Никотиннің шашыраңқы склерозға әсері: зерттеулер мен жаңалықтар

От пен түтін жоқ болса. Шведтер шашыраңқы склерозды қалай «алдап» кетті

Шашыраңқы склерозды «мың әлпеттің ауруы» деп атайды, себебі әр адамда ол әртүрлі көрініс беруі мүмкін. Қатты асқынып кетсе, пациеттер көп жағдайда мүгедек арбасына таңылады. Басқа сырқаттар кезіндегідей склероздың бұл түріне келгенде де шылымқорлар қатері жоғары топқа кіреді. Тек бір ескеретін жайт бар: кез келген темекі өнімі оның пайда болуына алып келмейді.

ШАШЫРАҢҚЫ СКЛЕРОЗ ДЕГЕН НЕ ЖӘНЕ ОЛ ТУРАЛЫ БІЛІП ЖҮРГЕН НЕГЕ МАҢЫЗДЫ?

Склероз деп әдетте жадының бұзылуын атайды, алайда шашыраңқы склероздың бұған еш қатысы жоқ. Бұл – жүйке жүйесінің аутоиммунды ауруы. Ол пайда болғанда жұлын мен мидағы ақ зат зақымданады. Осының салдарынан адамның жүру-тірек аппараты, айналаны бағдарлау қабілеті, көру және когнитив функциялары нашарлайды. Шашыраңқы склероз емделмейді, бірақ аурудың асқынуын баяулатып, симптомдарын жеңілдететін дәрілер бар.

 

Әлем бойынша шашыраңқы склерозға 2,8 миллионнан астам адам шалдыққан. Әйелдер онымен 2-3 есе жиі ауырады. Қазақстанда бұл көрсеткіш ресми түрде 2000-нан асып кетті, алайда шын мәнінде одан да жоғары болуы, себебі аталған сырқатты анықтау әдісі соңғы жылдары ғана жетілдірілді.

 

Шашыраңқы склероз тек егде адамдарға тән деген жаңсақ пікір бар, негізі көп жағдайда оған 20 мен 50-дің арасындағы адамдар шалдығады. Бұл сырқаттың пайда болуына негізінен бұрын болған инфекциялық аурулар, генетика тұрғысынан бейім болу, қоршаған орта, стресс және D дәруменінің жетіспеушілігі себепші. Алайда көптеген зерттеу шылым шегуді шашыраңқы склероздың пайда болып, асқынуына алып келетін фактор деп атайды.

 

ШЫЛЫМ ШЕГУ ЖӘНЕ ШАШЫРАҢҚЫ СКЛЕРОЗ

Адам шылым шексе немесе бұрын шеккен болса, шашыраңқы склерозға ұшырау ықтималдығы 50%-ға артады. Дереккөздердің көпшілігіне сүйенсек, сырқаттану қатері адамның темекінің қаншалық жиі және ұзақ тартқанына байланысты емес. Бірақ бірнеше ірі зерттеу бұл факторлар мен аурудың пайда болуы арасында тікелей байланыс тапты.

 

Қалай болғанда да, жаман әдетке тәуелді болу ауру адамның күйін нашарлатады, сүйектің сынуы және өкпенің зақымдалуы секілді ілеспе асқынудың қатерін арттырады. Жаңа жаңалық та бар: шылымды қойып кеткен адамда ауру баяу асқынып, нашарлайды.

 

НИКОТИННІҢ БҰҒАН ҚАТЫСЫ ЖОҚ

Шашыраңқы склерозға қатысты зерттеулердің бір бөлігі Швецияда жүрді. Швед темекі мәдениетінің ерекшелігі – снюс. Бұл темекі жастықшасы пошымындағы шегілмейтін темекі өнімі. Оны жоғарғы ерін мен қызыл иектің арасына салады. Никотин ағзаға осылайша түседі.

 

Ғалымдар сюнс қабылдау мен шашыраңқы склероздың пайда болуы арасындағы байланысты зерттеп көреді. Кей зерттеудің нәтижесі снюс қолданудың аталған аурудың пайда болу ықтималдығын арттырмайтынын, керісінше, төмендетінін көрсетті. Мамандар бұған қарап, шашыраңқы склерозға ұшырауға никотин емес, шылымның жануы кезінде бөлінетін басқа заттар әсер етеді деген қорытындыға келді.

 

Әрине, мұны қолмен ұстағандай дәлелдейтін ғылыми деректер жоқ, алайда осы зерттеулерге қарап отырып, түтінсіз электронды құрылғылардың шашыраңқы склероздың пайда болу қатерін кәдімгі темекі секілді арттырмайтынын байқауға болады. Себебі мұнда темекінің жану процесі жоқ.

 

Аталған құрылғылар құрамында никотині бар аэрозоль бөледі, онла улы заттар темекі түтінімен салыстырғанда 95%-ға дейін аз кездеседі. Шылымқор жаман әдетін қоя алмай жүрсе, темекіні қыздыру жүйелері мен электронды темекі ол үшін зияны аз балама әдіс бола алады.

 

НИКОТИН ДӘРІ МЕ?

Тәжірибе барысында ғалымдар никотинің шашыраңқы склероз және басқа аутоиммунды аурулардың асқынуына тосқауыл болатын қабынуға қарсы қасиеттерін анықтады. Әзірге бұл зерттеулер тек ұқсас аутоиммунды аурулары бар тышқандардың көмегімен жүрді.

 

Зерттеушілер тобы тәжірибеге қатысатын хайуандардың тері астында белгілі бір дозадағы никотинді тұрақты жіберіп отыратын шағын үрлегіштер қояды. Уақыт өте келе тышқандарда аурудың жеделдеуі және симпотомдардың ауырлығы баяулап, жеңілдей бастайды. Никотиннің терапевтік мақсатта қолданылуы туралы айту әлі ерте, алайда ғылыми қауымдастық оның әлеуетіне мән беріп отыр.

 

Аударған Димаш Зиядин

Фото дереккөзі Shutterstock

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]