
Гастрит: белгілері, себептері мен жай-күйді жеңілдетуге көмектесетін тамақтану ережелері
Адамдардың көбі тамақтан кейін асқазандағы ауырлыққа, қыжылға немесе жағымсыз сезімдерге шыдауға әбден үйренген, әрі оларды уақытша жайсыздық қана деп санайды. Алайда мұндай белгілер гастриттің көрінісі болуы әбден мүмкін. Лайқос гастритке тап болғанда өзіңізге қалай көмектесуге болатыны мен қабынуды шын мәнісінде не нәрсе азайта алатынын түсіндіреді.
Өз-өзіңізді емдеумен айналыспаңыз
Гастритті өз бетіңізбен емдеуге тырыспаңыз. Ұқсас белгілердің артында асқазанның ойық жаралы ауруы, ұйқы безінің, өт іркілетін қалтаның дерттері және, тіпті, жүрек-қан тамырларына байланысты түйткілдер жасырынуы ықтимал. Егер ауырсыну тұрақты түрде қайталанып жатса, әрі лоқсу, салмақ тастау, қара түсті нәжіспен немесе құсықтағы қанмен бірге жүрсе, шұғыл түрде дәрігерге жүгіну қажет.
Тексеруден өтіңіз
Гастрит – бұл жеке диагноз емес, бұл асқазанның шырышты қабатының қабынуы, әрі оның әртүрлі себептері болуы мүмкін. Ең кеңінен таралғандарының бірі – Helicobacter pylori бактериясы болып келеді. Бұл жағдайда аурудан арнайы емсіз құтылу мүмкін емес. Дәрігер қабынудың себебін анықтау мен тиісті ем-дом шараларын таңдау үшін қажетті талдауларды, гастроскопия мен басқа да зерттеулерді тағайындай алады.
Тамақтану тәртібін сақтаңыз
Гастритке шалдыққан кезде сіздің не жейтініңіз ғана емес, сонымен бірге мұны нақты қалай істейтініңіз де маңызды. Күніне 4-6 рет шағын порциялармен тамақтанған абзал, әрі ас қабылдау арасындағы ұзақ үзілістер мен тойып тамақ ішуден аулақ болғаныңыз дұрыс. Тамақты жақсылап шайнап, тыныш ішкен жөн.
Маңызды: гастрит асқынған кезде тамағыңыз міндетті түрде жылы болуы тиіс. Тым ыстық немесе салқын тағамдар – зақымданған асқазан үшін қосымша тітіркендіргіш болып келетіні сөзсіз.
Белгілерді күшейтетін азық-түлік түрлерін шектеңіз
Әртүрлі адамдарда азық-түлік түрлеріне деген реакциясы бір-бірінен ерекшеленеді, дегенмен жайсыздықты келесілер жиі күшейтетіні хақ:
- ащы тағамдар;
- қуырылған және майлы тамақ;
- фастфуд;
- маринадтар мен тұздалған өнімдер;
- кетчуп, майонез;
- дәмдеуіштердің көп мөлшері;
- қою кофе мен қою шай;
- газдалған және энергетикалық сусындар;
- алкоголь;
- шоколад;
- жаңа піскен нан өнімдері;
- цитрус тектестер мен қышқыл жидектер;
- қызанақтар;
- шикі пияз бен сарымсақ.
Тамақтану күнделігін жүргізген пайдалы, сонда қандай өнімдер нақты сіздің ағзаңызда белгілерді тудыратынын түсінуге болады.
Темекіден бас тартыңыз
Шылым тарту – асқазанның шырышты қабатына қалпына келуге кедергі ететін факторлардың бірі. Темекі шеккенде ағзаға темекі түтінімен бірге шайырды, тұншықтырғыш газ бен басқа да уытты жану өнімдерін қоса алғанда 7000 астам химиялық қосылыс түседі, осының бәрі қабыну үдерістерін нығайтады және зақымданған шырышты қабықтың қалпына келуін айтарлықтай бәсеңдете алады.
Ең жақсы шешім темекі шегуден біржолата бас тарту болып қала бермек. Егер әзірге бұл қолыңыздан келмесе, хиттерлерге ауысып көруді қарастыруға болады. Шылымға қарағанда олар темекіні жақпайды, тек қана қыздырады. Жану өнімдерінен болатын әсердің төмендеуі арқасында адам ағзасына деген қосымша жүктеме азая түседі, ал бұл темекі тартуды жалғастырумен салыстырғанда асқазанның шырышты қабатының қалпына келуі үшін анағұрлым жағымды жағдайды туғыза алады.
Алкогольден бас тартыңыз
Ішімдіктің, тіпті, кішігірім мөлшерінің өзі асқазанның шырышты қабатын тітіркендіруі мүмкін, сонымен бірге бұл, әсіресе, асқыну кезеңінде болатын қабынуды күшейте түседі.
Егер әдеттен біржолата бас тарту қиынға соқса, ең болмағанда, ішімдіктерді тұтыну жиілігін қысқарту мен құрамында алкоголі жоқ балама нұсқаларды – мәселен, алкогольсіз сыра немесе шарапты қарастырып көруге болады. Олар емдік өнім болып саналмайды, дегенмен асқазанның шырышты қабатына түсетін этанолдың тітіркендіргіш әсеріне жол бермеуге мүмкіндік жасайды.
Қажет болмаса, дәрі-дәрмекті қабылдамаңыз
Ауырсынуды басатын кейбір дәрі-дәрмектер асқазанның шырышты қабатына зақым келтіруі және гастрит немесе ойық жараны қоздыруы әбден мүмкін. Егер мұндай дәрілер қажет болса, оларды тек қана дәрігердің нұсқауы бойынша қабылдағаныңыз абзал.
Күйзелісті басқаруды үйреніңіз
Жалпы күйзелістің өзі гастритті тікелей тудырмайтыны рас, алайда оның белгілерін күшейтуге қабілетті. Эмоциялық ширығу кезінде адамдар ас қабылдауды жиі өткізіп отырады, темекі тартады, алкогольді тұтынады немесе шамадан тыс көп тамақтанады, ал бұл өз кезегінде ауру ағымын нашарлатып жібереді. Тұрақты түрде серуендеу, толыққанды ұйықтау, физикалық белсенділік, тыныс алу жаттығулары мен босаңсу техникалары көптеген емделушілерде белгілердің ауырлығын азайтуға септігін тигізеді.
Ауырсынуға шыдамаңыз
Егер ауру белгілері қайта-қайта оралып жатса, үнемі антацидтер немесе ауырсынуды басатаны дәрілермен құтқарылудың қажеті жоқ. Бұл жағдайды уақытша ғана жеңілдете алады, дегенмен дерттің себебін алып тастамайды. Диагноз неғұрлым ертерек қойылып, әрі емдеу шаралары қолданылатын болса, асқынудың пайда болу қаупі де соғұрлым азырақ болары шүбәсіз.