралдік халіңізді аман алып қалады.

 

 

DrunkDialNo және Stupid Phonecall Blocker қолданбалары

«ЗИЯНЫТӨМЕНДЕУ» ЖОБАСЫ ТУРАЛЫ

Біз – шылым шегу және басқа да жағымсыз әдеттердің зиянын төмендету туралы жобамыз. Зиянды төмендету қағидаты теріс және қауіпті факторлар әсерін барынша төмендету мүмкіндігін беріп, зиянды әдеттерден толығымен арылу мүмкіндігі болмаған жағдайда денсаулықты жақсартып, оны бір қалыпты ұстап тұруға көмектеседі.

 

Зиянды төмендету қағидаты, жағымсыз әдеттерден үзілді-кесілді арылуды ұрандауға қарағанда тиімдірек келеді. Тыйым салу ешнәрсені шеше қоймас, өйткені әрдайым адамның таңдауы болуы тиіс.

 

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]