
Темекіні тастау ешқашан кеш емес: 30, 50 және 70 жастан кейінгі ағзадағы өзгерістер
Адамдардың көбі темекі шегуден арылуды кейінге қалдырып отырады, өйткені «әлденені өзгерту тым кеш» деп ойлайды. Әсіресе, «өтіл» ондаған жылдарға созылған жағдайда. Ағза әбден үйреніп кеткен сияқты, ал өзгерістер қайтарымсыз болып көрінеді. Лайқос хабарлайды: зерттеулер мүлдем басқа көріністі көрсетіп отыр.
40 жасқа дейін темекіден арылу: «екінші өмірге» деген мүмкіндік
Егер адам 40 жасқа дейін темекі шегуді тоқтатса, оның мезгілінен бұрын өлімге ұшырау қаупі ешқашан шылым тартпаған адамдардың деңгейіне дейін дерлік төмендейді. Ірі зерттеулердің мәліметтеріне сүйенсек, бұл жас шамасында темекіге байланысты өлім-жітімнің шамадан тыс қаупінің 90% дейінгі жағдайға жол бермеуге мүмкіндік бар. Бұл келесідей түсіндіріледі: тамыр жүйесі мен өкпе әлі де қайтарымсыз өзгерістерді жинақтап үлгермейді, ал қалпына келу механизмі барынша белсенді болып қала береді.
50–ден кейінгі өмір: темекінің ұзақ өмір сүруге әсері
Темекі шегуді жалғастырып жүргендермен салыстырғанда 45-54 жас аралығында шылым шегуден бас тартқан адамдар, орта есеппен алатын болсақ, 6 жылға ұзағырақ өмір сүреді екен. 55-64 жас аралығында темекіден құтылған адамдардың болжалды өмір ұзақтығы шамамен 4 жылға артады.
Тамырлар мен өкпедегі, тіпті, қалыптасып қойған созылмалы өзгерістердің өзінде қауіптердің төмендеуі айтарлықтай жылдам болып жатады. Бұл, әсіресе, жүрек-қан тамырларының ауруларына қатысты айқын көрінеді: шылымнан арылғаннан кейінгі алғашқы жылдары инфаркт пен инсульт алу ықтималдығы әлдеқайда төмендейді, ал анағұрлым ұзақ мерзімді болашақта онкологиялық қауіптер де азая түседі.
Алтын шақ: 70-тен кейін темекі шегуді тастау керек пе?
70 жастан асқан адамдардың үлкен топтарын қамтыған зерттеулер көрсеткендей, тіпті, 60-69 жас аралығында темекіні тастағандардың, шылым шегуді жалғастырып жүргендермен салыстырғанда, алдағы уақытта өлімге тап болу қаупі анағұрлым төмен.
Бұл жас шамасында тек өмір сүру ұзақтығының көрсеткіші ғана емес, сонымен бірге оның сапасы да аса маңызды болып келеді: ентігу азаяды, физикалық белсенділікке төзе алу жақсарады, созылмалы аурулардың асқыну жиілігі төмендейді және дербестік деңгейі арта түседі.
Неліктен бұл әсер кез келген жаста сақталады
Бұл әсердің биологиялық негізі адам ағзасының ішінара қалпына келу қабілеттілігімен байланысты болып отыр. Темекі тартуды тоқтатқан кезде созылмалы қабыну азаяды, тамырлардың жұмысы жақсарады, тіндердің оттегімен қанығуы жоғарылайды және жасушалардың зақымдану үдерісі бірте-бірте бәсеңдейді. Бұл өзгерістер, тіпті, ондаған жылдар бойы темекі шегілгеннен кейін де, дегенмен әртүрлі жылдамдықта орын алып жатады.
Бас тарту стратегиялары: салттарды алмастырудан бастап зиянды азайту тұжырымдамасына дейін
Ең тиімді әдіс-тәсілдердің бірі тұтынылатын темекінің санын біртіндеп қысқартумен қатар шылым шегуге қатысты салттарды алмастыру болып есептеледі. Бұл үйреншікті триггерлерді (кофе, күйзеліске байланысты үзілістер, әлеуметтік жағдайлар) өзгертуді, сонымен бірге балама әрекеттердің қалыптасуын қамтуы мүмкін – мәселен, шағын серуендеу, тыныс алу техникалары немесе шайнау.
Сондай-ақ никотин алмастыратын терапия мен никотинге деген құлшынысты төмендететін дәрі-дәрмектерді қарастырып көруге болады, алайда олардың қолданылуы маманмен талқыналануы тиіс.
Бірден арылу қолыңыздан келмесе, не істеуге болады?
Егер осы кезеңде шылым шегуден біржолата бас тарту қолжетімсіз болып көрінсе, зиянды төмендету нағыз маңызды стратегияға айналатыны хақ. Нұсқалардың бірі – хиттерлер (қыздырылатын темекі), олар жану арқылы емес, темекіні қыздыру арқасында жұмыс істейді. Тиісінше, темекі түтінімен салыстырғанда зиянды заттектердің (темекінің жану өнімдері) мөлшері әлдеқайда азырақ қалыптасады және адам ағзасы үшін залалдың деңгейі де айтарлықтай кеми түседі.
Қорытынды
Жаман әдеттен бас тарту неғұрлым ертерек болса, ұзақ мерзімді артықшылықтарды иемдену мүмкіндігі де көбірек, дегенмен оң өзгерістер бірден іске қосылатыны рас – әрі бұл адамның жасына тәуелді емес. Алғашқы күндері мен апталарының өзінде-ақ тамырлар мен тыныс алу жүйесінің жұмысы жақсарады, қабыну деңгейі бірте-бірте төмендейді, ал уақыт өте келе асқыну жағдайларының жалпы қаупі де азаяды.