Хиттерлер: тарихы, жұмыс қағидаты мен олар зиянды қалай төмендетеді - Лайқос

Хиттерлер: тарихы, жұмыс қағидаты мен олар зиянды қалай төмендетеді

Ондаған жылдар бойғы ағартушылыққа қарамастан, темекі тарту әлемдегі ең кеңінен таралған әдеттердің бірі болып қала береді: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша ғаламшарымызда шамамен 1,3 млрд шылымқұмар бар. Егер аталмыш әдеттен біржолата құтылу мүмкін болмаса, оның денсаулыққа деген бүлдіруші салдарын барынша төмендету әдістерін іздеу келесі қисынды қадамға айналатыны сөзсіз. Дәл осы қисын электронды темекі мен темекіні қыздыру жүйелері – хиттерлердің пайда болуына әкелген. Лайқос олардың қайдан пайда болғанын, қалай жұмыс істейтіні мен неліктен оларды зиянды төмендетудің құралы ретінде қарастыратынын анықтады.

Дәстүрлі темекі тартудың айқын зияны

Жалпы алғанда дәстүрлі темекінің негізгі қаупі никотиннен гөрі темекінің жану үдерісінде жасырынған. Темекі жанған кезде температура 800°С дейін жетуі әбден мүмкін, осының нәтижесінде өкпеге 7000 астам химиялық қосылыстар түседі екен. Олардың арасында аурулардың көзі болып саналмайтын никотин ғана емес, сонымен бірге шайыр, әрі дәлелденген канцерогендер: полоний-210 (радиобелсенді элемент), күшәла, кадмий, қорғасын, формальдегид және аммиак кездеседі.

Ол өкпенің қатерлі ісігі мен ӨСОА дамуының басты себебі болып келеді. Шылымқұмарларда ашушаңдықтың дамуы, ұйқының бұзылуы мен зейін қоюдың нашарлауы байқалады – бұл тұншықтырғыш газ әсері мен никотинге деген тәуелділіктің салдары. Тұрақты түрде шылым шегу тамырлардың иілгіштігін төмендетіп, әрі жүрекке түсетін жүктемені арттыра отырып, жүрек-қан тамырлары жүйесін бұзады.

Баламалардың пайда болу тарихы

Заттектерді өкпеге түтінсіз жеткізу идеясы заманауи вейптерден әлдеқашан бұрын пайда болған еді. 1927 жылы американдық ғалым Джозеф Робинсон электронды буландырғыш тұжырымдамасын медициналық мақсаттарда қолдану үшін ұсынған – құрылғы дәрі-дәрмектерді қыздырып, оларды буға айналдыруы тиіс болған. Алайда бұл идея коммерциялық жетістікке жетпеген.

Тек 2003 жылы ғана қытайлық фармацевт Хон Ликтің арқасында біршама ілгерілеу орын алған. 30 жылдық «өтілі» бар шылымқор болған ол өкпенің қатерлі ісігіне шалдыққан әкесінен айырылады – бұл оған әлдеқайда қауіпсіз балама нұсқаны жасап шығарудың нағыз стимулына айналады. Лик темекіні жақпай-ақ құрамында никотині бар сұйықтықты буландыратын құрылғыны патенттейді. Әрі 2004 жылы өнім сатылымға түседі де, осылайша нөлдік жылдардың аяғына қарай вейпинг әлем бойынша шеруін бастайды.

Вейптермен қатар басқа бағыт – хиттерлер, не болмаса темекіні қыздыруға арналған жүйелер де дамып отырған. Ірі компаниялар сонау 1980-ші жылдардың соңында-ақ темекі шегудің әлдеқайда қауіпсіз тәсілін іздеп бастаған. 20 жылдан астам уақыт эксперименттерге жұмсалған еді: инженерлер қыздырудың әртүрлі әдістерін байқап көрген, түпүлгілерді шығарған және оларды сынақтан өткізген.

