Темекі шегу мен эрекция мәселелері: қауіптерді төмендету кеңестері

Шылым шегу эрекцияның бұзылуына әкеп соқтыра ма?

Андролог дәрігер Бибігүл Ысмағұлова әңгімелейді

Қазақстанда белсенді темекі тартатын 10 ер адамның 8-і эрекцияға байланысты түйткілдерге тап болады екен. Осындай көңіл көншітпейтін нәтижелер қалалық емханалардағы скринингтер барысында ер адамдардың дәрігерге дейінгі кабинетке алғаш рет жүгіну кезінде анықталған. Бәріміз білетіндей, темекі тарту – физикалық және психикалық денсаулыққа ғана емес, сондай-ақ жыныстық денсаулыққа да әсер ететін маңызды факторлардың бірі. Алайда ер адамдардың барлығы бұған бірдей назар аудара бермейді. Осы материалымызда қозулық дисфункция секілді диагноз жайында толығырақ әңгімелеп, әрі шылымқұмарларға келтірілетін зиянды төмендету жолдары туралы айтатын боламыз.

Елімізде жыныстық қатынасқа белсенді түрде түсе алатын жастағы 5,5 млн ер адамның 3 млн-ға жуығы қозулық дисфункциядан зардап шегеді, олардың 56,3%-ында скринингтік зерттеулер кезінде осы диагноздың келесідей белгілері анықталған: жыныстық қатынастың нағыз қызған кезінде эрекцияның мезгіл-мезгіл немесе тұрақты түрде жоғалып отыруы; шуәеттің ерте шығуы немесе оның мүлдем болмауы; оргазмның болмауы; айқын жыныстық қозуға қарамастан, эрекцияның болмауы; жыныстық құмартудың төмендеуі. Демек, жыныстық тұрғыдан белсенді жастағы ер адамдардың жартысынан астамы осы немесе басқа да түйткілдерге тап болып отыр.

Осындай бір жайт баршылық – темекі тарту салдарынан туындайтын аурулар болады: миокард инфарктісі, атеросклероз, гипертониялық ауру, тыныс алу мүшелерінің созылмалы аурулары және көптеген басқа да дерттер. Осыған қозулық дисфункцияны да жатқызуға болады. Нақ осы темекі тарту әдеті ер адамдардағы бұл мәселенің дамуының басты факторларының біріне айналған.

Сонымен қозулық дисфункция дегеніміз не? Бұл жыныстық қарым-қатынастың қанағаттанарлық дәрежеде болуын шектейтін немесе мүмкін емес ететін толыққанды жыныстық қатынасты жүзеге асыру үшін қажетті жыныс мүшесінің барабар эрекцияға жету және/немесе сақтауға деген қабілетсіздігі.

Тағы да біраз статистикаға назар аударайық. Қазақстанда ересек (15 жастан бастап және одан жоғары) ер адамдардың 42,4% темекі тартады. Олардың шамамен 87% айқын қозулық дисфункцияға ие.

Темекі тартудың эрекцияға деген әсер етуінің механизмін қарастырып көрейік. Темекі түтінінің құрамында кездесетін құрамдас бөліктер тамырлардың қатты тарылуын тудырады, әрі бұл жыныс мүшесіне келетін қан ағымын қиындатады және эрекция күшін төмендете түседі. Ал кейбір жағдайларда ер адам ағзасының осы қызметін, тіпті, толығымен бұзады.

ХХ ғасырдың 90-шы жылдарында АҚШ-та жүргізілген зерттеулер нәтижелері көрсеткендей, темекі тартпайтын адамдарға қарағанда шылымқұмарлар қозулық дисфункцияға 1,5 есе жиірек тап болады екен (National Center for Environmental Health, 1995). Бұл дегеніміз андролог дәрігеріне осы түйткілмен жүгінетін адамдардың басым бөлігі дәл осы темекі тартатын ер адамдар болмақ. Дәрігер ретінде бұл шындыққа сай келетіндігін сенімділікпен айта аламын.

