Темекіні қалай тастауға болады: тәсілдер, дәрі-дәрмектер, әдетті алмастыру және кеңестер - Лайқос

Темекіні тастаудың жолы: дәрігердің тиімді кеңестері

Темекі тарту – бұл көбінесе физикалық қана емес, сондай-ақ психологиялық тәуелділік болып келеді. Сондықтан шылым шегуден бас тартқысы келетін адамдарға нақты қандай триггерлер оларды темекіге итермелейтінін анықтап алғаны, ал содан кейін жаман әдетінен құтылуға септігін тигізетін жаңа стратегияларды құрғаны өте маңызды жайт. Дәрігер-пульмонолог, әрі торакалды хирург Бекдәулет Әкімниязова Лайқоспен темекі тартуға қарсы күресудің пәрменді тәсілдерімен бөлісті.

Неге шылымқұмарлар көбінесе темекіден арыла алмайды

Соңғы 10 жылдың ішінде консультация беру бойынша жүргізген белсенді жұмысымда мен емделушілеріме темекі шегуден бас тартудың алуан түрлі әдістемелерін, соның ішінде сағыз бен жабыстырғыштардан бастап шылым тартудың түтін шығармайтын балама нұсқаларының көмегімен зиянды төмендету тәсілдеріне дейін ұсынып келдім. Алайда адам темекіні тастауы үшін бұл таңдауды өзі жасағанын ұғынуы тиіс. Менің мынадай пациенттерім де бар – 25-35 жас аралығындағы дені сау жас адамдар, әрі олар денсаулыққа байланысты барлық мәселелерді түсінетініне сендіреді, дегенмен шылым шегуді ұнататынын айтады. Оларға нақ осы үдерістің өзі ұнайды екен: темекіні сатып алу, оны таңдау, шылымды ішке тарту, оны қолыңда ұстау. Ең ақырында осы бір тәуелділікті сезінуді жақсы көреді. Мұндай жағдайда адам, ең алдымен, темекі шегуден неліктен арылу керектігінің себебін түсінгені абзал. Бұл әркімде әрқалай болып жатады: кейбіреулер терінің өңін жақсартқысы келеді, не болмаса ақшаны азырақ жұмсауды қалайды, не болмаса денсаулығын нығайтқысы келеді, не болмаса темекінің иісінен құтылуды жөн көреді.

Бас тарту үшін мотивацияңызды табыңыз

Темекі тартуға қарсы күрестің алғашқы мінез-құлықтық құралы – бұл мотивациялық себепті тауып алу. Адам денсаулыққа қатысты шағымдарының бар екенін, хал-жайының нашарлағанын, жалпы өмір сапасының төмендегенін түсінген кезде темекіні қалай тастасам екен деп, әрі денсаулығын нығайту жайында ойлана бастайды. Бір кездері егде жастағы емделушім болған, ол бес жылдай темекі тартпады. Бас тартудың себебі қандай болған деген сұрағыма ер адам темекі сапасының өзгергені, сондай-ақ бұл жайттың оған ұнамайтыны туралы айтқан еді. Шылымқұмар үшін осындай ұсақ-түйек нәрселердің өзі де аса үлкен мотивациялық себепке айналуы әбден мүмкін.

Х күнін белгілеңіз

Мен әрдайым темекі шегуден бас тартқысы келетін емделушілеріме бұл үшін белгілі бір күнді таңдап алуды ұсынамын. Мәселен, темекімен «жүздесу» немесе жақын адамыңызға ұсынғандай кездесуді белгілеңіз, әрі нақ сол күні темекіні тастайтыныңыз туралы күнтізбеңізге жазып алыңыз. Күн белгіленген кезде – бұл жетістікке жетудің жартысы десем болады.

Тыныс алу жүйесі қалай жұмыс істейді және темекі оған қалай әсер етеді
Адамдардың көбі өкпенің қатерлі ісігі туралы және темекі түтінінің қаншалықты зиянды екендігін біледі. Алайда жану…
https://laikos.kz/kz/densaulyq-bojynsha-kz/kak-rabotaet-dyhatelnaya-sistema-i-chto-s-nei-delaet-tabachnyi-dym/

Тәсілін анықтау

Бұл жерде адамға темекіні тастауға септесетін дәл сол тиімді тәсілді табуға көмектесу маңызды, сонымен бірге бір немесе бірнеше тәсілді үйлестіріп таңдауға болады. Мысалы, классикалық шылымды темекіні қыздыруға арналған жүйелерге ауыстыру, бұл тұста аталмыш жүйелердің ең болмағанда жану үдерісіне жол бермейтіні мен зиянды заттектерді 95% азырақ бөлетіні туралы айта кеткен жөн, сондай-ақ болашақта кез келген темекі өнімдерінен біржолата бас тарту және жаман әдетті пайдалысына алмастыруға болады.