Сұйықтықты буландыру идеясынан нақты темекіні қыздыруға ауысу негізгі жайтқа айналады. Осындай құрылғылардың алғашқы коммерциялық нұсқалары 2010-шы жылдары пайда болған. Мәселен, Жапонияда құрылғылар шыққаннан кейін 5 жылдан соң қарапайым темекінің сатылымы шын мәнісінде төмендей түсті, әрі көптеген шылымқұмарлар толықтай жаңа форматқа көшкен еді. Хиттерлердің эволюциясы күні бүгінге дейін жалғасып келеді.

Бұл қалай жұмыс істейді

Темекінің заманауи балама нұсқалары екі түрге бөлінеді.

Электронды темекі (вейптер, Қазақстанда тыйым салынған) буландырғыш қағидаты бойынша жұмыс істейді. Пропиленгликоль, глицерин, никотин және хош иістендігіштерден тұратын сұйықтық қыздырылады да, буға айналады.

Темекіні қыздыруға арналған жүйелер (хиттерлер) құрамында престелген темекісі бар стиктерді қолданады. Құрылғы темекіні жақпайды, тек 250-350°C дейін қыздырады. Бұл көптеген жану өнімдерінің синтезінсіз никотин мен дәмді шығаруға мүмкіндік беріп отыр.

Құрылғының екі түрі де құрылымдық тұрғыдан қарапайым болып келеді: аккумулятор, қыздырушы элемент және температураны бақылауға арналған микропроцессор.

Зиянды төмендетудің әлеуеті

Хиттерлерді жақтаушылардың басты дәделі – ағзадағы уытты заттектер мөлшерінің төмендеуі. Темекі жанбайтындықтан, іс жүзінде аэрозольде шайыр мен көптеген канцерогендер жоқ.

Зерттеулер көрсетіп отырғандай, никотинді жеткізудің балама тәсілдеріне ауысу жаман әдетінен біржолата бас тартуға дайын емес шылымқұмарларға көмектесе алады:

  • Кардиоқауіптің төмендеуі. Кейбір мәліметтер бойынша, темекі тартуды жалғастырумен салыстырғанда, хиттерлерге ұзақ мерзімге ауысу инфаркттар мен инсульттердің қаупін 13% төмендете алады.
  • Темекі шегуден бас тарту. Электронды темекіге көшкен шылымқұмарлардың шамамен 50% астамы қарапайым темекі тұтынуды қысқартады, ал 14% одан толықтай бас тартады екен.
  • Өкпе денсаулығының жақсаруы. ӨСОА мен демікпеге шалдыққан емделушілердің қатысуымен өткен 2024 жылғы сынамалы зерттеу көрсеткендей, электронды темекіге ауысқан топтың хал-жағдайының айтарлықтай жақсарғаны мен симптомдарының азайғаны байқалған.

Бұл тұста психологиялық аспектіні түсінген маңызды. Темекі тарту – бұл никотинге деген тәуелділік қана емес, сонымен бірге бұл қарапайым әдет: рәсім, қолдың бос болмауы, шылымды ішке тарту. Никотиндік жабыстырғыштар мен сағыздар негізінен пайдаға аспайды, өйткені олар үдерістің өзін алмастыра алмайды. Электронды құрылғылар осы қажеттілікті жабады.

Сонымен бірге зерттеулер растап отырғандай, хиттерлерден болатын, тіпті, пассивті әсердің қаупі темекіге қарағанда әлдеқайда төменірек: кәдімгі темекімен салыстырғанда вейпті пассивті тартқанда балалардың ағзасына сіңетін никотиннің деңгейі 83,6% төменірек болады. Ал 2025 жылғы Cochrane шолуы дәрі-дәрмектер мен қолдау бағдарламаларының көмегімен булаудан бас тартудың қауіпсіз тәсілдерінің бар екендігін растайды.

Қорытынды

Никотиннің өзі әдеттенуді тудыратынымен, ол темекіге байланысты онкологиялық және респираторлық аурулардың дамуының негізгі себебі болып саналмайды. Жану үдерісіне жол бермейтін никотинді жеткізу жүйелеріне ауысу – әдеттен толықтай бас тарта алмай жүрген немесе арылуды қаламайтындарға арналған зиянды төмендетудің болашағы зор стратегиясы.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.