Хиттерлер темекіге қарсы: неге күллі әлемнің шылымқұмарлары осы таңдауды жасайды - Лайқос

Хиттерлер темекіге қарсы: неге күллі әлемнің шылымқұмарлары осы таңдауды жасайды

Дәрігерлердің барлық күш салуына қарамастан, темекі тарту күні бүгінге дейін миллиондаған өмірлерді алып кетіп жатыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметтері бойынша жыл сайын осы жаман әдеттің салдарынан туындайтын аурулардан 8 млн астам адам қайтыс болады екен. Сондай-ақ ДДСҰ атап көрсеткендей, қорғаныс шаралары ғаламшардағы халықтың 71% үшін әрекет етеді, дегенмен әдетті толықтай жеңу әзірге мүмкін емес. Адамдар темекіден құтылудың жолын ғана емес, сонымен бірге никотиннен біржолата бас тарту қолдан келмесе, денсаулыққа деген қауіпті төмендетудің әдіс-тәсілін іздеуді жалғастырып келеді. Әрі бұл тұста хиттерлер (темекіні қыздыру жүйелері) көмекке келеді.

Неліктен арылу соншалықты қиын?

Көптеген шылымқұмарлар жылдар бойы «Темекіні тастау керек» деген оймен өмір сүреді. Олар өздеріне уәде береді, жабыстырғыштар мен спрейлерді пайдаланады, дегенмен статистика көрсеткіштері көңіл көншітпейді. Темекіден бас тартқандардың дені жарты жыл ішінде шылым шегуге қайта оралады. Мұндағы бар гәп шылымқордың миы дәл осы үдерістің өзінен ләззат алуға әдеттенгенінде жатыр. Американдық және жапондық ғалымдар анықтағандай, тамақ және табиғи ләзаттардың басқа түрлерінен гөрі ми темекіні көргенде дофаминді (қуаныш гормонын) белсендірек өндіреді екен.

Балама нұсқа бар: зиянның азайғаны – нағыз жеңіс

Қазіргі заманғы медицина «таста немесе өл» қатал тұжырымдамасынан алшақтауды ұсынады. Оның орнына зиянды төмендету әлдеқайда қолжетімді болып көрінеді. Соңғы тәуелсіз зерттеулер, соның ішінде 2026 жылдың қаңтар айында PubMed Central (NIH) беделді басылымында жарияланған ауқымды шолу келесі жайтты растап отыр: қарапайым темекіден хиттерлерге ауысқан кезде ағзаға түсетін зиянды заттектердің мөлшері 90-95% дейін төмендейді.

Неліктен бұл іске асып отыр? Қарапайым шылымдағы темекі 800 градусқа дейінгі температурада жанады, әрі бұл тұста мыңдаған улы заттектерді, шайыр мен канцерогендерді бөледі. Никотин емес, дәл осы заттектер қатерлі ісік пен өкпе ауруларының негізгі себебіне айналады. Хиттерлер темекіні жақпайды, тек қана қыздырады, сондықтан түтіннің орнына аэрозоль түзіледі, яғни, бу, ал оның құрамында қауіпті жану өнімдері жоқ.

Әлемдік тәжірибе: Жапония және басқа елдер

Мұндай тәсілдің тиімділігін ғалымдар ғана емес, сонымен бірге әртүрлі елдердің үкіметтері де мойындап отыр. Мәселен, Жапонияда нарыққа хиттерлер шыққаннан кейін ұзақ жылдардан соң алғаш рет темекі тартатын ер адамдардың саны 30% төмен түскен, ал темекінің жалпы тұтынылуы үштен бір бөлікке қысқарған. Сарапшылардың мәліметтеріне сүйенсек, бұл дәл осы зияны анағұрлым азырақ балама нұсқаларға жаппай ауысудың арқасында мүмкін болған.

Ғалымдар не дейді?

ҚазҰМУ-дың бір топ қазақстандық ғалымдары мыңдаған шетелдік зерттеулерді сараптай келіп, дәл осындай қорытындыға келген еді: хиттерлердің буында формальдегидтің мөлшері 93% төменірек, ал басқа токсиндер – темекі түтінімен салыстырғанда бірнеше есе аз кездеседі екен.

Жұмыстары никотинге деген тәуелділікке арналған Пенсильвания штатының Темекі мен денсаулықты зерттеу орталығының профессоры Джонатан Фоулдс көрсеткендей, темекі жанған кезде 7000 астам химиялық қосылыстар бөлінеді, ал жану үдерісінің болмауы жалпы көріністі мүлдем өзгертіп жібереді. Оған қоса, деректер көрсетіп отырғандай, хиттерлерге ауысқан шылымқұмарлардың 18% нәтижесінде никотиннен біржолата бас тартады.

Қазақстан: денсаулықтың пайдасына жасалған таңдау

Қазақстанның нарығында хиттерлер шамамен 10 жыл бұрын пайда болған. Оларға деген сұраныс тұрақты түрде өсіп келеді. Еліміздегі, сол секілді күллі әлемдегі шылымқұмарлар барған сайын денсаулықтың қамын ойлап, балама нұсқаны таңдайды. Жаһандық сауалнамалардың деректеріне зер салатын болсақ, шамамен 3 млн қазақстандық шылымқұмардың ішінен әзірге небәрі 500 мыңға жуығы ғана хиттерлерге ауысқанымен, 2024 жылғы мәліметтер бойынша жағдайдың жақсаруы үшін әлеует орасан зор болып саналады.

Оң және теріс жақтары

Хиттерлер сыншыларының негізгі дәлелі – олардың құрамында әлі де никотин бар. Иә, бұл солай. Алайда сыншылар басты нәрсені жиі ұмытып кететіні хақ: негізгі қауіп никотиннен гөрі улы шайырдан болады, ал олар хиттерлерде жоқ дерлік. АҚШ пен Ұлыбританияда өткізілген зерттеулер көрсеткендей, қарапайым темекіден бас тартқаннан кейін электронды құрылғылар мен темекіні қыздыруға арналған жүйелерді қолдану алғашқысына оралуды тудырмайды, керісінше, қайта темекі шегу қаупін төмендете түседі.

Қорытынды

Денсаулыққа деген қамқорлық танытудың ең жақсы тәсілі – темекі шегуден біржолата бас тарту. Дегенмен бұл қолыңыздан келмесе, зиянды төмендету тұжырымдамасы жұмыс істейді. Хиттерлерге ауысу әдетінен әзірге құтылуға дайын емес шылымқұмар үшін ағзаға болатын зиянды 95% төмендетуге және күндердің бір күнінде темекі тартуды мүлдем тастауға алғашқы қадам жасауға мүмкіндік береді.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.