
Темекі шегу кезінде гормондар қалай өзгереді
Үнемі ашушаңдық, энергияның құбылып тұруы, ұйқыға байланысты түйткілдер, ұдайы мазасыздық пен әлсіздік – осының барлығы да гормондар бұзылысының классикалық белгілері. Мұның себебі көп болуы мүмкін: созылмалы күйзелістен бастап қарапайым ұйқысыздыққа дейін. Дегенмен бір мықты фактор бар, әрі ол жайында жиі ұмытылып жатады, бұл – темекі тарту. Темекі түтініндегі уыттар тестостерон, дофамин және кортизол теңгерімін бұза отырып, гормондар жүйесін басқаруды өз қолына алады.
Бұл қалай жүзеге асады және гормондарды қалыпқа келтіруге бола ма? Лайқос түсіндіреді.
Темекі түтіні ағзаның баптауларын қалайша бұзады
Шылым шеккенде пайда болатын түтіннің құрамында 7000 астам химиялық қосылыс пен жану өнімдері бар. Қанға түскен кезде осы бір коктейль бірден миға жетеді де, «қауіп» режимін іске қосады. Ағза жан ұшыра күйзеліс гормондарын – кортизол, адреналин және норадреналинді шығарып бастайды.
Сонымен бірге түтін созылмалы қабынуды күшейте түседі, тамырларды зақымдайды, әрі метаболизм үдерісінде негізгі рөлді атқаратын бауырдың жұмысына нұқсан келтіреді. Осының салдарынан гормондар жүйесі әлдеқайда нашар қызмет етеді. Сол себептен ұзаққа созылған гормондық бұзылыстар, біз ойлағандай никотинмен емес, көбіне-көп нақты осы темекі түтінінен болатын жалпы зиянымен байланысты болып келеді. Никотиннің рөлі салыстырмалы түрде біршама тар – жүйке жүйесін ынталандыру және тәуелділікті қалыптастыру.
Үлкен үштік: ең көп зардап шегетін гормондар
Кортизол (күйзеліс гормоны)
Қалыпты жағдайда кортизол бізге таңертең оянуға және төтенше жағдаятта жиналуға көмектеседі. Алайда үнемі темекі тартудың салдарынан оның деңгейі ең жоғары көрсеткіште сақталып тұрады. Ағза жылдар бойы, тіпті, айнала тыныш болса да, аман қалу тәртібінде өмір сүріп келеді. Нәтижесі – созылмалы шаршау, алаңдаушылық, нашар ұйқы және бірнеше сағаттан кейін-ақ нағыз әлсіздік сезімі.
Дофамин (қуаныш пен мотивация гормоны)
Никотин миды дофаминнің қомақты мөлшерін бөлуге мәжбүрлейді, осылайша жылдам ләззатты тудырады. Осының салдарынан табиғи марапаттау жүйесі сынады: ми ешқандай күш салмай-ақ темекіден «қуаныш» алуға әбден әдеттенеді. Нәтижесінде қарапайым нәрселер – ермек іс, тілдесім, дәмді тамақ – қуаныш сыйлауды тоқтатады да, ал темекісіз адам өзінің құлазығанын сезінеді.
Тестостерон (күш-қуат пен жастықтың басты маркері)
Уыттар тамырлардың жұмысын нашарлатады және бүкіл ағзадағы қан айналымының деңгейін азайтады. Ер адамдар үшін бұл шәует сапасының нашарлауы мен еркектік қауқарына байланысты түйткілдердің пайда болуына апаратын тікелей жол. Әйелдерде темекі тарту жалпы гормондар тепе-теңдігіне соққы жасайды, нәтижесінде тері мен шырышты қабықтар әлдеқайда тез қартаяды.
Темекіні тастағанда неліктен көңіл-күй құбылып тұрады?
Сіз темекіні алып тастағаныңызда шаршап қалған жүйке жүйесі қайта құрылады. Алғашқы апталардағы көңіл-көйдің құбылмалығы, ашу қысу, ұйқысыздық немесе қомағайлық – бұл абсолютті қалыпты жайттар. Бұл мүлдем халіңіздің нашарлағанын білдірмейді. Керісінше, ағза дәл қазір гормондар баптауларын «ретке келтіруге» және оларды зауыттық көрсеткіштерге дейін қайтаруға тырмысып жатыр деген сөз.
Ағзаға қалыпқа келуге көмектесудің жолы: 5 қарапайым қадам
- Ұйқыны реттеу. Ұйқының қанбауы кортизолды көкке дейін шарықтатып жібереді. Гормондарға тұрақтандыруға мүмкіндік беру үшін бір ғана нақты уақытта жатқаныңыз абзал.
- Көбірек қозғалу. Таза ауада жылдам жүріп серуендеу ешқандай да никотинсіз дофаминнің деңгейін жұмсақ әрі табиғи түрде көтеруге септігін тигізеді.
- Дұрыс тамақты қосу. Миға қалыпқа келу үшін құрылыс материалы қажет. Балыққа (омега-3), жұмыртқаға (ақуыз), жаңғақ пен көк шөпке (магний және В тобының дәрумендері) тамақта көбірек тұтынғаныңыз дұрыс.
- Кофе мен қант мөлшерін азайту. Темекінің орнын кофені литрлеп ішумен немесе шоколад жеумен алмастыруға тырыспаңыз. Бұл тек мазасыздықты күшейтіп, энергияның жаңадан құбылып тұруын қоздырады.
- Баламаларды пайдалану (біржолата тастауға дайын болмасаңыз). Никотиннен біржолата құтылу – нағыз мінсіз сценарий. Алайда сіз дәл қазір бұл қадамға тіптен дайын болмасаңыз, зиянды барынша азайту мен түтін шығармайтын балама нұсқаларға, хиттерлерге ауысуды қарастырып көрудің мағынасы жоқ емес. Мұнда темекі жанбайды, тек қана қыздырылады, осының арқасында ағзаға ең қауіпті шайыр мен жану өнімдері түспейді. Бұл кортизол мен тамырларға енетін уытты салмақты азайтады.
Қорытынды
Темекі тарту – бұл гормондар үшін жасанды балдақ іспетті, оның кесірінен ағзаның табиғи баптаулары, яғни, ұйқы, көңіл-күй, күш-қуат бұзылады. Жаман әдеттен бас тарқан кезде қиын болары сөзсіз, дегенмен ағзаға негізгі нәрселер бойынша көмектессеңіз, ол өзін-өзі «жөндей» алады. Дене уыттардан тазарған бойдан табиғи тепе-теңдік қайта оралады, ал онымен бірге – нағыз энергия, тыныштық пен жақсы ұйқы да қайтып келеді.