Екінші нұсқа – дәрі-дәрмекпен емдеу. Адам никотиннің тыныс алу жолдары арқылы түсуін басқа бір әдіске алмастырады: тері арқылы (никотиндік жабыстырғыш) немесе шырышты қабық арқылы (никотиндік сағыз). Дәрі-дәрмек терапиясының комбинациясы да керемет нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар үшінші жол да бар. Бұл бірінші және екінші тәсілдердің комбинациясы болып келеді. Адамда мотивация пайда болған кезде ол темекі тарта алмайтынын түсіне бастайды, өйткені бұл оған қандай да бір қиындықтарды туғызады – алайда мұнда кейбір нюанстар баршылық. Емделуші қорқуы мүмкін, адам шылым шегуден бас тартқанда жеткілікті ақпаратқа ие болмауы ықтимал.

Жоспар құру

Темекіні тастаудың жеңіл әрі тиімді жолы бойынша жоспар құру керек. Қалыптасып қойған бір жаман әдетті басқа, пайдалы түріне алмастыруға болады. Мәселен, аптасына үш рет жүзумен айналысу. Салауатты өмір салтына кез келген жолмен тартылу, серуендер, спортпен шұғылдану тәуелділікті анағұрлым жеңілірек жеңуге көмектесе алады. Мұның барлығы да темекі тартуға деген құштарлықты төмендетеді және тыныс алу жүйесін тонуста ұстауға септігін тигізеді.

Темекі тарту және тыныс алу гимнастикасы

Мен өз пациенттеріме әрдайым бәрін де егжей-тегжейлі айтып отырамын: адам темекіні тастаған кезде тыныс алу гимнастикасын емес, тек сол темекі тарту әдетін тастауы тиіс. Яғни, емделушімнің барлығын ұғынғанда менің айтатын лайфхакым осы. Сол сәтте оның өңі өзгеріп шығады да, ол темекі шегуді тоқтатқан кезде никотинді алуды да доғаратынын, дегенмен тыныс алу жаттығуларын жалғастыра беру керектігін түсінеді, былайша айтқанда, осыған дейін ластанған ауамен (тұншықтырғыш газды деммен бірге жұтқан) жиі тыныс алғандай, таза ауамен де солай жиі тыныс алуы қажет.

Бұл қалай жұмыс істейді? Мәселен, емделуші темекінің бір қорабын тартады делік. Яғни, ол темекіні шеккенде күніне 20 рет тыныс алу гимнастикасын жасайды деген сөз. Иә, бұл гимнастика бұрыс болып келеді, әрі мұнда мүлдем басқа бұлшықеттер атсалысады, дегенмен жұмыс жүріп жатады. Әрі адам шылым шегуден бас тартқанда, ол тыныс алу гимнастикасымен айналысуды да тастайды, ал оның орнына диванда жатып, бейнежазбаларды қарап, әлдеқайда ұзағырақ отыра бастайды. Демек, кез келген тыныс алу және бұлшықет жұмысы тоқтатылады. Осы тұста ентігу мен демікпеден бастап тыныс жеткіліксіздігінің асқынуына дейінгі аурулар пайда бола бастайды.

Жақында менің қабылдауыма осыдан шамамен 8 жыл бұрын темекіден бас тартқан пациентім келген. Оның денсауығына байланысты түйткілдері мотивация ретінде болған, ал жоспарды жұбайымен бірге жасаған екен – екеуі де «өтілі» жоғары шылымқұмарлар болатын. Олар ең бір қиын тәсілді таңдаған, алайда менің ойымша, бұл ең тиімді тәсіл – бір күні темекі тартуды тыя салды. Әрі ол өз естеліктерімен бөлісе отырып, «бұл нағыз сұмдық жағдай болған, мұндай адамдарға міндетті түрде психологиялық қолдау көрсету қажет, онсыз болмайды екен» – деп айтқаны бар. Бір айтарым, әуел баста қиын, өте қиын болуы мүмкін, дегенмен адам темекі тартуды не үшін тоқтатқанын қаперінен шығармағаны абзал. Психологиялық және физикалық факторлардың үйлесімі жақсы нәтиже беретіні хақ.

Как вы оцените статью?
[Total: 1 Average: 5]