
Ингаляция туралы не білу қажет: ережелер мен ұсыныстар
Ингаляция – бұл тыныс алу жүйесінің ауруларын емдеудің ең тиімді әдістерінің бірі, сондай-ақ суық тию, аллергия немесе бронхит кезінде жағдайды жеңілдетудің керемет тәсілі. Ингаляцияны қалай дұрыс жасау керек? Оның қандай түрлері бар және олар кімдерге жарамды? Бұл сұрақтарға жауапты, сонымен бірге пайдалы кеңестер мен ұсыныстарды пульмонолог және торакалды хирург Бекдәулет Әкімниязова береді.
Ингаляция дегеніміз не және ол қалай әсер етеді
Ингаляция – бұл дәрілік заттарды ағзаға тыныс алу жолдары арқылы жеткізудің әдісі. Препарат асқазан-ішек жолдары мен жүйелік қан айналымын айналып өтіп, тікелей қабыну ошағына түседі, сондықтан бұл әдіс барынша дәл әрі қауіпсіз болып саналады. Бу немесе аэрозольге айналған дәрі тыныс алу жолдарының шырышты қабатын қаптап алады. Тыныс алуды жеңілдетеді, қабынуды азайтады және қақырықты шығаруға көмектеседі.
Ингаляцияның артықшылықтары мен пайдасы
● Жылдам әсер ету: процедура басталғаннан кейін бірнеше минут өткен соң нәтиже байқалады.
● Жергілікті қолдану: дәрі тек зақымдалған аймаққа ғана әсер етеді.
● Жанама әсерлердің аздығы: бауыр мен асқазанға жүктеме төмендейді.
Ингаляцияның негізгі түрлері
Ингаляциялар табиғи және жасанды болып екіге бөлінеді.
Табиғи ингаляциялар
Бұл теңіз курорттарында, қылқан жапырақты ормандар немесе тұзды үңгірлерде пайдалы заттарға бай ауамен тыныс алу. Мұндай әдіс тыныс алу жүйесінің денсаулығын сақтау мен аурулардың алдын алуға көмектеседі.
Жасанды ингаляциялар
Жасанды ингаляциялар – бұл арнайы құрылғылардың қолдануымен жүргізілетін процедуралар.
- Бумен ингаляция жасау
Қайнаған су немесе шөп қайнатпалары қолданылады. Бұл әдіс мұрын мен тамақтың шырышты қабатын ылғалдандырып, бітелгенді басуға көмектеседі. Алайда, бу төменгі тыныс жолдарын (көмей, кеңірдек, бронхтар және өкпе) емдеуге жарамайды, өйткені бу айтарлықтай тереңге енбейді. - Небулайзер ингаляциялары
Дәріні аэрозольге айналдырып, оның бронхтар мен өкпеге жетуін қамтамасыз етеді. Бұл бронхит, демікпе және созылмалы ауруларды емдеудің ең тиімді әдісі. - Құрғақ ингаляциялар
Эфир майлары немесе ұнтақтар қолданылады. Олар мұрынның бітелуі, тамақтың қышуы сияқты жеңіл белгілерді жеңуге көмектеседі. - Аэрозоль ингаляциялары
Көбінесе демікпе, аллергия және тұмауды емдеу кезінде қолданылатын дәрілік спрейлер. Олар ықшам келеді және кез келген уақытта қолдануға ыңғайлы.
Қызықты дерек: ежелгі бақсылар мен емшілер хош иісті шөптерді шеккен, мұны қазіргі ингаляция әдістерінің бастауы деп санауға болады. Бүгінде технологиялар айтарлықтай ілгері басып, медициналық мекемелерде арнайы құрылғылар кеңінен қолданылады.

Ингаляцияларды пайдалы етудің жолы
Ауаның ластануы (пайдаланылған газдың шығарылуы, өндірістік шығарындылар), темекі шегу және күйзеліс жағдайлары тыныс алу жүйесінің жағдайын нашарлатуы мүмкін. Ингаляциялар тап болған аурулардың белгілерін жеңілдетіп қана қоймай, олардың салдарын азайтуға да көмектеседі. Дегенмен ингаляция – бұл кешенді емдеудің бір бөлігі ғана екенін және оны толыққанды емнің орнына қолдануға болмайтынын есте сақтау керек.
Алайда ауаның ластануын жеке бақылауға алу қиын болса, темекі шегу мен күйзелісті басқару өз қолыңызда екені сөзсіз. Зиянды әдеттер денсаулыққа кері әсерін тигізіп қана қоймай, ингаляциялардың тиімділігін төмендетеді, осылайша барлық күш-жігеріңізді жоққа шығарады.