Баршамызға белгілі болып отырғандай, бір темекінің өзінде 4000 жуық зиянды заттек бар, ал темекі түтінінің құрамында одан да көп (сондықтан пассивті шылымқұмарлар да зардап шегуі мүмкін).

Темекі тарту эрекцияға қалайша әсер етеді? Ағзадағы никотиннің мөлшері барған сайын ұлғая береді, бұл өз кезегінде гормондардың, атап айтқанда тестостеронның бөлінуін төмендете түседі. Бәріміз білетіндей, тестостерон, яғни, оның нормасы – ер адамның айнасы іспетті, бұл оның қайраттылығы мен физикалық, сол секілді жыныстық күшінің көрсеткіші болып саналады.

Ер адамдар өздерінің әдеттерін өзгертуге, шылым шегуден бас тартуға дайын емес, олардың барлығы да «сиқырлы дәрінің» берілетінін күтіп отырады. Пациенттерімді қабылдау кезінде жиі айтатын сөзім бар, эрекцияның бұзылуы – бұл, ең алдымен, сіздің өмір сүру салтыңыздың көрінісі, әрі бұл тұста «сиқырлы дәрі» тек қана уақытша әсер ететіні сөзсіз. Әлбетте, олардың барлығы бірдей осы сөздерімді шындап қабылдай бермейді. Сондықтан бүгінгі таңда біз темекі шегуден толықтай бас тартуды насихаттау секілді әдіске келе бастадық, дегенмен, бұл өте ұзақ және әрдайым дерлік нәтиже бермейтін жол. Маман ретінде мен пациенттеріме не ұсына аламын? Түтін шығармайтын темекі өнімдеріне ауысу. Мұның мәні неде? Бұл жерде темекі жанып кетпейді, ол тек қана қыздырылады. Әрі осының нәтижесінде темекі тартудың зияны төмендей түседі. Сондай-ақ болашақта шылым шегуден біржолата бас тарту әлдеқайда жеңілірек болмақ.

ЗИЯНДЫ ТӨМЕНДЕТУ ЖӨНІНДЕГІ БІРНЕШЕ БАТЫСТЫҚ ЗЕРТТЕУ

2021 жылы Public Health England Лондонның Корольдік колледжі жүргізген Ұлыбританиядағы зерттеуге тоқталып өтейік. Міне, осы зерттеудің нәтижесі келесідей: 2020 жылы Англияда темекіден бас тартуға бел буған шылымқұмарлардың қолданған әрі осы бағытта аса зор көмегін тигізген ең танымал құрал никотиндік вейптер (27,2%) болып шықты. 2017 жылы 50 000 астам шылымқұмар вейпингке арналған өнімнің арқасында темекіден біржолата бас тарта алған, не болмаса сол өнімді қолдануды жалғастыра берген екен. 2020 жылы шылым шегушілердің 38% вейпинг темекі тартудың дәл өзіндей зиян келтіреді деп есептесе, шылымқұмарлардың 15% вейпинг темекі тартудан да әлдеқайда зиянды деп санаған, ал темекі тартуды тоқтату бойынша жергілікті қызметтерде темекіні тастау талпыныстары аясында вейпингке арналған өнімдерді қолдану нәтижеге қол жеткізуде ең жоғары, яғни, 2019 және 2020 жылдары 59,7% бастап 74% дейінгі көрсеткішке ие болған.

