
Ұшық: бұл не және қалай емделеді
Ұшық – бұл көптеген адамдарда болатын вирустық инфекция. Жұқтырғаннан кейін вирус ағзада өмір бойы қалады, алайда бөртпелер әрдайым пайда бола бермейді. Кейбір адамдарда ол жылдар бойы тіптен білінбеуі мүмкін, ал басқаларында мезгіл-мезгіл өзіне тән көпіршіктер мен қышу түрінде болып тұрады. Лайқос бәрін егжей-тегжейлі анықтады.
Ұшық қалай көрініс табады
Ұшық көбіне-көп ерін мен ауыз айналасында байқалады. Алдымен – қышу мен дызылдау, содан кейін ішінде сұйықтығы бар ұсақ көпіршіктер пайда болады, олар кейіннен жарылып, қабыршақтанады.
Бөртпелер әдетте 1-2 апта ішінде өздігінен жазылады. Дегенмен вирус қайтадан белсенді болуы әбден мүмкін – мәселен, күйзеліс, шамадан тыс шаршау, ұйқының жетіспеушілігі, басқа да инфекциялар немесе күн астында ұзақ уақыт болу жағдайында.
Неліктен ұшық пайда болады?
Қайталану жағдаяттары күйзеліске, ұйқының қанбауына, суық тиюге немесе қатты ыстыққа, басқа инфекцияларға, иммунитеттің әлсіреуі мен гормонды өзгерістерге байланысты бола алады. Асқыну ықтималдығына өмір салты да әсер етеді: созылмалы күйзеліс, зиянды әдеттер, ұйқының жеткіліксіздігі, теңгерімсіз тамақтану мен шамадан тыс жүктеме.
Әзірге ұшықты толық емдеу мүмкін емес. Алайда вирусқа қарсы дәрі-дәрмектер белгілерді тез жоюға көмектеседі. Алғашқы симптомдарда дәрігер вирусқа қарсы дәрілерді тағайындай алады. Емдеуді мүмкіндігінше ертерек – шаншу немесе дызылдау кезеңінде, яғни, көпіршіктердің көптеп пайда болғанына дейін бастаған тиімді.
Нені істемеген жөн
Бөртпелерді спиртпен, йодпен немесе басқа да агрессивті заттармен сүртуге болмайды. Олар теріні одан бетер тітіркендіріп, оның жазылуына кедергі келтіреді. Асқынғанда көпіршіктерді жарып, қабыршақтарын жұлып алмаған маңызды, әйтпесе инфекция одан әрі таралады.
Қолды жиі жуып, ыдыс-аяқты, сүлгілерді және ерінге арналған құралдарды басқа адамдармен бөліспеген дұрыс. Сонымен бірге антибиотиктерді өз бетінше қабылдауға болмайды: олар вирустарға әсер етпейді және ұшықты емдеуге мүлдем көмектеспейді.
Темекі тарту мен алкоголь ұшыққа қалай әсер
Ұшық ағзаның қорғаныс күштері әлсірегенде белсенді болуы мүмкін. Темекі түтінінің құрамында шырышты қабықты тітіркендіретін және иммундық жүйенің қызметіне ықпал ететін көптеген заттектер бар. Темекі тарту тіндердің қалпына келу үдерістерін де нашарлатып жіберуі мүмкін, сондықтан ерінде бөртпелер бар болса, бұл олардың жазылуына кедергі етуі ықтимал.
Егер темекі шегуден толық бас тарту әзірге жоспарыңызға кірмесе, балама нұсқаларды, хиттерлерді қарастыруға болады. Кәдімгі темекіге қарағанда олар жану үдерісіне жол бермейді және жанумен байланысты болып келетін темекі түтіні мен шайырды түзбейді.
Алкоголь, әсіресе, көп мөлшерде тұтынылса, ағзаға инфекцияға қарсы күресуге көмектеспейді. Ол иммундық реакцияға теріс әсерін тигізіп, сусыздануға ықпал етуі мүмкін, сондықтан ауру асқынған жағдайда алкогольден бас тартқан жөн.
Дәрігерге қашан барған абзал
Егер бөртпелер тым жиі пайда болып жатса, әрі ұзаққа созылса, не болмаса дененің басқа бөліктеріне тараса, маманның көмегіне жүгінген дұрыс. Егер ұшық көз маңында пайда болса, жоғары температурамен немесе қатты әлсіздікпен бірге жүрсе, дәрігердің кеңесі өте маңызды. Бөртпелер үнемі шыға берсе, дәрігер тек асқынуды емдеуді ғана емес, сонымен бірге вирусқа қарсы профилактикалық терапияны да тағайындай алады.