Егер өз денсаулығыңыз үшін темекіден бас тарту сізге қиын болып көрінсе, хиттерлерге назар аударуға болады. Бұл құрылғылар кәдімгі темекімен салыстырғанда шырышты қабатты әлдеқайда аз тітіркендіреді. Себебі хиттерлердегі темекі жанбайды, тек қана қыздырылады, бұл ағзаға залалды әсер ететін шайыр мен басқа да зиянды заттардың бөлінуін азайтады. Алайда ең жақсы шешім – зиянды әдеттерден мүлдем бас тарту екенін ұмытпаған жөн. Ал күйзелісті жеңу үшін йога, түймедақ шайы немесе жылы ванна көмектеседі.
Ингаляциялар кімге жарамды?
Ингаляцияларды келесі жағдайларда тағайындайды:
- ЖРВИ – мұрынның бітелуі, жөтел немесе тамақтың ауыруы сияқты белгілермен қатар жүретін вирустық инфекциялар
- Бронх демікпесі
- ӨСОА (өкпенің созылмалы обструктивті ауруы)
- Аллергия – тыныс алудың қиындауы болған жағдайда
- Ларингит, трахеит және ангина (дәрігердің тағайындауы бойынша)
- Тыныс алу жолдарының отадан кейінгі қалпына келуі кезінде
Ингаляциялар жедел, сол секілді созылмалы ауруларды емдеудегі тиімді әдіс.
Ингаляция жасауға қарсы көрсетілімдер
Ингаляциялардың тиімділігі жоғары болғанымен, оның қолдануна кейбір шектеулер қойылған:
- Дене қызуы 37,5 °C жоғары
- Жүрек-қан тамырларының аурулары
- Мұрын немесе өкпеден қан кету
- Дәрілік заттарды жеке дара көтере алмау
Балаларды емдеу кезінде ерекше сақтық қажет: ингаляциялық маскалар мен шу шығаратын құрылғылар оларды қорқытып алуы мүмкін. Сондықтан арнайы балаларға арналған аппараттарды таңдаған жөн.
Ингаляцияларды дұрыс жасаудың жолдары
- Ингаляцияны тамақтанған немесе физикалық жүктемеден кейін 1-1,5 сағаттан соң жүргізу керек.
● Процедураға дейін және одан кейін (шамамен 1,5 сағат бойы) темекі шекпеген жөн.
● Ингаляцияның алдында муколитикалық препараттарды (қақырық түсіретін дәрілер) қабылдау ұсынылмайды.
● Ингаляцияның ұзақтығы қолданылатын дәрілік ерітіндінің көлеміне байланысты. Әдетте 10 минуттан аспайды.
● Дәрілік ерітінді жайлы температураға ие (37-38 °C) екендігіне көз жеткізіңіз.
● Бірқалыпты тыныс алыңыз, жиі немесе күштеніп тыныс алудың қажеті жоқ. - Ингаляциядан кейін жарты сағат бойы тамақ пен сусын ішуден бас тарту керек.
● Құрылғыны әр қолданғаннан кейін жақсылап жуып, бактериялардың көбеюінен аулақ болу қажет.
● Егер процедура кезінде кез келген жанама әсер байқалса, ингаляцияны дереу тоқтату қажет.
Күніне қанша рет ингаляция жасауға болады?
Мұны тек дәрігер шешеді. Көп жағдайда ингаляцияны күніне екі рет тағайындайды. Ал сирек кездесетін ауыр жағдайларда күніне төрт ретке дейін жасау рұқсат етілуі мүмкін. Емделушілердің жиі жіберетін қателіктерінің бірі – ингаляцияға тәуелді болып қалудан қорқып, сол себептен кейбір адамдар емдеуді ерте тоқтатады немесе бұрыс дәрілерді қолданады.
Қорытынды
Дұрыс жасалған ингаляция қабынуды азайту, тыныс алуды жақсарту және жағдайды жеңілдетуге көмектеседі. Бірақ процедураны бастамас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңескен маңызды, себебі тек маман ғана қажетті жиілік пен препараттарды дұрыс таңдай алады.
Ережелерді сақтаңыз, әрі сапалы құрылғыларды қолданыңыз – сонда ингаляция тыныс алу жүйесінің денсаулығын сақтауда сенімді көмекшіңізге айналады. Денсаулығыңызды күтіңіз және терең дем алыңыз!