Осылайша, 2020 жылы Американың FDA басқармасының (АҚШ-тың азық-түлік өнімдері және дәрі-дәрмектердің сапасын бақылау жөніндегі басқармасы) зерттеушілері мынадай қорытындыға келеді: темекіні қыздыруға арналған жүйе темекіні жандырмай, тек қана қыздыратындықтан, ол темекі түтініне қарағанда зиянды және ықтимал залалды химиялық зеттектердің өндірісін айтарлықтай төмендетеді. Сонымен қатар зерттеулер көрсеткендей, қарапайым шлымнан темекіні қыздыруға арналған жүйелерге толықтай ауысу нақты 15 зиянды және ықтимал залалды химиялық заттектердің адам ағзасы үшін әсерін әлдеқайда төмендетеді. Токсикологиялық бағалау да растағандай, темекі түтінімен салыстырғанда ТҚЖ құрылғыларындағы аэрозольдің құрамында тыныс алу немесе репродуктивті жүйелерге зиян келтіре алатын ықтимал канцерогендер мен уландырғыш химиялық заттектер анағұрлым азырақ кездеседі. Сонымен бірге FDA басқармасы қосымшалардың тұтынушыларды түсіну туралы талап етілетін қорытындыларға сәйкес келетіндігін анықтады.

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҒАЛЫМДАР НЕ ДЕЙДІ?

2019 жылы қазақстандық бір топ ғалымдар, темекіге қарағанда, темекіні қыздыруға арналған жүйелерді қолдану денсаулыққа әлдеқайда аз зиян келтіреді деген мәлімдеме жасаған болатын. Мамандар шетелдік әріптестерінің 2018 жылдың ақпан айына дейін жарық көрген мыңға жуық ғылыми-зерттеу жұмыстарын жинақтап, оларды зерделеп шыққан. 11 қазақстандық ғалым ТҚЖ және қарапайым темекі бойынша шетелдік зерттеулердің метаталданымын жүргізген. Осының нәтижесінде, темекімен салыстырғанда, ТҚЖ-дағы ең қауіпті ластаушы заттардың шоғырлануы төмен екендігі белгілі болды.

«Никотиннің өзі темекінің жану үдерісі кезінде бөлініп шығарылатын канцерогендер секілді зиянды емес. Алуан түрлі беделді ұйымдардың жүргізіп жатқан тәуелсіз зерттеулерінің нәтижелері дәлелдеп отырғандай, қарапайым темекінің түтінімен салыстырғанда, ТҚЖ аэрозолінің құрамындағы зиянды заттектердің мөлшері 90–95% аз кездеседі, әрі бұл зиянды айтарлықтай төмендете отырып, темекіні тұтынуға байланысты әртүрлі аурулардың даму қаупін азайтады», – дейді зерттеулерге атсалысқан Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректоры Талғат Нұрғожин.

Зерттеуге кәдімгі шылымдардан темекіні қыздыруға арналған жүйелерге ауысқан адамдар, сонымен қатар жаман әдетінен мүлдем бас тартқандар қатысқан.

Нақ осындай зерттеулер көптеп кездеседі. Әрі олардың барлығы да Батыс елдерінің шылымқұмарлары не дегенмен темекі тартудың салдарынан болатын зиянды шектеуге тырысып, түтін шығармайтын бұйымдарға ауысып жатқандары туралы айтып отыр. Дәл осылай өзіміздің қазақстандық ер адамдар турасында айта алмайтыным өкінішті. Біздердің ер адамдарымыз темекі шегуден бас тартуға әзірше дайын емес. Дегенмен, жоғарыда айтылғанның бәрінен қандай қорытынды жасауға болады: біздер шылымқұмарларды темекі тартудан толықтай әрі біржолата бас тартуға сендіре алмасақ та, алайда, қарапайым темекі шегумен салыстырғанда, түтін шығармайтын темекі бұйымдарына ауысудың зияны әлдеқайда аздау екендігін айтып, оларды сендіре аламыз. Сонымен бірге зиянды неғұрлым көбірек азайта берсек, темекі тартудың салдарынан пайда болған эрекцияның бұзылуы да соғұрлым тезірек қалпына келтіріледі.

Дегенмен, қалыпты эрекциясы бар ер адамдар темекісі бар ер адамдарға қарағанда анағұрлым тартымды көрінеді.

 

Аударған: Рита Сәрсенова

Как вы оцените статью?
[Total: 60 Average: 4.2]